01.08.2022, 15:53 9346

Қазақстанда балаларды дамыту орталықтарының қызметі бір жылда 6%-ға қымбаттады

Жылдың бірінші тоқсанында мектепке дейінгі тәрбие мен білім беру саласында 150,7 млрд теңгенің қызметі көрсетілді.
Қазақстанда балаларды дамыту орталықтарының қызметі бір жылда 6%-ға қымбаттады
НҰР-СҰЛТАН. 1 ТАМЫЗ - Балаларды дамыту бағытында қызмет көрсететін орталықтардың бағасы бір жылда 6% қымбаттаған. Бұл туралы Finprom.kz сайты хабарлайды. 
 

Жылдың бірінші тоқсанында мектепке дейінгі тәрбие мен білім беру саласында 150,7 млрд теңгенің қызметі көрсетілді. Бір жылдағы өсім – 31,5%. Оның ішінде шағын кәсіпорындардың үлесі – 140,3 млрд теңге, орташа кәсіпорындардың үлесі – 9,3 млрд теңге, ірі кәсіпорындардың үлесі – 1,1 млрд теңге", - деп жазады Finprom.kz

 
Бұл соманың 87,9 млрд теңгесін мелекеттік нысандағы кәсіпорындар игерсе, 62,4 млрд теңгесін жеке меншік ұйымдар, 382,6 млн теңгесін шетелдік ұйымдар игерген. 
 

Былтыр бірінші тоқсанда бұл салада 114,6 млрд теңге игерілге болатын. Өңірлер арасында бәрінен де Түркістан облысында көп қызмет көрсетілген – 21,6 млрд теңге. Сондай-ақ, Алматы облысы (15 млрд теңге) мен Алматы қаласы (13,7 млрд теңге) алғашқы үштікке кірді. Қызмет құны Шығыс Қазақстан облысында барынша қымбаттаған – бір жылда 20,8%. Ал Атырау (14,6%) және Қызылорда облыстарында (14%) қымбаттау ерекше байқалды", - деп жазылған сараптамада.

 
Ақпарат көзі: inform.kz
 
 Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.
МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны