25.01.2023, 09:38 37441

Қазақстанда 2022 жылы 440 млрд теңгеден астам сомаға мүгедектік және асыраушысынан айырылу бойынша жәрдемақы төленді

Қазақстанда 538 мыңнан астам адам мүгедектігі бойынша жәрдемақы алады
Қазақстанда 2022 жылы 440 млрд теңгеден астам сомаға мүгедектік және асыраушысынан айырылу бойынша жәрдемақы төленді
Сурет: pexels.com
Астана. 25 қаңтар. KAZAKHSTAN TODAY - 2022 жылдың қаңтар-желтоқсан айлары аралығында республикалық бюджеттен мүгедектігі бойынша мемлекеттік әлеуметтік жәрдемақы төлеуге 341 млрд-тан астам теңге, асыраушысынан айырылу жағдайы бойынша - 99,9 млрд теңге жұмсалды. Бұл туралы ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің баспасөз қызметі хабарлады.

2023 жылғы 1 қаңтардағы жағдай бойынша мүгедектігі бойынша мемлекеттік әлеуметтік жәрдемақы алушылардың саны шамамен 538,6 мың адам, ал асыраушысынан айырылу жағдайы бойынша - шамамен 189,9 мың адам болды.

Мүгедектігі бойынша мемлекеттік әлеуметтік жәрдемақылардың мөлшері мүгедектіктің тобына және себебіне, сондай-ақ тиісті қаржы жылына арналған "Республикалық бюджет туралы" заңда белгіленген ең төменгі күнкөріс деңгейінің шамасына байланысты болады.

Асыраушысынан айырылу жағдайы бойынша мемлекеттік әлеуметтік жәрдемақының мөлшері қайтыс болған (қаза тапқан) асыраушының асырауындағы адамдардың санына, қайтыс болу себептеріне және ең төменгі күнкөріс деңгейіне байланысты болады.

Естеріңізге сала кетейік, 2023 жылғы 1 қаңтардан бастап мүгедектігі бойынша және асыраушысынан айырылу жағдайы бойынша мемлекеттік әлеуметтік жәрдемақылардың мөлшері ең төменгі күнкөріс деңгейінің ұлғаюына байланысты 8,5%-ға өскен.

Мәселен, 2023 жылғы 1 қаңтардан бастап жалпы аурудан мүгедектігі бойынша мемлекеттік әлеуметтік жәрдемақы мөлшері 1-топ үшін - 77 889 теңгені, 2-топ үшін - 62 068 теңгені, 3-топ үшін - 42 190 теңгені құрайды.
 

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.


тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны