22.11.2021, 19:48 36167

Қазақстанда еңбек ету қабілетінен және асыраушысынан айырылған жағдайда төленетін әлеуметтік төлемдер өседі

Мамин "Мемлекеттiк әлеуметтiк сақтандыру қорынан төленетiн әлеуметтiк төлемдердiң мөлшерiн 2022 жылғы 1 қаңтардан бастап арттыру туралы" ҚР Үкіметінің қаулысына қол қойды.
Қазақстанда еңбек ету қабілетінен және асыраушысынан айырылған жағдайда төленетін әлеуметтік төлемдер өседі
НҰР-СҰЛТАН. 22 ҚАРАША - Қазақстанда 2022 жылдың 1 қаңтарынан бастап мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қорынан еңбек ету қабілетінен айырылу және асыраушысынан айырылу жағдайларына байланысты әлеуметтік төлемдер өседі, деп хабарлайды KAZAKHSTAN TODAY ҚР Премьер-Министрінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
 
Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі Асқар Мамин "Мемлекеттiк әлеуметтiк сақтандыру қорынан төленетiн әлеуметтiк төлемдердiң мөлшерiн 2022 жылғы 1 қаңтардан бастап арттыру туралы" ҚР Үкіметінің қаулысына қол қойды.
 

2022 жылғы 1 қаңтарға дейін Мемлекеттiк әлеуметтiк сақтандыру қорынан еңбек ету қабілетінен айырылу және асыраушысынан айырылу жағдайларына тағайындалған әлеуметтiк төлемдердiң мөлшерiн 2022 жылғы 1 қаңтардан бастап алатын әлеуметтік төлемдердің мөлшерінен бес пайызға арттыру жүргізілсін", - делінген құжатта.

 
Осы қаулы 2022 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгiзiледi.
 
 Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны