18.03.2026, 15:24 2706

Гонконгта Наурыз мейрамы атап өтілді

Гонконгта Наурыз мейрамы атап өтілді
Сурет: gov.kz
Бас консулдықтың қатысуымен гонконгтық "PolyU" университетінде Қазақстан Республикасы азаматтары, студенттер мен шетелдік азаматтардың қатысуымен "Наурыз" мерекесі атап өтілді, деп хабарлайды Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігінің баспасөз қызметінен.

Іс-шараның ашылуында Қазақстан Республикасының ҚХР Гонконг қаласындағы Бас консулы Бауыржан Досманбетов Наурыз мерекесінің ғасырлар бойы жалғасып келе жатқан дәстүріміз бен ұлттық бірегейлігіміздің белгісі екенін атап өтті. Биылғы жылы татулығымызды одан әрі нығайтып, осындай шаралар арқылы халқымыздың ежелгі салт-дәстүрлері мен мәдени мұрасын дәріптеуге қолдау білдірді.

Өз кезегінде, қонақтардың қатысуымен концерттік бағдарлама ұйымдастырылып, ұлттық ойындар мен түрлі жарыстар өткізілді. Мерекеге қатысушылар қазақ халқының ежелгі мәдениеті мен Наурыз мерекесінің тарихымен танысты. Қазақстандық студенттердің орындауындағы қойылымдар мен ұлттық күйлер, билерді тамашалады.

Кеш соңында шетелдік азаматтарға қазақтың ұлттық тағамдары ұсынылды.
 

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.


МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны