15.03.2023, 08:53 20126

Қазақстанда инвесторлардың ірі жобаларды іске асыру мүмкіндіктері кеңейді

Үкімет ірі жобаларды іске асыру үшін қолайлы жағдайлар жасайды
Қазақстанда инвесторлардың ірі жобаларды іске асыру мүмкіндіктері кеңейді
Сурет: Depositphotos
Астана. 15 наурыз. KAZAKHSTAN TODAY - 2023 жылдың ақпан айынан бастап ірі инвесторлар үшін Қазақстанда жаңа жобаларды іске қосу және қолданыстағы жобаларды жаңғырту мүмкіндіктері едәуір кеңейтілді. ҚР Премьер-Министрі Әлихан Смайылов "Инвестицияларды мемлекеттік қолдауды іске асырудың кейбір мәселелері туралы" Үкімет қаулысына енгізілген тиісті түзетулерге қол қойды.

Үкіметтің баспасөз қызметі хабарлағандай, Үкіметпен Инвестициялық міндеттеме туралы келісім бекітуді жоспарлап отырған заңды тұлғалар үшін Қызметтің басым түрлерінің тізбесі алынып тасталды. Бұл келісім бойынша 10 жылға дейінгі мерзімге салық мөлшерлемесі белгіленеді, ал инвестор оның өтеуі ретінде қомақты қаражат салуға, қандай да бір өндірісті іске қосуға немесе жаңғыртуға, қазақстандық кадрларды оқытуға және т.б. міндеттеледі.

Бұрын Қызметтің басым түрлерінің тізбесіне сәйкес, келетін жобаларға қатысты осындай келісімдерге қол қоюға болатын еді. Мәселен, ет өнімдерін, жемістерді немесе көкөністерді өңдеу, фармацевтикалық препараттарды өндіру және т.б.

Сонымен қатар енгізілген түзетулерге сәйкес тыйым салынған қызмет түрлерінің тізімі анықталды. Яғни, енді ірі компания немесе кәсіпкер бұл тізімге енгізілмеген кез келген инвестициялық бағытты еркін таңдап, Үкіметпен Инвестициялық міндеттемелер туралы келісім жасай алады. Атап айтқанда, тыйым салынғандар санатына акцизделетін өнімдердің көтерме саудасы және (немесе) өндірісі, лотерея өткізу, ойын бизнесі саласындағы қызмет және т. б. барлығы 14 тармақ жатады. Барлық басқа бағыттар бойынша шектеулер жоқ.

Осылайша, Үкімет республикадағы инвестициялық белсенділікті ынталандырады және ірі жобаларды іске асыру үшін қолайлы жағдайлар жасайды", - деп атап өтті баспасөз қызметінде.


Бұған дейін Қазақстан өткен жылы 22 млрд-тан астам шетелдік инвестиция алғаны хабарланған болатын.
 

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.


тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны