27.04.2022, 17:07 18761

Қазақстанда азық-түлік өнімдерін тұтынудың төмендеуі тіркелді

2020 жылмен салыстырғанда былтыр қант және кондитер өнімдерінен басқа азық-түлік өнімдерінің негізгі топтары бойынша тұтыну көрсеткіші төмендеген.
НҰР-СҰЛТАН. 27 СӘУІР - Қазақстанда 2020 жылмен салыстырғанда азық-түлік өнімдерін тұтыну көрсеткіші азайған.
 
Ұлттық статистика бюросының дерегінше, 2020 жылмен салыстырғанда былтыр қант және кондитер өнімдерінен басқа азық-түлік өнімдерінің негізгі топтары бойынша тұтыну көрсеткіші төмендеген. 
 

Маңызы бар азық-түлік өнімдері топтарының ішінде тұтыну көрсеткіші сүт және сүт өнімдеріне - 6,3%, нан және жарма өнімдеріне - 4,7%, ет және ет өнімдеріне 1,7% төмендеді. Былтыр бір айда орташа есеппен халықтың жан басына шаққандағы азық-түлік өнімдерінің жекелеген түрлері бойынша тұтынуы: картоп – 3,9 кг, бірінші сұрыптағы бидай ұнынан пісірілген нан – 2,8 кг, сиыр еті – 2 кг, алма - 1,6 кг, күріш, құмшекер – 1,3 кг, шикі сүт, айран – 1,3 л, жұмыртқа – 16,2 дана, макарон – 0,9 кг, жаңа ауланған немесе салқындатылған балық – 0,8 кг, қара шай – 0,1 кг", - деп жазды ведомстводан. 

 
Қала мен ауыл халқының азық-түлік өнімдерінің негізгі топтарын тұтыну көрсеткішін салыстырғанда, ең жоғары айырмашылық жұмыртқа, нан және жарма өнімдері, сондай-ақ жемістерді тұтынуда байқалады. 
 

Азық-түлік өнімдерін тұтыну деректері тұрмыс деңгейіне қарай 12 000 үй шаруашылығын іріктеп зерттеу нәтижелерімен есептелді". – делінген хабарламада.

 
Ақпарат көзі: inform.kz 
 
 Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.
МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны