30.09.2022, 14:51 17246

Қазақстан мен Сауд Арабиясы арасындағы әуе рейстері 3 еседен астам ұлғайтылды

Екі мемлекет арасындағы тұрақты жолаушылар рейсінің саны 3 еседен астам өсті – аптасына төрттен он төртке дейін.
Қазақстан мен Сауд Арабиясы арасындағы әуе рейстері 3 еседен астам ұлғайтылды
Сурет: ҚР ИИДМ ААК
АСТАНА. 30 ҚЫРКҮЙЕК - Монреальда өткен Халықаралық азаматтық авиация ұйымы Ассамблеясының 41-сессиясы аясында қазақстандық делегация мен Сауд Арабиясы Корольдігінің авиациялық билігі хаттамаға қол қойды, оған сәйкес екі мемлекет арасындағы тұрақты жолаушылар рейсінің саны 3 еседен астам өсті – аптасына төрттен он төртке дейін, деп хабарлайды KAZAKHSTAN TODAY ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігі Азаматтық авиация комитетінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
 
Қазақстан тарапы 2022-2023 жылдардағы күзгі және қысқы навигациялық маусымда бірқатар отандық әуе компаниялары тұрақты жолаушылар тасымалын ұйымдастыруды жоспарлап отыр. Атап айтқанда, "Air Astana" Алматы – Медина бағытында, "Fly Arystan" Ақтау – Медина бағыттарында аптасына жиілігі 2 реттен тұрақты рейстер орындамақ. Сондай-ақ отандық SCAT компаниясы да аптасында 2 рет Алматы –Джидда бағытында әуе тасымалын ұйымдастыруды жоспарлауда.
 
Ал саударабиялық Fly Nas әуе тасымалдаушысы Джидда – Алматы бағытында тұрақты рейс ашуды жоспарлап отыр.
 
Кездесу соңында делегация өкілдері тікелей әуе қатынастарының ашылуы мемлекеттер арасындағы өзара қарым-қатынасты нығайтуға елеулі үлес қосатынын атап өтіп, бұл тараптағы жұмыстарды одан әрмен жалғастыруға уағдаласты.
 
 Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны