09.02.2023, 12:59 46326

Қазақстан алтын экспортынан рекордтық табыс алды

Қазақстан алтынын сатудан түсетін табыс өсімінің маңызды факторы әлемдік нарықтағы қолайлы жағдай болды
Қазақстан алтын экспортынан рекордтық табыс алды
Сурет: Depositphotos
Астана. 9 ақпан. KAZAKHSTAN TODAY - Қазақстанның алтын экспортынан түсетін табысы өсті.

Finprom.kz порталының мәліметінше, 2022 жылдың қаңтар-қараша айларында қазақстандық экспорттаушылар шетелге жалпы сомасы 66,9 млн АҚШ долларына 4,2 тонна өңделген және өңделмеген алтын жөнелтті. Бұл 2021 жылы толық экспортталған алтын көлемімен шамалас. Дегенмен, ақшалай алғанда өсім бірден 88 пайызды құрады.

Бір қызығы, 2022 жылы қазақстандық алтын экспортының құрылымы өзгерді. Егер 2017-2021 жылдары сары металдың негізгі сатып алушысы Қырғызстан болатын. Өткен жылы да осы елге экспорт көлемі физикалық мәнде 52,5 пайызды немесе 2,2 тоннаны құрады. Бірақ Ресей ақшалай ең көп сатып алды. Яғни, сатылған алтынның 41,2 млн доллары Ресейге, ал 25,7 млн доллары Қырғызстанға тиесілі.

Қазақстан алтынын сатудан түсетін табыс өсімінің маңызды факторы әлемдік нарықтағы қолайлы жағдай болды. World Gold Council халықаралық ұйымының дерегінше, 2022 жыл соңғы онжылдықта осы бағалы металға ерекше инвестициялық сұраныс артты.

Былтыр әлемде 4 742 тонна алтын сатылды. Бұл 2021 жылмен салыстырғанда 18 пайызға артық. Оның үстіне, бұл негізінен әртүрлі елдердің орталық банктері тарапынан осы активке сұраныстың артуына байланысты. Тұрақсыздық пен пессимистік болжамдар аясында олар 1 136 тонна алтын сатып алды.

Сұраныстың артуы бағаға да әсер етті. Өткен жылы сату үшін ең қолайлы уақыт наурыз-сәуір айлары болды. Ол кезде алтынның бір унциясының құны 1,9 мың доллардан жоғары болған. Баға ең төмен уақыт қыркүйек-қазан айларында тіркелді. Онда бір унция бағамы 1,65-1,63 мың долларға дейін төмендеді.

2023 жылдың қаңтар айының соңындағы жағдай бойынша бұл активтің бір унциясы 1,92 мың доллар тұрады. Бұл бір жыл бұрынғыдан 7,3 пайызға жоғары.

Ақпарат көзі: inform.kz
 

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.


МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны