09.08.2022, 16:45 12986

Қазақстан Сауд Арабиясына ет экспорттай бастайды

Сауд Арабиясына қой еті мен сиыр етін экспорттауға құқығы бар кәсіпорындардың тізіліміне қазақстандық 5 ет өңдеу компаниясы енгізілген.
Қазақстан Сауд Арабиясына ет экспорттай бастайды
НҰР-СҰЛТАН. 9 ТАМЫЗ - Сауд Арабиясына қой еті мен сиыр етін экспорттауға құқығы бар кәсіпорындардың тізіліміне қазақстандық 5 ет өңдеу компаниясы енгізілген, деп хабарлайды KAZAKHSTAN TODAY ҚР Ауыл шаруашылығы министрлігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
 
Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігі мен Сауд Арабиясының Азық-түлік өнімдері мен дәрі-дәрмектер басқармасы арасындағы екі жақты белсенді ынтымақтастық нәтижесінде қазақстандық 5 ет өңдеу кәсіпорны Сауд Арабиясына қой еті мен сиыр етін экспорттауға құқығы бар кәсіпорындар тізіліміне енгізілді. Олар: "Алтын қазық" ЖШС (Ақмола облысы), "Ақтөбе ет кластері" ЖШС (Ақтөбе облысы), "Empire Food" ЖШС (Алматы облысы), "Meat Processing and Service LLP" ЖШС (Алматы облысы), "Кублей" ЖШС (Батыс Қазақстан облысы).
 
Бұған дейін 2021 жылғы 6-14 қыркүйек аралығында Сауд Арабиясының ветеринариялық қызметінің мамандары қазақстандық 5 ет өңдеу кәсіпорнына инспекция жүргізген болатын.
 

Осылайша, отандық кәсіпкерлер басқа елдердің аумағында қазақстандық мал шаруашылығы өнімдерін өткізудің жаңа нарықтарын игеруді жалғастыруда", - деп толықтырды ҚР АШМ.

 
 Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.
МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны