04.04.2025, 17:53 94836

Қазақстан мен Польша арасында автомобиль көлігімен жүк тасымалдау көлемі өсті

Көлік министрлігі ғимаратында халықаралық автомобиль тасымалдары жөнінде Казақстан-Польша аралас комиссиясының кезекті отырысы өтті, деп хабарлайды Қазақстан Республикасы Көлік министрлігінің баспасөз қызметінен.

Тараптар Қазақстан мен Польша арасындағы жүк тасымалдарының көлемі туралы ақпарат алмасып, екі ел арасында автомобиль көлігімен жүк тасымалы көлемі ұлғайғанын атап өтті. 2024 жылдың қорытындысы бойынша екі мемлекет арасында автомобиль көлігімен жүк тасымалдары көлемі 5%-ға өсіп, жалпы көрсеткіш 360 мың тонна жүкті құрады.

Келіссөз барысында екі жақ ынтымақтастықты одан әрі дамыту мәселелерін талқылады. Мәселен, шетелдік рұқсат беру бланкілерін электрондық форматқа ауыстыру және 2025 жылға арналған шетелдік бланкінің нақты квотасы бекітілді.

Кездесуді қорытындылай келе екі ел мамандары бірлескен жұмыстың маңызын атап өтіп, автомобиль көлігі саласында ынтымақтастықты одан әрі нығайтатындарын айтты. Отырыс қорытындысы бойынша арнайы хаттамаға қол қойылды.
 

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.


МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны