03.04.2023, 09:42 24381

Қазақстан Үкіметінде санкциялық саясаттың сауда ағындарына әсері талқыланды

Смайылов уәкілетті мемлекеттік органдарға бірқатар тапсырмалар берді
Қазақстан Үкіметінде санкциялық саясаттың сауда ағындарына әсері талқыланды
Сурет: primeminister.kz
Астана. 3 сәуір. KAZAKHSTAN TODAY - Сенбі, 1 сәуір күні ҚР Премьер-Министрі Әлихан Смайылов Қазақстанның сыртқы саудасының өзекті мәселелері бойынша кеңес өткізді, деп хабарлады ҚР Премьер-Министрінің баспасөз қызметі.
 
Атап айтқанда, Үкімет басшысына санкциялық саясаттың еліміздің сауда ағындарына әсері, оның ішінде сауда құрылымындағы өзгерістер мен тауарларды жеткізу логистикасы туралы баяндалды.
 

Әлихан Смайылов мемлекеттік уәкілетті органдарға жағдайды бақылауда ұстап, сауда тәртібін бұзу фактілеріне байланысты жедел әркет етуді, сондай-ақ бизнес өкілдерімен кеңінен түсіндіру жұмыстарын жүргізуді тапсырды", - деп хабарлады баспасөз қызметі.

 
Бұған дейін Қазақстанда үш апта қатарынан әлеуметтік маңызы бар азық-түлік бағасының төмендеуі тіркелгені хабарланған болатын.
 

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.


тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны