31.10.2022, 13:11 14166

Қазақстанда бензин бір жылда 4%-ға қымбаттады

Қазақстанда бензин бір жылда 4%-ға қымбаттады
Астана. 31 қазан. KAZAKHSTAN TODAY - Жанар-жағармай бағасы ең жоғары қалалар анықталды.
 
Бензиннің ең қымбат бағасы Қостанай, Петропавл және Алматы қаласында тіркелген, деп хабарлайды energyprom.kz порталы.
 
Келтірілген деректер бойынша, биылғы қаңтар–қыркүйек айларында Қазақстанда авиабензинді қосқанда 3,7 млн тоннадан астам бензин өндірілген. Бұл өткен жылмен салыстырғанда 5,6%-ға артық.
 
Мотор отынының экспорты, керісінше, 2022 жылғы қаңтар–тамызда 24 мың тоннаны құрап, 4,2 есе қысқарған. Ал ішкі сауда көлемі 8,4% өсіп, 3,3 млн тоннаны құраған.
 
Жылдық бағаның өсуі - 4% құрады. Өңірлер ішінде бағаның айтарлықтай өсуі Солтүстік Қазақстан (5,5%), Павлодар (5,1%) және Батыс Қазақстан (4,8%) облыстарында, сондай-ақ Алматы қаласында (4,8%-ға) байқалған.
 
Бағаның ең аз өсуі Ақмола (бір жылда 2,2%) және Маңғыстау (2,6%) облыстарында тіркелген.
 
2022 жылдың қыркүйегінде Қазақстанда АИ-92 маркалы бензиннің бір литрінің орташа бөлшек сауда бағасы 179 теңгені құрады. АИ-95/96 маркалы бензиннің литрі 211 теңге, АИ-98 232 теңге болды.
 

Қазақстан қалаларының ішінде ең қымбат АИ-92 маркалы бензин Петропавлда (литріне 184 теңге), Астанада (литріне 182 теңге), Жезқазғанда (литріне 182 теңге) және Қостанайда (литріне 182 теңге) сатылды. Ең қымбат АИ-95/96 бензині Қостанай (литріне 222 теңге), Петропавл (литріне 217 теңге) және Алматы (литріне 215 теңге) қалаларында сатылды. АИ-98 маркалы бензин Павлодар (литріне 242 теңге), Қостанай (литріне 238 теңге) және Алматы (литріне 235 теңге) қалаларында қымбаттады", - делінген шолуда.

 
Естеріңізге сала кетейік, ҚР-да жазғы дизель отынының бағасы 15%-ға өсті.

Шілде айында ҚР-да бензин мен дизель отынының бөлшек сауда бағасы бекітілді, ол 180 күнге созылады.

Ақпарат көзі: egemen.kz
 

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.


МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны