03.06.2024, 15:51 45741
Қазақстан мен Қытай мыс балқыту зауытын салу туралы келісімге қол қойды
Достарға айту
Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі Олжас Бектенов және China Nonferrous Metal Mining Co. Ltd. Директорлар кеңесінің төрағасы Си Чжэнпин мыс саласындағы ынтымақтастық мәселелерін талқылады, деп хабарлайды Үкіметтің баспасөз қызметінен.
Кездесу нәтижесінде ҚР Премьер-Министрі Олжас Бектеновтің қатысуымен жылдық қуаты 300 мың тонна болатын мыс балқыту зауытын салу туралы келісімге қол қойылды. Келісімге тапсырыс беруші ретінде әрекет ететін "Kaz Minerals Smelting" ЖШС, технологиялық жабдықты жобалау және сатып алу қызметтерін жеткізуші компания China Nonferrous Metal Industry's Foreign Engineering and Construction Co., Ltd. (NFC), сондай-ақ құрылыс және іске қосу-жөндеу жұмыстарының мердігері "NFC Kazakhstan" ЖШС компаниялары арасында қол қойылды.
Зауыт Абай облысындағы Ақтоғай кентінің маңында салынады. Шикізат көзі Бозшакөл және Ақтоғай тау-кен байыту кешендерінің, "Шығыстүстімет" ЖШС байыту фабрикаларының мыс концентраты болмақ. Зауыт құрылысының қорытындысы бойынша әлемдегі ең ірі мыс кеніштерінің бірін және қазіргі заманғы мыс балқыту өндірісін біріктіретін кластер құрылатын болады. Алдын ала құны $1,5 млрд болатын жобаның пайдалану кезеңінде 1000-нан астам жаңа жұмыс орны ашылады. Жоба 2028 жылдың соңына дейін пайдалануға беріледі.
Жоғары технологиялық өнім шығаратын кәсіпорын республикадағы ең ірі өндіріс орнына айналмақ. Мыс балқыту өндірісі саласында қолданылатын технологиялар әлемдік экологиялық стандарттарға сәйкес келеді.
Кәсіпорын нарықтың құрамында мыс бар шикізат пен катодты мыс өңдеуге деген ішкі қажеттіліктерін қамтамасыз етеді. Айта кету керек, катодты мыс электр энергетикасында, машина жасауда және басқа да өнеркәсіп салаларында кеңінен қолданылады. Сонымен қатар жаңа зауыт тазартылған алтын, күміс және күкірт қышқылын шығаруды жоспарлап отыр.
Мемлекет басшысы орнықты экономикалық өсім міндетін қойды. Жаңа мыс балқыту зауытының құрылысы - елімізде өндірілетін мыс шикізатын қайта өңдеу көлемін арттыруға мүмкіндік беретін және экономикаға елеулі үлес қосатын ірі индустриялық жоба. Мыс саласы біздің өнеркәсіптің басым секторларының бірі және біз үшін оның қарқынды дамуы өте маңызды", - деп атап өтті Олжас Бектенов.
Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.
тақырып бойынша жаңалықтар
22.12.2025, 18:12 3901
"Петромидия" мұнай өңдеу зауытының негізгі операциялық көрсеткіштері тұрақты өсіп келеді
Сурет: t.me/kmgpress
Достарға айту
Алдын ала бағалауға сәйкес, 2025 жылы Румыниядағы "Петромидия" мұнай өңдеу зауытында 5,88 млн тонна шикізат өңдеу жоспарланып отыр, бұл 2024 жылғы көрсеткіштен 27% жоғары. Жеңіл мұнай өнімдерін шығару көлемі 87% деңгейінде күтілуде. Көрсеткіштердің өсуі технологиялық режимдерді оңтайландыру, операциялық тиімділікті арттыру және өңделетін шикізат құрылымын жақсарту есебінен қамтамасыз етілді, деп хабарлайды ҚазМұнайГаз баспасөз қызметінен.
Биылғы 11 айдың қорытындысы бойынша өнім шығару көлемі былтырғы жылдың осындай кезеңімен салыстырғанда едәуір артты:
- авиациялық отын - 528 мың тонна (өсім 48%);
- бензин - 1,51 млн тонна (өсім 35,4%);
- дизель отыны - 2,28 млн тонна (өсім 24%).
Кәсіпорын энергия тиімділігіне ерекше ден қояды, мұны энергетикалық қарқындылықтың (EII) 92,75-ке дейін төмендеуі растап отыр. Өнеркәсіптегі қауіпсіздік және еңбекті қорғау саласында зауыт жарақат алудың "нөлдік" деңгейін және оқыс оқиғалар болмауының тұрақты көрсеткіштерін сақтап келеді.
Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.
22.12.2025, 14:01 4161
ШҚО-да 1075 басқа арналған жаңа сүт-тауарлы ферма ашылды
Сурет: gov.kz
Достарға айту
Шығыс Қазақстан облысының әкімі Алтай ауданына жұмыс сапарымен барды, деп хабарлайды Шығыс Қазақстан облысының әкімдігінің баспасөз қызметінен.
Полянское ауылында 1075 басқа арналған сүт-тауарлы фермасының салтанатты ашылу рәсімі өтті.
Жаңа нысан "Мойылды-Байқоңыр" ЖШС жүзеге асырып жатқан ауқымды инвестициялық жоба аясында салынды. Кәсіпорын ауыл шаруашылығы саласында 21 жылдан бері табысты жұмыс істеп келеді.
Жобаның жалпы инвестиция көлемі 10,151 млрд теңгені құрайды, оның ішінде 5,4 млрд теңгеден астамы - кәсіпорынның өз қаражаты.
Құрылыс жұмыстары өткен жылдың сәуір айында басталып, 2025 жылдың қараша айында аяқталды.
Жобаның бас мердігері - "ШығысАгроХолдинг" ЖШС. Қазіргі таңда нысанда заманауи жабдықтар орнатылып, қажетті техника сатып алынған. Сондай-ақ жемшөп базасын дамыту бағытында қарқынды жұмыс жүргізілуде.
Алдағы уақытта ферма жоғары өнімді техникамен толық жабдықталып, голштин тұқымындағы асыл тұқымды ірі қара әкелу көзделіп отыр.
Жоба іске қосылғаннан кейін кәсіпорында жылына 6 мың тоннаға дейін сүт өндіру жоспарланған. Қазіргі уақытта компанияда 82 адам тұрақты жұмыспен қамтылған. Жоба "Ертіс" әлеуметтік-кәсіпкерлік корпорациясының қолдауымен іске асырылуда.
Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.
22.12.2025, 12:33 10351
Кувейтте Қазақстанның экономикалық, инвестициялық және туристік әлеуеті таныстырылды
Сурет: gov.kz
Достарға айту
Қазақстан Республикасының Кувейт Мемлекетіндегі Елшілігі Кувейттің бұқаралық ақпарат құралдарының өкілдері үшін "Kazakhstan - a country of opportunities" атты брифинг өткізді, деп хабарлайды Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігінің баспасөз қызметінен.
Іс-шара барысында Қазақстан Республикасының Кувейт Мемлекетіндегі Елшісі Ержан Елекеев журналистерді Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың Қазақстан халқына Жолдауының негізгі бағыттары туралы хабардар ете отырып, тұрақты экономикалық өсудің, цифрлық трансформацияның, жасанды интеллектті енгізудің, сондай-ақ инвестициялық ахуалды одан әрі жетілдірудің стратегиялық басымдықтарына тоқталды.
Елші Қазақстан Орталық Азияның ірі экономикасы бола отырып, инвесторларға тұрақты, ашық және болжамды іскерлік ортаны ұсынатынын атап өтті. Ол 2024 жылдың қорытындысы бойынша елдің жалпы ішкі өнімі шамамен 291 млрд АҚШ долларын құрағанына, ал тәуелсіздік алғаннан бері тартылған тікелей шетелдік инвестициялардың жиынтық көлемі 474 млрд АҚШ долларынан асты, бұл аймақтағы барлық ТШИ-дің жартысына жуығына тең екендігіне назар аударды.
Брифинг барысында Қазақстанның туристік әлеуетіне ерекше назар аударылды. Елші еліміздің бай мәдени-тарихи мұрасының бірегей үйлесімін, табиғи ландшафттардың алуан түрлілігін, сондай-ақ заманауи туристік инфрақұрылымның үдемелі дамуын атап өтті. Дипломат 2024 жылы Қазақстанға Кувейт Мемлекетінен 4 мыңға жуық турист келгенін хабардар етті. Бұл 2022 жылғы көрсеткіштерден бес есе артық және Қазақстанға заманауи, жайлы және тартымды туристік бағыт ретінде қызығушылықтың тұрақты өсуін айқын көрсетеді.
Брифинг аясында журналистерге Қазақстанның барлық өңірлерінің туристік және мәдени көрікті жерлерін көрсететін бейнематериалдар ұсынылды, олар іс-шараға қатысушылар тарапынан қызу қызығушылық тудырды.
Іс-шара соңында Елші Қазақстан Республикасының Кувейт Мемлекетімен экономика, инвестициялар және туризм салаларындағы екіжақты ынтымақтастықты одан әрі нығайтуға мүдделілігін растады.
Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.
19.12.2025, 20:02 36776
Қазақстан мен Солтүстік Македония инвестициялық және сауда-экономикалық ынтымақтастықтың перспективаларын талқылады
Сурет: gov.kz
Достарға айту
Қазақстанның Солтүстік Македониядағы Елшісі Сатыбалды Бұршақов Шетелдік инвестициялар және экспортты ілгерілету агенттігінің директоры Рефик Джемайлимен кездесті, деп хабарлайды Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігінің баспасөз қызметінен.
Қазақстан Елшісі македон тарапын Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың басшылығымен еліміздегі саяси және экономикалық реформалармен таныстырды, сондай-ақ Мемлекет басшысы Жолдауының негізгі ережелері туралы хабардар етті.
С.Бұршақов жаңа Жолдаудың тұжырымдамалық шеңбері елдің терең цифрлық трансформациясы, экономиканы әртараптандыру және цифрландыру, жасанды интеллектті дамыту идеясы болғанын атап өтті.
Президент Гордана Силяновска-Давкова мен Сыртқы істер және сыртқы сауда министрі Тимчо Муцунскидің ағымдағы жылдың мамыр-маусым айларында Астанаға жұмыс сапарлары барысында маңызды уағдаластықтар аталып өтті.
Ең алдымен, бұл іскерлік кеңес құру, бизнес-форум өткізу, екіжақты сауданы ұлғайту.
Агенттік басшылығы Қазақстан Республикасына шетелдік инвестицияларды тарту жөніндегі Елшіліктің презентациямен қызығушылықпен танысып, сауда-экономикалық ынтымақтастық саласында жоғары деңгейде қол жеткізілген өзара уағдаластықтарды ілгерілетуге жәрдемдесуге дайын екенін білдірді.
Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.
19.12.2025, 15:52 36061
ҚМГ зауыттарының мұнай өңдеу және мұнай өнімдерін шығару көлемі ең жоғары тарихи межеге жетті
Достарға айту
Шымкент қаласында "ҚазМұнайГаз" ҰК АҚ (ҚМГ) Басқарма төрағасы Асхат Хасенов ҚМГ-ның негізгі мұнай өңдеу және мұнай-химия активтерінің өндірістік қызметіне қатысты жиналыс өткізді. 2025 жылдың алдын ала қорытындысы шығарылып, 2030 жылға дейінгі жоспарлар қаралды, деп хабарлайды ҚазМұнайГаз.
Жиын барысында Асхат Хасенов ҚМГ-ның мұнай өңдеу зауыттарының жоғары көрсеткіштерін атап өтті.
Биылғы 11 айда зауыттарымыз ең жоғары межеге жетті - 16,6 млн тонна мұнай өңделді. МӨЗ ұжымдарының жұмыла жұмыс істеуінің арқасында өңдеу көлемін ұлғайтып қана қоймай, жеңіл мұнай өнімдерінің шығару деңгейін едәуір арттырдық. Нәтижесінде елімізді қажетті отын көлемімен қамтамасыз еттік", - деді ҚМГ басшысы.
2024 жылы өңдеу көлемі 17,45 млн тонна болса, 2025 жылы 18,16 млн тоннаны құрайды деп күтіледі. Негізгі жетістік - дизель отыны рекордтық деңгейде өндірілді. 2025 жылдың қорытындысы бойынша 6,1 млн тонна дизель отынын шығарылады деп жоспарлануда - бұл өткен жылмен салыстырғанда 800 мың тоннаға артық. Автомобиль бензині бойынша да оң динамика тіркелді, өсім 400 мың тоннаны құрады. Бұл ішкі нарықтағы тапшылықтың алдын алуға мүмкіндік берді.
Жеңіл мұнай өнімдерінің барлық түрі бойынша едәуір өсім тіркелді, олардың көлемі 2025 жылдың қорытындысы бойынша 13,6 млн тоннаға дейін өседі (2024 жылмен салыстырғанда 1,2 млн тоннаға көп). Операциялық тиімділіктің артуына байланысты Қазақстандағы ҚМГ тобы бойынша жеңіл мұнай өнімдерін шығарудың жалпы көрсеткіші 2025 жылы 78%, ал мұнай өңдеу тереңдігі 90% деңгейінде күтіледі.
Жиын барысында әр кәсіпорынның жұмыс нәтижелері қаралды. "ПетроҚазақстан Ойл Продактс" ЖШС сапа көрсеткіштері бойынша көш бастап келеді: 2025 жылы өңдеу 6,23 млн тоннаны құрап, жеңіл мұнай өнімдерін шығару көлемі 81,5% жетеді. Зауыт өндірістік қуатты 12 млн тоннаға кеңейту жөніндегі стратегиялық жобаға қатысты жұмысын жалғастыруда, бұл еліміздегі энергетикалық қауіпсіздіктің негізгі факторына айналмақ.
Өз кезегінде "Атырау мұнай өңдеу зауыты" ЖШС (АМӨЗ) 2025 жылдың қорытындысы бойынша 5,47 млн тоннаны өңдейді. Кәсіпорын жеңіл мұнай өнімдерін шығару көрсеткішін 77% деңгейіне жеткізуді көздеп отыр. АМӨЗ жоспарлы алдын алу жұмыстарын сәтті аяқтап, өндіріс процесіне цифрлық шешімдерді жан-жақты енгізіп келеді.
Павлодар мұнай-химия зауыты" ЖШС (ПМХЗ) жоспарлы алдын алу жұмыстарын мерзімінен бұрын аяқтап, нарықты қосымша отын көлемімен қамтамасыз етті. Қазіргі уақытта кәсіпорын пайдаланудың жөндеуаралық кезеңін ұлғайту жөніндегі жобаны белсенді іске асыруда. Бұл шаралар кешені өндірістің сенімділігі мен тиімділігін арттыруға бағытталған. Ол жабдықтар мен негізгі тораптарды техникалық тұрғыдан жаңартуды, шикізат ағындарының конфигурациясын өзгертуді, сондай-ақ заманауи автоматтандырылған басқару жүйелерімен жабдықтауды қамтиды. Биылғы жұмыстың қорытындысы бойынша ПМХЗ 5,76 млн тоннаны өңдеуді жоспарлап отыр. Сонымен қатар жеңіл мұнай өнімдерін шығару көлемі 74% деңгейінде болады деп күтілуде.
Жол-құрылыс саласын дамытуға "CASPI Bitum" БК" ЖШС елеулі үлес қосып келеді. Ауқымды жаңғыртудан кейін зауыт жылына 750 мың тонна битум шығаруға қауқарлы болды. Бүгінде кәсіпорын отандық компанияларды сапалы өніммен қамтамасыз етуде.
Жиынға қатысушылар мұнай-газ химиясындағы жетістіктерге ерекше назар аударды. "Kazakhstan Petrochemical Industries Inc." ЖШС (KPI) газ-химия кешені өндіріс көрсеткіштерін арттырып келеді: 2024 жылы 245,4 мың тонна өнім шығарылса, 2025 жылдың 11 айында ғана полипропилен өндіру көлемі 336,8 мың тоннаға жетті.
Жалпы, KPI іске қосылғалы нарықтағы жағдай түбегейлі өзгерді: Қазақстанның полипропилен бойынша импортқа тәуелділігі 2022 жылғы 63%-дан жыл соңына қарай болжамды 5% дейін төмендеді. Отандық зауыттың ішкі нарықтағы үлесі 70% асты, ал полипропилен түрлері 15 маркаға дейін кеңейді, соның ішінде премиум сұрыптары бар.
Жиын соңында Асхат Хасенов кәсіпорындарға үздіксіз әрі тұрақты жұмысты қамтамасыз ету және стратегиялық инвестициялық жобаларды іске асыруды күшейту бойынша нақты міндеттер жүктеді.
Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.
16.12.2025, 15:39 120446
Түркістан облысында қуаты 300 МВт болатын күн электр станциясының құрылысы басталды
Сурет: gov.kz
Достарға айту
Түркістан облысы Сауран ауданы Оранғай ауылдық округінде қуаты 300 МВт болатын ірі күн электр станциясының құрылысы ресми түрде басталып, уақыт капсуласын салу рәсімі өтті, деп хабарлайды Түркістан облысының әкімдігінің баспасөз қызметінен.
Аталған жоба - өңірдегі жаңартылатын энергия көздерін дамытуға бағытталған ең ауқымды бастамалардың бірі. Күн электр станциясының іске қосылуы аймақтың энергетикалық әлеуетін арттырып, жасыл энергетика үлесін ұлғайтуға, сондай-ақ жаңа жұмыс орындарын ашуға мүмкіндік береді.
Салтанатты жиында Түркістан облысының әкімі Нұралхан Көшеров құттықтау сөз сөйлеп, жобаның өңір үшін стратегиялық маңызын атап өтті. Оның айтуынша, бұл бастама облыс экономикасының әртараптануына, инвестициялық тартымдылықтың артуына және экологиялық таза энергия өндіруге жол ашады.
Бүгін өңіріміздің ғана емес, бүкіл еліміздің энергетикалық қауіпсіздігі мен "жасыл экономикаға" көшу жолындағы маңызды жобалардың бірі - қуаты 300 МВт болатын күн электр станциясының іргетасын қалау рәсіміне жиналып отырмыз. Түркістан облысы - ауа температурасы ең жоғары аймақтардың бірі. Сондықтан жаңартылатын энергия жобаларын дамыту, күн қуатын пайдалану - өңіріміз үшін аса тиімді әрі болашағы бар бағыт. Аталған жобаны жүзеге асыру үшін құйылатын инвестиция құны шамамен 160 млрд. теңгені құрайды. Жоба аясында 500-ге жуық жұмыс орны ашылады деп көзделуде және жергілікті тұрғындар жұмыспен қамтамасыз етіледі. Бүгінгі бастама - экологиялық таза, тұрақты даму жолына түскен Түркістанның болашағына салынған инвестиция. Бұл жоба облысымыздың энергия инфрақұрылымын нығайтып қана қоймай, халықаралық инвесторлар үшін өңірдің тартымдылығын арттыра түседі. Осы жобаны жүзеге асыруға қолдау көрсеткен Қазақстан Республикасының Президентіне, Үкіметіне, барлық министрліктер мен мекемелерге, сондай-ақ серіктес компания "Energy China" басшылығына алғыс айтқым келеді. Ынтымақ пен сенімге негізделген серіктестігіміз алдағы уақытта да табысты жалғаса беретініне сенімдімін. Бүгінгі салтанатты рәсім - үлкен жұмыстың бастамасы. Жобаның табысты жүзеге асуына тілектеспін", - деді Нұралхан Көшеров.
Бейнебайланыс арқылы сөйлеген "Самұрық-Қазына" ұлттық әл-ауқат қоры" АҚ Басқарма төрағасы Нұрлан Жақыпов қор тарапынан жаңартылатын энергия жобаларына жүйелі қолдау көрсетіліп келе жатқанын айтып, 300 МВт-тық күн электр станциясы Қазақстанның энергетикалық қауіпсіздігін нығайтуға елеулі үлес қосатынын жеткізді.
Қытай Халық Республикасының Қазақстандағы Төтенше және Өкілетті Елшісі Хань Чуньлинь бұл жобаны Қазақстан мен Қытай арасындағы стратегиялық серіктестіктің жарқын үлгісі ретінде атап, жасыл энергетика саласындағы бірлескен бастамалардың маңызына тоқталды.
Сонымен қатар бейнебайланыс "China Energy Group" президенті Ни Чжэн сөз сөйлеп, жобаның ұлттық энергетика саласы үшін мәні мен халықаралық әріптестікті дамытудағы рөлін атап өтті.
Жиында "Самұрық-Энерго" АҚ Басқарма төрағасы Қайрат Мақсұтов жоба компанияның төмен көміртекті генерацияға және заманауи энергия жүйесін дамытуға кезең-кезеңмен көшу жөніндегі стратегиясының маңызды бөлігі екенін атап өтті: "Самұрық - Энерго" үшін бұл станцияны салу - инвестициялық жоба ғана емес, сонымен қатар еліміздің ұзақ мерзімді орнықты дамуына қосқан үлесі. Біз серіктестерімізбен бірлесе отырып, объектіні ең жоғары сапа мен сенімділік стандарттарына сәйкес іске асыра алатынымызға сенімдіміз", деді.
China Energy Engineering Overseas Investment Company" директорлар кеңесінің төрағасы Линь Сяодань жобаның техникалық, экологиялық және инвестициялық қырларына тоқталып, оны сапалы әрі белгіленген мерзімде іске асыруға дайын екендерін мәлімдеді.
Капсуланы салу құрметі Түркістан облысының әкімі Нұралхан Көшеровке, "Самұрық-Энерго" АҚ Басқарма төрағасы Қайрат Мақсұтовқа және "China Energy Engineering Overseas Investment Company" директорлар кеңесінің төрағасы Линь Сяоданьға берілді.
Аталған күн электр станциясы толық іске қосылғаннан кейін Түркістан облысында жаңартылатын энергия көздерінің үлесі артады. Сонымен бірге инвестиция тартуға, зауыттар ашуға қажетті энергия көзі молайып, өңірдің тұрақты әрі экологиялық қауіпсіз дамуына серпін береді.
Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.
16.12.2025, 14:37 120811
Испаниялық компания Қызылорда облысындағы зауыт құрылысына 44 млрд теңге инвестиция салады: инвестициялық келісімге қол қойылды
Сурет: gov.kz
Достарға айту
Қызылорда облысында 44 млрд теңгеден астам сомаға заманауи санитарлық-техникалық өнімді өндіру және құрастыру зауытын салуға арналған инвестициялар туралы келісім жасалды. Оған бір тараптан өнеркәсіп және құрылыс министрі Ерсайын Нағаспаев пен Қызылорда облысының әкімі Нұрлыбек Нәлібаев, екінші тараптан испаниялық Roca Group компаниясының еншілес кәсіпорны - "РОКА Қазақстан" ЖШС бас директоры Даниэль Эрнандес қол қойды, деп хабарлайды Үкіметтің баспасөз қызметінен.
Жоба Қазақстан Республикасы Президентінің өңдеуші өнеркәсіпке инвестициялар тарту және импортты алмастыру жөніндегі мақсаттарға қол жеткізу үшін локализациялауды арттыру бойынша қойған міндеттеріне сәйкес жүзеге асырылуда.
Зауыт керамикалық санитарлық өнімдерді, жуынатын бөлмелерге арналған жиһаздарды және өзге де бұйымдарды өндіруге және құрастыруға маманданатын болады. Құрылыс жұмыстары 2026 жылдың бірінші тоқсанында басталады деп жоспарлануда. Жоба шеңберінде 300-ге жуық жаңа тұрақты жұмыс орындарын ашу, сондай-ақ қазақстандық мамандарды оқыту және біліктілігін арттыру көзделген.
Кәсіпорын үдерістерді автоматтандырудың жоғары деңгейі бар және экологиялық қауіпсіздіктің әлемдік стандарттарына сәйкес келетін санитарлық-техникалық өнімдерді шығару бойынша Қазақстандағы алғашқы өндіріс болмақ.
Жобалық қуаттылығы жылына 500 мың бұйымды құрайды. Шығарылатын өнімді Қазақстанның ішкі нарығына жеткізу және Орталық Азия елдеріне экспорттау жоспарлануда.
Зауытты іске қосу қосылған құны жоғары өнім өндірісін ұлғайтуға және Қазақстанның экспорттық әлеуетін кеңейтуге мүмкіндік береді.
Айта кету керек, инвестициялар туралы келісім жасасу жоспары Премьер-министр Олжас Бектенов пен Roca Group Директорлар кеңесінің төрағасы Сантьяго де Гомар Роктың осы жылдың маусым айындағы кездесуі барысында талқыланған болатын. Осылайша, құжатқа қол қойылуы және жұмыстардың басталуы ел экономикасының инвестициялық тартымдылығын арттыру жөніндегі жүйелі шаралардың нәтижесін және инвесторлар сенімінің жоғары деңгейін көрсетеді.
Құжатқа қол қою барысында Roca Group өкілдері Қазақстан олар үшін стратегиялық маңызды нарық болып саналатынын атап өтті. Қазақстандағы қолайлы инвестициялық ахуалға оң баға берді.
Анықтама: Roca Group - 100 жылдан астам тарихы бар, сантехникалық жабдықтарды өндіру саласындағы әлемдік көшбасшылардың бірі. Компания бүкіл әлем бойынша 78 өндірістік алаңды басқарады, онда 20 мыңнан астам қызметкер жұмыс істейді. Өнімдері 170-тен астам елге тарайды және жоғары сапалы, инновациялық шешімдер мен еуропалық стандарттарға сәйкес болғаны үшін кеңінен танымал.
Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.
15.12.2025, 18:24 121021
9 апатты энергия көзі жөнделді, жылу желілерінің тозуы 25%-ға төмендеді
Сурет: primeminister.kz
Достарға айту
Үкіметтің 2025 жылғы жұмысының қорытындысын шығару бойынша Astana Hub-та өткен баспасөз конференциясында энергетика министрі Ерлан Ақкенженов жылыту маусымын өткізу бойынша жүргізіліп жатқан жұмыстар туралы айтты, деп хабарлайды Үкіметтің баспасөз қызметінен.
Есепті кезеңде энергетика саласында ең маңызды нәтижелерге қол жеткізілді - инфрақұрылымның ұзақ жылдар бойы созылған тозуы тоқтатылып, активтерді ауқымды жаңарту циклі іске қосылды. "Тарифті инвестицияға айырбастау" қағидаты енгізілгеннен кейін электр стансаларын жөндеу жұмыстарына салынған капиталдық инвестициялар 20%-ға артты, бұл енгізілген принциптің тиімділігін көрсетеді.
Атқарылған жұмыстардың нәтижесі сенімділіктің нақты көрсеткіштерімен бағаланады. Ұзақ жылдан бері алғаш рет ел бойынша ЖЭО (жылу электр орталықтары) жабдықтарының жалпы тозуы азайып, көрсеткіш 61%-ға жетті. Жоспарланған барлық жөндеу жұмысын орындау Кентау, Риддер және Екібастұз стансалары секілді барлығы 9 энергетикалық нысанды тәуекел аймағынан шығаруға мүмкіндік берді.
323 шақырымдық жылу желілерін қайта жаңғырту нәтижесінде тұтынушыларға тұрақты жылу жеткізу қамтамасыз етіліп, инфрақұрылымның тозуы 52%-ға төмендеді. Жылу желілеріндегі апаттық жағдайлар саны 25%-ға кеміді.
Инфрақұрылымды қалпына келтірумен қатар жаңа қуат көздерін іске қосу жұмыстары қарқынды түрде жүргізілуде. 2025 жылы Текелі энергетикалық кешенінде газотурбиналық қондырғылар пайдалануға берілді, ал Топар МАЭС-інде (мемлекеттік аймақтық электростанса) 130 мегаватт қуаттылығы бар жаңа турбоагрегат сәтті іске қосылды. Энергетикалық жүйе сұраныстың алдын орап, рекордтық көрсеткіш сағатына 118 млрд киловатт электр энергиясын өндірді", - деді Ерлан Ақкенженов.
Келесі жылдан бастап Үкімет өңірлік деңгейде жылумен жабдықтау схемаларын қайта қарау бойынша жүйелі жұмысқа кіріседі. Пилоттық жобалар Жамбыл облысы мен Шымкент қаласында жүзеге аспақ.
Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.
ИНТЕРНЕТ ТЕЛЕВИДЕНИЕ
KAZAKHSTAN TODAY LIVE
Ең көп оқылғаны
25.12.2025, 11:382026 жылы Еуропада Рождествоны тойлайтын ең жақсы 10 қала 25.12.2025, 16:11 266Дүние жүзіндегі католиктер Рождество мерекесін тойлайды
19.12.2025, 17:45 190456Президент орта державаларды БҰҰ Қауіпсіздік кеңесіне кеңінен қатыстыруға шақырды19.12.2025, 16:42 178531Қазақстан Президенті әлемде қақтығыстардың өршуіне алаңдаушылық білдірді19.12.2025, 15:34 173006Қазақстан Президенті БҰҰ университетінде дәріс оқыды19.12.2025, 14:32 172486Қасым-Жомарт Тоқаев Hitachi Construction Machinery компаниясының президенті Масафуми Сэнзакиді қабылдады19.12.2025, 19:56 136301Бангкокта онлайн-алаяқтыққа қарсы іс-қимыл жөніндегі халықаралық конференция өтті
15.12.2025, 23:30 225096Ұлы Дала әуендері Куала-Лумпурдың жүрегінде жаңғырды15.12.2025, 23:10 222086Бейжіңде "Қазақстанның достары клубының" отырысы өтті15.12.2025, 22:01 213071Прагада Абай Құнанбайұлының 180 жылдығы атап өтілді17.12.2025, 13:33 193316Брюссельде Қазақ киносының күндері өтті17.12.2025, 17:47 193021Ташкентте қазақ киносының күндері өтті

