28.03.2022, 18:44 14811

Қазақстан мен Қытай арасында теміржол көлігімен жүк тасымалдау көлемі 17% артады

Қазақстан мен Қытай арасында теміржол көлігімен жүк тасымалдау көлемі 17% артады
Сурет: Depositphotos
НҰР-СҰЛТАН. 28 НАУРЫЗ - ҚР мен ҚХР арасында теміржол көлігімен жүк тасымалдау көлемі 17% артады. Бейнеконференцбайланыс режимінде ТЖЫҰ-ның Жүк тасымалдары жөніндегі комиссиясының отырысы болып өтті, деп хабарлайды KAZAKHSTAN TODAY "Қазақстан темір жолы" ҰК" АҚ баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
 

Кеңеске қатысушылар 2022 жылға арналған экспорттық, импорттық және транзиттік жүктерді теміржол көлігімен тасымалдау көлемдерімен келісті. Жүктерді тасымалдаудың келісілген көлемін орындау жөніндегі техникалық және ұйымдастырушылық іс-шаралар қаралды", - деп хабарлады ҚТЖ ҰК баспасөз қызметі.

 
ҚР мен ҚХР арасындағы екіжақты кеңес барысында жүк тасымалдау көлемін өткен жылмен салыстырғанда 17,6% арттыру туралы уағдаластыққа қол жеткізілді.
 
Отырыстың жұмысына Қазақстан, Вьетнам, Моңғолия, Ресей, Өзбекстан және Корея теміржол әкімшіліктерінің өкілдері қатысты. Қазақстандық делегацияны "ҚТЖ-Жүк тасымалы" ЖШС Бас директорының Маркетинг және жоспарлау жөніндегі орынбасары Ерсін Хасенов басқарды.
 
 Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны