05.07.2022, 16:56 18631

ҚазҚСҒЗИ ТМД елдері үшін сейсмикаға төзімді құрылыстағы бірыңғай нормалармен таныстырды

ҚазҚСҒЗИ ТМД елдері үшін сейсмикаға төзімді құрылыстағы бірыңғай нормалармен таныстырды
Сурет: Depositphotos
АЛМАТЫ. 5 ШІЛДЕ - Қазақ құрылыс және сәулет ғылыми-зерттеу және жобалау институтының ("ҚазҚСҒЗИ" АҚ) мамандары ТМД елдерінің сейсмикаға төзімді құрылыстағы бірыңғай нормалар моделінің жобасын ұсынды, деп хабарлайды KAZAKHSTAN TODAY "ҚазҚСҒЗИ" АҚ баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
 
ҚазҚСҒЗИ хабарлағандай, Қырғыз Республикасында (Бішкек қ.) сейсмикаға төзімді құрылыс жөніндегі III Халықаралық ғылыми-практикалық конференция шеңберінде Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығына қатысушы мемлекеттердің сейсмикаға төзімді құрылыс саласындағы Базалық ұйымының (СҚБҰ) көшпелі отырысы өтті.
 

Бастапқы кезеңде бірыңғай нормалар моделінің жобасын жасау бойынша жұмысқа үш елдің: Қазақстан Республикасының, Қырғыз Республикасының, Тәжікстан Республикасының мамандары тартылатын болады, ол үшін жақын арада жеке жұмыс топтары құрылатын болады" - деп түсіндірді СҚБҰ басшысы - "ҚазҚСҒЗИ" АҚ бас директоры Бегман Кульбаев.

 
Сондай-ақ, сейсмикалық тәуекелдер және ұлттық құрылыс кодексі жөніндегі кеңесші, Канаданың сейсмикаға төзімді жобалау жөніндегі комитетінің тұрақты мүшесі доктор Туна Онурдың зерттеуі ұсынылды. Оның Орталық Азия елдерінің сейсмикалық қауіптілігін ықтималды бағалау жұмысы сейсмикаға төзімді құрылыс саласындағы құрылыс нормалары үшін маңызды рөл атқарады.
 
Мына мәселелерге ерекше көңіл бөлінді:
 
- Орталық Азия елдерінің жер сілкіністерінің мұрағаттық акселерограммаларын өңдеу және цифрлау (Қазақстан Республикасы, Қырғыз Республикасы, Тәжікстан Республикасы);
 
- магнитуданың кеңес шкалалары (MSK, Рихтер шкаласы) мен мезеттік магнитуданың (Mw) тікелей аймақтық тәуелділігін дамыту;
 
- жер сілкінісі каталогтарын біріктіру.
 
- Орталық Азия елдерінің зерттелген өңірлерінде әзірленген тәуекел картасы түріндегі жұмыстың алдын ала қорытындылары.
 
Барлық қатысушылар ТМД елдерінің сейсмикаға төзімді құрылысындағы бірыңғай нормалар модельдері доктор Туна Онур мен оның командасының Орталық Азия елдерінің сейсмикалық қауіптілігін ықтималды бағалау бөлігінде жүргізіп жатқан жұмыстарының қисынды жалғасы болып табылады деген пікірмен бірауыздан келісті.
 
Анықтама үшін:
 
ТМД-ға қатысушы мемлекеттердің сейсмикаға төзімді құрылысы саласындағы Базалық ұйым мәртебесі 2019 жылы "ҚазҚСҒЗИ" АҚ-ға берілді. Ұйым ТМД елдерінің сейсмикалық қауіпті аумақтарындағы құрылыс кезінде қауіпсіздіктің жоғары деңгейін қамтамасыз ету үшін мемлекеттер арасындағы ынтымақтастықты дамытумен айналысады.
 
 "ҚазҚСҒЗИ" АҚ - аса күрделі инженерлік-геологиялық жағдайлары бар аудандар мен сейсмикалық қауіпті өңірлерді қоса алғанда, Қазақстан құрылысын дамыту саласындағы Қазақстандағы жалғыз мемлекеттік ғылыми-зерттеу және жобалау институты. Институт 1931 жылы 7 қыркүйекте құрылды.
 
 Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны