18.03.2026, 10:57 4301

Қазақстан СІМ-де Мысыр Елшісімен кездесу өтті

Қазақстан СІМ-де Мысыр Елшісімен кездесу өтті
Сурет: gov.kz
Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрінің орынбасары Әлібек Бақаев Мысыр Араб Республикасының Елшісі Ибтиссам Ракха Хассанмен кездесті, деп хабарлайды Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігінің баспасөз қызметінен.

Тараптар саяси, сауда-экономикалық, инвестициялық және мәдени-гуманитарлық салалардағы Қазақстан-Мысыр ынтымақтастығының қазіргі жай-күйі мен оны одан әрі дамыту перспективаларын талқылады.

Кездесу барысында екі ел арасындағы серіктестікті жан-жақты нығайтуға бағытталған уағдаластықтарды іске асыру мәселелеріне, сондай-ақ алдағы биік және жоғары деңгейдегі сапарлардың дайындық барысына ерекше назар аударылды.

Сұхбаттастар Астана мен Каир арасындағы ынтымақтастықты екіжақты және көпжақты форматтарда одан әрі кеңейтудің маңыздылығын атап өтті.
 

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.


МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны