25.08.2025, 20:42 60401

Қазақстанда 3,1 млн тонна астық бастырылды

Қазақстанда 3,1 млн тонна астық бастырылды
Сурет: primeminister.kz
Егін жинау жұмыстары еліміздің 15 өңірінде жүргізілуде. Олардың қатарында Ақмола, Ақтөбе, Алматы, Шығыс Қазақстан, Жамбыл, Батыс Қазақстан, Қарағанды, Қостанай, Қызылорда, Павлодар, Солтүстік Қазақстан, Түркістан облыстары, сондай-ақ Абай, Жетісу облыстары мен Шымкент қаласы бар, деп хабарлайды ҚР ҚМА баспасөз қызметінен.

Жақсы өнімділікті Шығыс Қазақстан, Алматы, Батыс Қазақстан, Жамбыл, Солтүстік Қазақстан және Жетісу облыстары көрсетіп отыр.

Соңғы деректер бойынша, қазірдің өзінде 2,2 млн гектар дәнді дақыл орылып, бұл жалпы егіс алқабының 13,7%-ын құрайды. Бастырылған астық көлемі - 3,1 млн тонна.

Сонымен қатар, 24,4 мың тонна майлы дақыл, гектарына 239 центнерден өнім беріп 525,5 мың тонна картоп, гектарына 286 центнерден өнім беріп 1,6 млн тонна көкөніс, сондай-ақ гектарына 269,9 центнерден өнім беріп 1,8 млн тонна бақша дақылдары жиналды.

Айта кетейік, көкөністер бойынша да жоғары өнімділік байқалады: 319,5 мың тонна қырыққабат жиналып, гектарынан 375,4 центнер өнім алынған, 256,7 мың тонна пияз жиналып, гектарынан 390 центнер өнім алынған, 98,8 мың тонна сәбіз жиналып, гектарынан 298,1 центнер өнім алынған.
 

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.


МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны