29.05.2024, 12:55 42761

Қазақстанда энергиямен жабдықтаушы ұйымдар электр энергиясы нарығының құрылымынан шығарылады

Реттелетін бағаларға қайта оралу энергиямен жабдықтаушы ұйымдардың тариф белгілеуінің ашықтығын қамтамасыз етуге мүмкіндік береді
Энергиямен жабдықтаушы ұйымдар электр энергиясы нарығы құрылымынан шығарылады, деп хабарлайды төменгі палатаның баспасөз қызметінен.

«Жылу энергетикасы туралы» заңның ілеспе түзетулеріне екінші оқылымда депутаттар энергетика және жылу энергетикасы саласындағы мемлекеттік бақылауды күшейтуге бағытталған өзгерістер мен толықтырулар енгізді.

Энергиямен жабдықтау саласындағы өнімсіз делдалдарды болғызбау мақсатымен энергиямен жабдықтаушы ұйымдарды электр энергиясы нарығының құрылымынан шығару және олардың функцияларын өңірлік электр желілік компанияларға беру ұсынылды. Реттелетін бағаларға қайта оралу энергиямен жабдықтаушы ұйымдардың тариф белгілеуінің ашықтығын қамтамасыз етуге, электр энергетикасы нарығындағы алыпсатарлықты жоюға, сараланған тарифтерден жоспарлы түрде бас тартуға және әлеуметтік шиеленіске жол бермеуге мүмкіндік береді.

Жүктеменің ең жоғары сағаттарында электр қуаты тапшылығы мәселесін шешу үшін базалық қуатты салуға арналған тендерлік рәсімді өткізу тәртібін жетілдіруге бағытталған ұсыныстар қабылданды. Бұл мемлекеттің электр энергетикасы нарығының инвестициялық тартымдылығын жеткілікті түрде қамтамасыз ететін болады.

Сондай-ақ әлеуетті инвесторларды іріктеу бойынша тендерлерді өткізу рәсімдерін жетілдіруге, жасыл энергетиканы дамытудың гибридті топтық тетігін енгізуге бағытталған және басқа да түзетулер енгізілді.

 

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.


МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны