14.05.2021, 22:09 19432

Қазақстанда азық-түлік қауіпсіздігін қамтамасыз ету үшін қандай шаралар жүзеге асырылуда

Жоспарланған жобалардың басым бөлігі ауыл шаруашылығы өнімдерін импортпен алмастыруға бағытталған: сүт фермаларын, құс фабрикаларын, жылыжайларды салу, ауыл шаруашылығы өнімдерін терең қайта өңдеу.
НҰР-СҰЛТАН. 14 МАМЫР - Үкіметте "Өзгерістер жолы: Әр азаматқа лайықты өмір!" атты Nur Otan партиясының сайлауалды бағдарламасын іске асыру жөніндегі Жол картасын орындау мәселелері бойынша кеңес өтті, деп хабарлайды KAZAKHSTAN TODAY ҚР Премьер-Министрінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
 
Қазақстан Республикасының Ауыл шаруашылығы министрлігі әзірлеген, негізінен импортты алмастыруға және елдің азық-түлік қауіпсіздігін қамтамасыз етуге бағытталған, ең перспективалы инвестициялық жобалардың пакеті қарастырылды. Қазіргі уақытта құжаттың тармақтарын іске асыру бойынша жұмыс жүргізіліп жатыр.
 

Биыл агроөнеркәсіптік кешенде 285 инвестициялық жобаны іске асыру ауылдық жерлерде 7 мыңға жуық тұрақты жаңа жұмыс орындарын құруға мүмкіндік береді", - деді Үкіметтің баспасөз қызметінде.

 
Ведомствода атап өткендей, жоспарланған жобалардың басым бөлігі ауыл шаруашылығы өнімдерін импортпен алмастыруға бағытталған: сүт фермаларын, құс фабрикаларын, жылыжайларды салу, ауыл шаруашылығы өнімдерін терең қайта өңдеу.
 
Осы жылдың бірінші тоқсанында өндірістік қуаты 11,5 мың тонна болатын 4 сүт фермасы, 7,5 мың тоннаға құс етін өндіруге арналған 2 құс фабрикасы, 1,5 мың тоннаға 1 жеміс сақтау қоймасы іске қосылды. 
 
Мемлекет басшысының тапсырмасына сәйкес ет, жеміс-жидек, көкөніс, қант, дәнді дақылдар, майлы дақылдар, сүт өнімдерін өндіру және қайта өңдеу бойынша 7 ірі экожүйені қалыптастыру жұмыстары жүргізілуде.
 

Бұл жергілікті өндірушілерге өндірістік процестің барлық кезеңдерінде аграрлық секторды дамытуға қатысуға серпін береді", - деп атап өтті баспасөз қызметінде.

 
 "Nur Otan" партиясы мен Үкіметтің ерекше бақылауындағы отандық азық-түлік тауарларымен қамтамасыз ету мәселесі туралы айта келе, Ә. Смайылов Ауыл шаруашылығы министрлігіне әкімдіктермен бірге агроөнеркәсіптік кешен бойынша инвестициялық жобаларды жүзеге асыру бойынша іс-шаралардың сапалы әрі уақытылы қабылдануын қамтамасыз етуді тапсырды. Сонымен бірге 2021 жылға арналған Жол картасы аясында отандық нарықты қамтамасыз ету көрсеткіштеріне қол жеткізу қажет: алма - 80%, балық - 75%, шұжық - 70%, ірімшіктер мен сүзбе - 70%, қант - 65 %, құс еті - 75%.
 
 Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.
МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны