24.03.2022, 17:21 6771

Қазақстанда экономиканы монополиясыздандыру жөніндегі комиссия жұмысын бастады

Мемлекет басшысының тапсырмасын орындау мақсатында ҚР Үкіметі жанынан экономиканы монополиясыздандыру жөніндегі комиссия құрылды.
Қазақстанда экономиканы монополиясыздандыру жөніндегі комиссия жұмысын бастады
Сурет: primeminister.kz
НҰР-СҰЛТАН. 24 НАУРЫЗ - Мемлекет басшысының тапсырмасын орындау мақсатында ҚР Үкіметі жанынан экономиканы монополиясыздандыру жөніндегі комиссия құрылды. Комиссия құрамына сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл, қаржы мониторингі, бәсекелестікті қорғау және дамыту агенттіктерінің бірінші басшылары, Үкімет мүшелері, Бас прокуратураның және «Самұрық-Қазына» АҚ өкілдері кірді, деп хабарлайды KAZAKHSTAN TODAY Премьер Министрінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Комиссияның міндеті – монополиясыздандыру бойынша ұсынымдар әзірлеу. Атап айтқанда, комиссия жұмысы шеңберінде телекоммуникация, теміржол инфрақұрылымы, медиа активтер және басқа салалардағы негізсіз жекешелендірілген нысандарды мемлекет меншігіне беру мәселелері қаралатын болады. 

Бүгін комиссияның алғашқы отырысы өтті, онда ҚР қаржы министрі Е. Жамаубаев, Бас прокурордың орынбасары Б. Дембаев және т. б. баяндама жасады. Алғашқы отырыстың қорытындысы бойынша Әлихан Смайылов Қаржы министрлігіне уәкілетті мемлекеттік органдармен және «Самұрық-Қазына» АҚ-мен бірлесіп, бір апта ішінде Үкіметке негізсіз жекешелендірілген нысандарды мемлекет меншігіне беру тетіктері бойынша ұсыныстар енгізуді тапсырды.

Бұдан бұрын хабарланғандай, Алматы әкімдігі мен бәсекелестікті қорғау және дамыту агенттігі ШЖҚ "Алматы қала Жарық" МКК коммуналдық меншігіне қайтару бойынша бірлескен жұмыс жүргізді.



 
 Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны