20.09.2022, 15:17 10251

Қазақстан Президентін Дүниежүзілік экономикалық форумға қатысуға шақырды

Тоқаев Дүниежүзілік экономикалық форумның негізін қалаушы әрі атқарушы директоры Клаус Швабпен кездесті.
Қазақстан Президентін Дүниежүзілік экономикалық форумға қатысуға шақырды
НЬЮ-ЙОРК. 20 ҚЫРКҮЙЕК - АҚШ-қа жұмыс сапарымен барған Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Дүниежүзілік экономикалық форумның негізін қалаушы әрі атқарушы директоры Клаус Швабпен кездесті, деп хабарлайды KAZAKHSTAN TODAY Ақорданың баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
 
Кездесуде Қазақстан мен Дүниежүзілік экономикалық форум арасындағы ынтымақтастықты дамыту перспективалары қарастырылды, сондай-ақ қазіргі заманның өзекті сын-қатерлері мен үрдістері туралы пікір алмасты.
 
Мемлекет басшысы Дүниежүзілік экономикалық форумның "Астана" халықаралық қаржы орталығымен табысты ынтымақтастығы туралы айтты.
 
Клаус Шваб Президентті 2023 жылы қаңтарда Давоста өтетін Дүниежүзілік экономикалық форумға қатысуға шақырды. Сонымен қатар елімізде Қасым-Жомарт Тоқаевтың басшылығымен жүзеге асырылып жатқан саяси және экономикалық реформаларды жоғары бағалады.
 
 Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны