12.08.2022, 16:37 17616

Ауылдар мен шағын қалалардың тұрғындары агрожобаларға шағын несиелер ала алады

Ауылдар мен шағын қалалардың тұрғындары агрожобаларға шағын несиелер ала алады
Сурет: Depositphotos
НҰР-СҰЛТАН. 12 ТАМЫЗ - Қазақстанның ауылдық елді мекендері мен шағын қалаларының тұрғындары агроөнеркәсіптік кешен саласындағы жобаларды іске асыруға шағын несиелер ала алады, деп хабарлайды KAZAKHSTAN TODAY ҚР Премьер-Министрінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
 
ҚР Премьер-Министрі Әлихан Смайылов Үкіметтің "2022 жылға арналған ауылдық елді мекендер мен шағын қалаларда микрокредиттер беру үшін облыстық бюджеттерге несие берудің негізгі шарттарын бекіту туралы" тиісті қаулысына қол қойды. 
 

Қаулы кәсіпкерлік бастаманы дамыту және экономикалық белсенді халықты жұмыспен қамту үшін жағдай жасау арқылы ауылдар мен шағын қалалар тұрғындарының табысын арттыру жөніндегі жұмыс шеңберінде қабылданды. Оны іске асыруға 40 млрд теңге көлемінде бюджет қаражаты көзделген, қаржы агроөнеркәсіптік кешен саласындағы жобаларды микрокредиттеуге бағытталатын болады", - делінген хабарламада.

 
Несиелендіру операторы – "Аграрлық несие корпорациясы" АҚ.
 
Бюджеттік несиелердің мақсатты пайдаланылуын және республикалық бюджетке уақытылы қайтарылуын бақылау ҚР Ауыл шаруашылығы министрлігіне жүктелген.
 
 Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны