29.04.2025, 14:29 100206
Қазақстанда ірі қара малды әкетуге квоталар енгізіледі
Достарға айту
2025 жылдың 30 сәуірінен бастап Қазақстан аумағынан үшінші елдерге және Еуразиялық экономикалық одақ елдеріне бұқашықтар мен тоқтыларды экспорттау квотасын бөлу қағидалары күшіне енеді. Бұл норма алты ай мерзімінде әрекет етеді, деп хабарлайды Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің баспасөз қызметінен.
12 айдан асқан бұқашықтарды әкетудің сандық лимиті 60 мың басты құрайды, оның ішінде бордақылау алаңдары үшін - 40 мың бас, тауар өндірушілер үшін - 20 мың бас.
4 айдан асқан еркек тоқтыларды әкетудің сандық лимиті 120 мың басты құрайды, оның ішінде бордақылау алаңдары үшін - 60 мың бас, тауар өндірушілер үшін - 60 мың бас.
Қазақстан Республикасының аумағынан 12 айдан асқан бұқашықтарды әкетуге квота алу үшін бір бордақылау алаңына арналған лимит бір жолғы немесе жиынтық мөлшерде бордақылау алаңы қуатының 30 пайызынан аспайды, ал бір тауар өндірушіге - квотаның қолданысының бүкіл кезеңіне 500 бастан аспайды.
Қуаттылығы 13 000 бас және одан да көп бордақылау алаңдары үшін 12 айдан асқан бұқашықтарды әкетуге арналған лимит квота қолданысының бүкіл кезеңіне 4000 бастан аспауға тиіс
Қазақстан Республикасының аумағынан 4 айдан асқан еркек тоқтыларды әкетуге квота алу үшін бір бордақылау алаңына арналған лимит біржолғы және жиынтық мөлшерде бордақылау алаңы қуатының 30 пайызынан аспайды, ал бір тауар өндірушіге - квотаның қолданысының бүкіл кезеңіне 500 бастан аспайды.
Қуаттылығы 5000 бас және және одан да көп бордақылау алаңдары үшін 4 айдан еркек тоқтыларды әкетуге арналған лимит квота қолданысының бүкіл кезеңіне 1500 (бір мың бес жүз) бастан аспауға тиіс.
Бұл ретте, Квота бөлу сәтінде бордақылау алаңындағы немесе тауар өндірушідегі малдың нақты саны карантиндеуге өтінім берген кезде тіркелген квотаның сұратылған көлемінен екі есе көп болуға тиіс.
Әкетуге жоспарланған жануарлар ауыл шаруашылығы жануарларын бірдейлендіру жөніндегі дерекқорда өтініш берушінің - бордақылау алаңының немесе тауар өндірушінің атына карантинге қоюға дейінгі 3 айдан ерте емес мерзімде тіркелуге тиіс.
Квота эпизоотиялық зерттеп-қарау актісінің қолданылу мерзімі ішінде жарамды және сәйкесінше жануарларды әкету осы мерзімдерде жүзеге асырылады.
Квоталар "Е-лицензиялау" порталында бөлінеді және "Сандық шектеулер (квоталар) енгізілген кезде тауарлардың жекелеген түрлерінің экспортына және (немесе) импортына лицензия беру" мемлекеттік қызмет көрсету қағидаларына сәйкес жекелеген тауар түрлерін экспорттауға лицензия алу кезінде автоматты түрде беріледі.
Айта кету керек, лицензия иелері лицензияның қолданылу мерзімі өткеннен кейін күнтізбелік 15 күн ішінде уәкілетті органға Еуразиялық экономикалық комиссия кеңесінің 2023 жылғы 24 қарашадағы № 125 шешімімен бекітілген Үшінші елдермен саудада тарифтік емес реттеу шаралары қолданылатын тауарлардың бірыңғай тізбесіне енгізілген тауарлардың экспортына және (немесе) импортына лицензиялар мен рұқсаттар беру қағидаларына № 3 қосымшаға сәйкес нысан бойынша тауарлардың экспортына және (немесе) импортына лицензияның орындалуы туралы анықтаманы ұсынады.
Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.
тақырып бойынша жаңалықтар
31.12.2025, 16:24 3071
"Xinjiang Lihua" Қазақстандағы инвестиция көлемін 600 млн АҚШ долларына дейін ұлғайтады
Сурет: gov.kz
Достарға айту
Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрінің орынбасары Әлібек Қуантыров пен "Kazakh Invest" ҰК" АҚ Басқарма төрағасының орынбасары Мадияр Сұлтанбек "Xinjiang Lihua (Group) Co., Ltd." компаниясының бас директоры Сюй Цземен кездесті, деп хабарлайды Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігінің баспасөз қызметінен.
Тараптар Түркістан облысында мақта-тоқыма кластерін құру жөніндегі инвестициялық жобаны іске асырудың қазіргі жағдайын, сондай-ақ оны кеңейту жоспарларын талқылады. Жоба мақта өсіру мен бастапқы қайта өңдеуді, иірімжіп пен тоқыма өнімдерін шығаруды, тамшылатып суару жүйелерін және ілеспе материалдарды өндіруді қамтитын, 10-ға дейін өндіріс нысандарын біріктіретін толық циклді қалыптастыруды көздейді.
Бастапқыда жобаның инвестиция көлемі 450 млн АҚШ доллары деңгейінде бағаланған болатын, алайда кездесу барысында өндірістік бағдарламаны кеңейту және қуаттарды ауқымдандыруға байланысты салымдардың жалпы көлемін 600 млн АҚШ долларына дейін ұлғайту ниеті расталды.
Қазіргі таңда жоба аясында "TURAN" АЭА аумағында ПВХ құбырларын өндіретін зауыт пайдалануға берілді, иіру кәсіпорнында жабдықтарды монтаждау аяқталуға жақын, мақта тазалау бойынша екі зауыт жұмыс істеп тұр, сондай-ақ тамшылатып суару ленталарын өндіруде жабдықтарды орнату жүргізілуде. Барлық объектілерді толық іске қосу 2026 жылдың бірінші тоқсанына жоспарланған. Кластерді іске асыру 4 мыңнан астам жұмыс орнын құруға және өңірде жергіліктендіру деңгейі жоғары тұрақты индустриялық базаны қалыптастыруға мүмкіндік береді.
Ә.Қуантыров "Xinjiang Lihua" жобасының ұлттық өңдеуші өнеркәсіпті дамыту және "Made in Kazakhstan" брендімен өнімді ілгерілету үшін маңызды екеніне тоқталды. "Біз үшін инвестиция тартумен қатар, ел ішінде жоғары қосылған құны бар толыққанды өндірістік тізбектерді қалыптастыру аса маңызды. Осындай ауқымды жобалар "Made in Kazakhstan" брендімен бәсекеге қабілетті өнім шығаруға негіз қалыптастырады, экспорттық әлеуетті нығайтады және өңірлердің дамуына ықпал етеді. Мемлекет барлық объектілердің уақтылы іске қосылуына мүдделі және инвесторға қажетті қолдау көрсететін болады", - деп мәлімдеді ҚР СІМ басшысының орынбасары.
Компанияның жоспарларына пікір білдірген С.Цзе инвестиция көлемінің ұлғаюы инвестордың Қазақстандағы ұзақ мерзімді ниетін көрсететінін атап өтті. Оның айтуынша, компания Қазақстанды экспорттық әлеуеті бар өндірісті дамыту үшін негізгі алаң ретінде қарастыра отырып, жобаны кеңейту және жалпы инвестиция көлемін 600 млн АҚШ долларына дейін арттыру туралы шешім қабылдады.
Кездесу қорытындысы бойынша тараптар "Kazakh Invest"-пен салалық мемлекеттік органдардың сүйемелдеуімен өндірістік қуаттарды синхронды түрде іске қосуға және жобаны белгіленген мерзімдерде тиімді іске асыруға бағытталған ынтымақтастықты одан әрі кеңейтуге мүдделі екендіктерін растады.
Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.
31.12.2025, 15:21 3376
Қазақстандағы тікелей шетелдік инвестициялар. 2025 жылдың 9 айының қорытындылары
Сурет: Depositphotos
Достарға айту
Қазақстан Республикасының Ұлттық банкі 2025 жылғы қаңтар-қыркүйек айларындағы тікелей шетелдік инвестициялар ағыны бойынша деректерді жариялады. Статистика тұрақты өсімді және экономиканың инвестициялық моделіндегі маңызды құрылымдық өзгерістерді көрсетеді, деп хабарлайды Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігінің баспасөз қызметінен.
ТШИ-дың жалпы ағыны
2025 жылдың 9 айының қорытындысы бойынша Қазақстанға тартылған тікелей шетелдік инвестициялардың жалпы ағыны $14,9 млрд-ты құрады, бұл 2024 жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда ($13,4 млрд) 10,9%-ға артық.
Өңдеу өнеркәсіпке басымдықтың артуы
Өңдеу өнеркәсіпке салынған инвестициялар $3,2 млрд-қа жетіп, өткен жылмен салыстырғанда ($2,6 млрд) 23,5%-ға өсті.
Бұл ретте өңдеу секторға салынған инвестициялар 2011 жылдан бері алғаш рет тау-кен өндіру өнеркәсібіне тартылған инвестициялардан асып түсті, онда 9 айдың қорытындысы бойынша $2,6 млрд тартылған. Бұл қайта өңдеу мен өндірістің пайдасына қарай ТШИ құрылымының сапалы өзгергенінің маңызды индикаторы болып табылады.
Инвесторлар географиясы
2025 жылдың 9 айының қорытындысы бойынша ірі инвестор елдердің қатарына мыналар кірді:
Нидерланды, Қытай, Ресей Федерациясы, Біріккен Араб Әмірліктері, Катар, Швейцария, Корея Республикасы, Бельгия, Франция және Германия.
Кең география капитал көздерінің әртараптандырылғанын және дәстүрлі әрі жаңа серіктестер тарапынан тұрақты қызығушылық бар екенін растайды.
Катар инвесторлары белсенділігінің өсуі
Катар инвестицияларының күрт өсуі бөлек атап өтіледі. Егер 2023 жылы Катардан тартылған тікелей инвестициялар көлемі шамамен $9 млн болса, 2025 жылдың 9 айының қорытындысы бойынша бұл көрсеткіш $1,2 млрд-қа дейін өсті.
ТШИ-дың таза ағыны
2025 жылғы қаңтар-қыркүйек айларындағы тікелей шетелдік инвестициялардың таза ағыны $1,2 млрд-ты құрады, бұл өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда ($498,4 млн) 2,4 есе көп.
Қорытынды
2025 жылдың 9 айындағы деректер Қазақстанның ТШИ көлемін арттырып қана қоймай, өңдеуші өнеркәсіптің пайдасына қарай құрылымдық ығысуын, инвесторлар географиясының әртараптандырылуын және капиталдың таза ағынының орнықты өсуін бекітіп отырғанын көрсетеді.
Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.
31.12.2025, 11:58 4036
Ақтөбе облысында 41,9 млрд теңгеге алкогольсіз сусындар шығаратын зауыт салынады: Үкімет инвестициялар туралы келісімді мақұлдады
Достарға айту
Президенттің өңдеу өнеркәсібін дамыту және инвестициялар тарту жөніндегі тапсырмаларын жүзеге асыру шеңберінде Үкімет Ақтөбе облысында "Қазақстанда алкогольсіз сусындар шығаратын зауыт салу" туралы келісімнің жобасын мақұлдады. Тиісті қаулыға ҚР Премьер-министрі Олжас Бектенов қол қойды, деп хабарлайды Үкіметтің баспасөз қызметінен.
Жобаның инвесторы - "Кока-Кола Алматы Боттлерс" БК ЖШС. Жаңа өндірістік кешенге салынған инвестициялардың жалпы көлемі 41,9 млрд теңгені, жобалық қуаттылығы жылына 280 млн литр өнімді құрайды.
Кәсіпорын халықаралық стандарттарға сәйкес келетін қалдықтарды басқарудың экологиялық таза жүйелері бар озық технологиялармен жабдықталмақ. Бұл зауыттың еліміздің тұрақты өнеркәсіптік экожүйесіне интеграциялануын қамтамасыз етеді.
Жобаны жүзеге асыру өңірде 120-дан астам жаңа жұмыс орнын құруға мүмкіндік береді.
Зауыттың құрылысы 2026 жылы басталады.
Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.
30.12.2025, 17:57 4286
Экономикалық қауіпсіздік жөніндегі ВАК отырысында азық-түлік және энергетикалық қауіпсіздік мәселелері қаралды
Достарға айту
Азық-түлік қауіпсіздігі және негізгі азық-түлік өнімімен өзін-өзі қамтамасыз ету, сондай-ақ ішкі нарықты мұнай өнімімен толықтыру мәселесі экономикалық қауіпсіздіктің негізгі факторының бірі ретінде Вице-премьер - ұлттық экономика министрі Серік Жұманғариннің төрағалығымен өткен Қауіпсіздік кеңесінің ведомствоаралық комиссиясы отырысында қаралды, деп хабарлайды Үкіметтің баспасөз қызметінен.
Қазақстан екінші жыл қатарынан рекордтық дәнді дақыл өнімін жинауда. 2025 жылы жалпы алым 27,1 млн тоннадан асты. Майлы дақыл өнімі алғаш рет 4,8 млн тоннаға жетті. Картоптың жалпы өнімі 2,9 млн тонна. Бұл өткен жылғы деңгейден 300 мың тонна артық.
Ауыл шаруашылығы вице-министрі Азат Сұлтанов атап өткендей, дәнді, бұршақты, майлы және көкөніс өндіру көлемі ішкі нарықтың қажеттілігін толықтай жауып, экспорттық әлеуетті қалыптастырады.
2025 жылы негізгі азық-түлік бағасының динамикасына әлемдік баға конъюнктурасы мен логистикалық шығын секілді сыртқы фактор айтарлықтай әсер етті. Ең жоғары баға қысымы ет және сүт өніміне, сондай-ақ майға әсер етуі жалпы әлемдік тенденцияға сәйкес келеді. ФАО мәліметіне қарағанда, қарашадағы ет бағасы индексі 124,6 тармақ, май мен май 165%, сүт өнімі 137,5%. Биыл сиыр еті бағасының өсуі айқын көрінді. Бұл ішкі нарықтағы бағаны ұзақ жылдар бойы ұстап тұру кезіндегі сыртқы нарықтағы жоғары сұранысқа байланысты.
Жыл ортасынан бастап мемлекеттік реттеуге жататын әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауары бағасы тұрақтандырылды. Соңғы алты апта қатарынан ӘМАТ бағасының орташа индексі нөлдік деңгейде сақталуда. Баға мемлекеттік реттеу шаралары кешені мен нарықты тікелей қанықтыру есебінен тежелді. Оның ішінде негізгі позицияларға (тұз, жұмыртқа, картоп, күнбағыс майы) баға белгіленіп, тірі малды әкетуге тыйым салынды. ІҚМ еті экспортын квоталау бойынша отандық өндірушілермен меморандумдар жасалды.
Отандық тауар өндірушілер өнімін қолдау үшін Сауда және интеграция министрлігі азық-түлік және азық-түлікке жатпайтын отандық өндіріс тауарына сөре кеңістігінің кемінде 30%-ын беруге міндетті ішкі сауда субъектілерінің шеңберін кеңейтті. Осы жылдан бастап талап тек сауда желілеріне ғана емес, сонымен қатар барлық ішкі саудадағы шамамен 760 мың шаруашылық жүргізуші субъектілерге де қолданылады.
Мал шаруашылығын дамыту үшін 2026 жылы саланы дамытудың Кешенді жоспарын жүзеге асыру басталады. Құжат мал шаруашылығының барлық бағыты бойынша айналым қаражатына жеңілдікпен несие беруді, асыл тұқымды мал басын сатып алуды қаржыландыруды, шалғайдағы жайылымдардың инфрақұрылымын дамытуды және саланы кадрмен қамтамасыз ету шараларын көздейді.
Осы жылғы қыркүйекте бордақылау алаңдарын жеңілдікпен несиелеу бағдарламасын қаржыландыру басталды. Жалпы салаға кемінде 200 млрд теңге кредиттік қаражат бөлу жоспарлануда. Алдағы уақытта қаржыландыру көлемі ұлғаяды", - деді Азат Сұлтанов.
Отырыста импортқа тәуелділігі басым азық-түлік өндірісінің тұрақты өсуі атап өтілді. 2025 жылғы 11 айда ірімшік пен сүзбе өндірісі 48,5 мың тоннаға (+8,7%), қант 142,2 мың тоннаға (+18%), құс еті 337,1 мың тоннаға (+3,3%), шұжық өнімі 71,7 мың тоннаға (+6,9%), балық өнімі 65,2 мың тоннаға жетті (+9,5%).
Импортқа тәуелділіктен толық арылу үшін инвестициялық жобалар жүзеге асырылуда. Құс шаруашылығында жалпы қуаттылығы жылына 241 мың тонна ет болатын 167,9 млрд теңге сомаға 2028 жылға дейін аяқталатын 8 ірі жобаны жүзеге асыру жоспарланған. Қант саласында 2026 жылы Жамбыл облысында қуаттылығы тәулігіне 8 мың тонна шикізат болатын Zhongkai Guoyuan (Anhui) қант зауытының құрылысы басталады. Алматы облысында "Qazaq Arab Sugar" инвесторымен бірінші кезеңде осындай қуатты зауыт салу туралы келісімге қол қойылды.
Ірімшікпен, сүзбемен және шұжық өнімімен қамтамасыз етуді ұлғайту үшін 2026 жылы 35,1 млрд теңге сомасына сүтті қайта өңдеу бойынша 10 жобаны және 32,8 млрд теңге сомасына етті қайта өңдеу бойынша 14 жобаны жүзеге асыру жоспарлануда. Шикізат базасын Солтүстік Қазақстан облысының тәжірибесін тираждау шеңберінде құрылатын жаңа тауарлы сүт фермалары (ТСФ) қамтамасыз етеді. Жалпы қуаттылығы жылына 540 мың тонна сүт өндіретін 95 ТСФ қаржыландырылып, оның ішінде 53 ферма пайдалануға берілді.
Отырыста атап өтілгендей, Қазақстанның агроөнеркәсіптік кешені өнімінің экспорты өсуде. Өсімдік шаруашылығында экспорт көлемі құндық мәнде $2,3 млрд, 41,2%-ға артты. Өсу бидай, күнбағыс майы, мал азығы, арпа және зығыр тұқымы секілді дәстүрлі экспорттық позициялар есебінен қамтамасыз етілді. Мал шаруашылығында экспорт 25,7%-ға өсіп, $222,6 млн-ға жетті.
Сыртқы нарықта қазақстандық АӨК өніміне сұраныс тұрақты сақталуда. Экспорттық жеткізілімнің 80%-дан астамы топ-10 импорттаушы елдің есебінен қалыптастырылады. Бұл ретте Орталық Азия, Қытай және Ресей елі, сондай-ақ Таяу Шығыс пен Еуропа мемлекеті негізгі нарық болып қала береді.
Біздің міндетіміз - дәстүрлі нарықтағы позицияны нығайтып қана қоймай, жаңа перспективаны белгілеу есебінен экспорт аумағын дәйекті түрде кеңейту", - деп атап өтті сауда және интеграция бірінші вице-министрі Айжан Бижанова.
Ол үшін сыртқы сауда-логистикалық инфрақұрылым құрылып, экспортты қолдау құралы кеңейтілуде. Қазақстандық өнімді ілгерілету үшін БАӘ, Моңғолия мен Индонезияны қосқанда, бірқатар елмен ЕАЭО-ның еркін сауда туралы келісімі есебінен қосымша жағдай жасалған.
Экспортты қаржылық және институционалдық қолдау Экспорттық-кредиттік агенттік және "QazTrade" АҚ арқылы жүзеге асырылады. Жыл басынан бері АӨК өнімін экспорттаушыларға шамамен 119 млрд теңге қолдау көрсетілді. Экспорттық акселерация бағдарламалары мен сауда-экономикалық миссиялар жүзеге асырылып, олардың қорытындысы бойынша экспорттық келісімшарттар жасалады.
Отырыста ішкі нарықты мұнай өнімімен қамтамасыз ету мәселесі де қаралды. Мұнай өңдеу саласын дамытудың 2025-2040 жылдарға арналған тұжырымдамасы әзірленген. Ол мұнай өңдеу көлемін 2025-2032 жылдары жылына 18 млн тоннадан 30 млн тоннаға, 2040 жылға қарай 40 млн тоннаға дейін ұлғайтуды көздейді.
Жиынды қорытындылай келе, Вице-премьер Энергетика министрлігіне "Бәйтерек" холдингімен бірлесіп, отынның жаңа түрі мен стратегиялық маңызды өнім өндіру үшін көмір химиясын дамыту әлеуетін егжей-тегжейлі зерделеуді тапсырды. Ауыл шаруашылығы министрлігіне фермерлердің қарсы міндеттемелеріне баса назар аудара отырып, ауыл шаруашылығы мақсатындағы жерді пайдалану тиімділігін арттыру жөніндегі іс-шаралар жоспары мен мемлекеттік қолдау шараларын әзірлеу тапсырылды.
Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.
30.12.2025, 11:52 6721
Экономика мен әлеуметтік саланы дамыту: Үкіметтің заң жобалау жұмыстарының 2026 жылға арналған жоспарының жобасы мақұлданды
Сурет: gov.kz
Достарға айту
Премьер-министр Олжас Бектеновтің төрағалығымен өткен Үкімет отырысында Үкіметтің заң жобалау жұмыстары жоспарының орындалу барысы қаралды. Әділет министрі Ерлан Сәрсембаев баяндама жасады, деп хабарлайды Үкіметтің баспасөз қызметінен.
Үкіметтің 2025 жылға арналған заң жобалау жұмыстарының жоспары 22 заң жобасынан тұрды, оның 3-уіне Мемлекет басшысы қол қойды, 5-уін Парламент қабылдады, 14-і Парламенттің қарауына енгізілді. Қазіргі уақытта жоспар толық көлемде орындалды.
Премьер-министр Олжас Бектенов 2025 жылы маңызды заңнамалық бастамалар қабылданғанын атап өтті. Медициналық сақтандыру, құқық бұзушылық профилактикасы, баламалы энергетиканы дамыту, инвестициялық қорларды реттеу және басқа да маңызды бағыттар бойынша бірқатар заң жобасы әзірленіп, Парламент қарауына енгізілді.
Міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыруға қатысты қабылданған шаралар әр азамат үшін қолжетімді әрі сапалы медициналық қызмет көрсетуге мүмкіндік береді.
Инвестициялық қорлар туралы жаңа заң жобасының ережелері капитал нарығын одан әрі тиімді дамытуға ықпал етеді.
Сонымен қатар заң жобаларын енгізу мерзімдерінің сақталуына қатысты мәселелерге баса назар аударылды. Мемлекеттік органдардың бірінші басшылары заң жобалау жұмыстары жоспарының уақтылы жүзеге асырылуын тікелей бақылауда ұстауы тиіс деп атап өтті Премьер-министр. Сондай-ақ бірқатар жобаға Үкімет Аппараты мен Президент Әкімшілігінің ескертулерінен кейін көп өзгерістер енгізіліп, қайта пысықталуда.
2026 жылы Үкімет заң шығару жұмысының экономика мен әлеуметтік саланың маңызды аспектілеріне қатысты негізгі бағыттарына баса мән береді. Бағыттардың бірі - мемлекеттік мүлікті басқаруды одан әрі жетілдіру.
Мемлекеттің экономикаға қатысу шегін нақты айқындап, басқару ісіне қатысты құқықтық талаптарды бекітіп алу қажет. Біз жұмыскерлердің құқықтарын қорғау және әлеуметтік қамсыздандыру жүйесін нығайту үшін нормативтік базаны жетілдіру бағытында белсенді жұмысты жалғастырамыз. Сондай-ақ мұнай-газ химиясы өнеркәсібін дамытудың жүйелі әрі кешенді тәсілін қамтамасыз ететін заңнамалық бастамалар бар. Келесі жылы барлығы 12 заң жобасын әзірлеу көзделген", - деп атап өтті Премьер-министр.
Премьер-министр мемлекеттік органдардың бірінші басшыларына әрбір заң жобасының сапалы әзірленуін және олардың Мәжіліске уақтылы енгізілуін қатаң бақылауда ұстауды тапсырды. Мемлекеттік органдардың арасында ведомствоаралық үйлестіруді қамтамасыз ету маңызды. Заң жобаларын келісу барысында басы артық бюрократиядан арылып, жедел жұмыс істеу керек.
Әділет министрлігі Мемлекет басшысының, Президент Әкімшілігінің және Үкіметтің заңнамалық тапсырмаларына жыл бойы мониторинг жүргізіп отыруға тиіс.
Белгіленген тәртіппен жоспарлы немесе бастамашылық жасалған заң жобаларына енгізілуін қамтамасыз ету.
Мәселені қарау қорытындысы бойынша отырысқа қатысушылар Үкіметтің заң жобалау жұмыстарының 2026 жылға арналған жоспарын мақұлдады және тиісті қаулыға дауыс берді.
Жоспардың орындалуын жалпы бақылау мен үйлестіру Әділет министрлігіне жүктелді.
Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.
29.12.2025, 18:10 27101
БҰҰ ЭСКАТО: Қазақстан 2025 жылы Солтүстік және Орталық Азия өңірінде жаңа жобаларға инвестиция тарту бойынша көшбасшы
Сурет: Depositphotos
Достарға айту
Біріккен Ұлттар Ұйымының Азия және Тынық мұхиты үшін экономикалық және әлеуметтік комиссиясы (ЭСКАТО) өңір елдеріндегі тікелей шетелдік инвестицияларды тарту динамикасына арналған Asia-Pacific Trade and Investment Trends 2025/2026 есебін жариялады, деп хабарлайды "Kazakh Invest" Ұлттық компаниясы.
Есепке сәйкес, Қазақстан 2025 жылдың қорытындысы бойынша Солтүстік және Орталық Азия өңірінде жаңа (greenfield) жобаларға инвестиция тарту бойынша ең ірі алушы болып, шамамен 19 млрд АҚШ долларын тартты. Бұл өткен жылмен салыстырғанда 266% артық.
Солтүстік және Орталық Азиядағы субөңірішілік инвестициялардың шамамен 89%-ы Қазақстанға тиесілі болды, бұл елдің өңірдегі сөзсіз көшбасшылығын қамтамасыз етті.
Солтүстік және Орталық Азия өңірі 2025 жылы жаңа жобаларға инвестиция көлемінің өсуі тіркелген Азия-Тынық мұхиты кеңістігіндегі жалғыз субөңір болғаны аталып өтті, бұл ретте жаһандық инвестициялық белсенділік жалпы төмендеген. Бұл өсімнің негізгі драйвері дәл Қазақстан болды.
Есепте Қазақстан өңірдегі бірқатар ең ірі инвестициялық жобаларды тартқаны баяндалды, оның ішінде өңдеу өнеркәсібі, жаңа буын металлургиясы, жаңартылатын энергетика және "жасыл" технологиялар салаларындағы ауқымды бастамалар бар.
Инвесторлардың мынадай бағыттарға қызығушылығының өсіп келе жатқаны бөлек көрсетілді:
• жасыл энергетика және сутек экономикасы;
• өнеркәсіптік қайта өңдеуді дамыту;
• экспортқа және қосылған құнның халықаралық тізбектеріне бағдарланған жобалар.
Жаһандық экономикалық белгісіздік жағдайында инвесторлар инвестициялық шешімдер қабылдауға барынша салмақты түрде қарай бастады, нарықтардың ұзақ мерзімді тұрақтылығына, институционалдық ортаның сапасына және жобаларды сүйемелдеудегі мемлекеттік органдар мен инвестициялық агенттіктердің рөліне ерекше мән беруде. Сыртқы сын-қатерлерге қарамастан, Қазақстан ірі халықаралық компанияларды тарта отырып және ұзақ мерзімді тұрақты өсім үшін негіз қалыптастыра отырып, Еуразияның негізгі инвестициялық хабтарының бірі ретіндегі позициясын нығайтуды жалғастыруда", - деп атап өтті ЭСКАТО сарапшылары.
Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.
29.12.2025, 17:40 16901
Роман Скляр MCC International Engineering Group директорлар кеңесінің төрағасымен кездесу өткізді
Достарға айту
Қазақстан Республикасы Премьер-министрінің бірінші орынбасары Роман Скляр Астанаға қытайлық компания делегациясын бастап келген Қытайдың MCC International Engineering Group Co., Ltd компаниясының директорлар кеңесінің төрағасы Чжу Сяофеймен кездесу өткізді, деп хабарлайды Үкіметтің баспасөз қызметінен.
Кездесу барысында тараптар тау-кен және металлургия өнеркәсібі саласындағы ынтымақтастықтың келешегін, сондай-ақ қытайлық инжиниринг компаниясының Қазақстан аумағындағы ірі индустриялық жобаларды жүзеге асыруға қатысу мүмкіндіктерін талқылады.
Роман Скляр MCCI компаниясының жобалаудан бастап жабдықтарды жеткізуге, құрылыс жүргізуге және объектілерді пайдалануға беруге дейінгі жобаларды толық циклде жүзеге асырудағы елеулі халықаралық тәжірибесін атап өтті. Мұндай тәжірибе өндірістік қуаттарды жаңғырту және шикізат базасын дамыту жағдайында қазақстандық өнеркәсіп компаниялары үшін практикалық тұрғыдан аса маңызды.
Келіссөздер барысында Атасу ауданында темір және марганец кенін өңдейтін байыту фабрикасын салу жобасына ерекше назар аударылды. Қазақстан тарапы бұл жобаны тау-кен саласын дамытудың және ел ішінде қосылған құнды арттырудың стратегиялық маңызды элементі ретінде қарастырады.
Роман Скляр Қазақстан Үкіметінің жобаны қажетті ведомствоаралық сүйемелдеуді қамтамасыз етуге және оны жүзеге асыруға байланысты мәселелерді жедел шешуге жәрдемдесуге дайын екенін растады.
Кездесу қорытындысы бойынша тараптар MCC International Engineering Group компаниясының жобаны пысықтауға нақты қатысуы, бірлескен жұмыс тобын құру және ынтымақтастық параметрлерін айқындайтын жол картасын әзірлеу мерзімдерін келісу жөнінде уағдаласты. Сондай-ақ перспективалы тау-кен байыту жобалары бойынша сындарлы диалогты жалғастыруға дайын екендерін растады.
Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.
29.12.2025, 16:27 17156
Үкіметте 2026 жылға арналған ЖІӨ-нің өсу болжамы қаралды
Сурет: Depositphotos
Достарға айту
Үкіметте вице-премьер - ұлттық экономика министрі Серік Жұманғариннің төрағалығымен 2026 жылға арналған әлеуметтік-экономикалық даму болжамы мен ЖІӨ өсу параметрлері талқыланды. Алдағы жылы өңдеу өнеркәсібі, құрылыс, көлік және қоймалау, сауда салалары, өнімдер мен сусындар өндірісі экономикалық өсуге негізгі үлес қосуы тиіс, деп хабарлайды Үкіметтің баспасөз қызметінен.
Өңдеу өнеркәсібінде 2025 жылғы қорытынды бойынша нақты көлем индексі (НКИ) 6% деңгейінде өсуі мүмкін. 2026 жылы Қазақстан Республикасының 2029 жылға дейінгі ұлттық даму жоспары шеңберінде нысаналы көрсеткіш 6,2% деңгейінде болады деп белгіленді.
Өңдеу саласының негізгі драйвері саналатын металлургияда өндірістің өсуі 2026 жылы 3% деңгейінде жоспарланып отыр. Өнім көлемі, ең алдымен, биыл және былтырлары іске қосылған Kyzyl Aray Copper, EkibastuzFerroAlloyse, Kazferrolimited, Shagala Mining және тағы да басқа зауыттардың жобалық қуатының артуы есебінен ұлғаяды. Қара металлургияда ферроқорытпа, болат, жалпақтап жаймаланған темір мен шойын өндірісін, түсті металлургияда алтын, мыс, алюминий, мырыш өндірісін ұлғайту жоспарлануда.
Машина жасауда 2026 жылғы жоспарлы өсу көрсеткіші 13,4% деңгейінде белгіленді. Бұл көрсеткішке биыл іске қосылған "Astana Motors Manufacturing Kazakhstan" ЖШС және "KIA Qazaqstan" ЖШС арқылы жеңіл автомобиль өндіру көлемін 17%-ға ұлғайту есебінен қол жеткізілмек. Бұдан басқа, ауыл шаруашылығы техникасын шығару 5%-ға өседі деп жоспарланған.
Бір айта кететіні, 2025 жылдың қорытындысында 436,5 мың бірлік тұрмыстық техника шығарылмақ. Бұл 2024 жылмен салыстырғанда 1,5 есе артық. Теледидар, кір жуғыш машина, плита пеш және тағыда басқа тұрмыстық техниканы Қазақстанда ""SILK ROAD ELECTRONICS" ЖШС, "АЛМАТЫ ТҰРМЫСТЫҚ ТЕХНИКА ЗАУЫТЫ" ЖШС және "DS Multimedia CA" ЖШС шығарады. 2026 жылы тұрмыстық техниканы 2025 жылмен салыстырғанда 1,5 есе көп өндіру жоспарлануда.
2026 жылы химия өнеркәсібі өндірісінің өсуі 7% деңгейінде болады деп күтілуде. Ол күкірт қышқылы, натрий цианиді, сутегі асқын тотығы және сұйық шыны секілді жаңа қуаттарды енгізу арқылы жүзеге асырылады.
Құрылыс материалын өндіруде биыл отандық тауар өндірушілердің ішкі нарықтағы үлесі 70%-ға жетті. 2026 жылы бұл секторда НКИ 6%-ға өсуі ықтимал. Портландцемент, керамикалық тақтайша, темірбетон мен тауарлық бетон өндірісі драйверге айналады. Резервтер арасында Шымкенттегі керамикалық тақтайша шығаратын жаңа зауыт пен цемент зауыты бар. 2025 жылы цемент өндірісі рекордтық көлемде өседі. 2026 жылы кәсіпорындар жобалық қуатына шыққан сайын өсу де жалғасады.
Сауда саласында 2025 жылдың қорытындысы бойынша тауар айналымы номиналдық мәнде 108,9%-ға дейін өспек. Бұл шамамен 80,3 трлн теңге (+14,6%). 2026 жылғы нысаналы көрсеткіш 106,5% өсіммен 92,4 трлн теңгені құрайды.
Өсім мұнай мен мұнай өнімдерін өндіру көлемін сақтау, азық-түлік және азық-түлік емес тауарларды қайта өңдеудің ауқымды бағдарламасын іске қосу, сондай-ақ Қытай бағытын қоса алғанда, көтерме экспорттық саудаға бағдарланған төрт ірі B2B алаңының жұмысын толықтай бастау арқылы жүзеге асырылады.
Ауыл шаруашылығында 2026 жылы азық-түлік және сусын өндірісінде жоғары өсім болуы мүмкін. Ол тиісінше 109% және 109,3%-ды құрамақ.
Кеңес соңында вице-премьер орталық мемлекеттік органдарға өнеркәсіптік өсудің жоспарлы көрсеткішіне қол жеткізіп, негізгі инвестициялық және инфрақұрылымдық жобаларды жүзеге асыру үшін, қосымша резервтерді пысықтап, ауыл шаруашылығында, сауда мен көлікте тұрақты өсу серпінін қамтамасыз етуге баса назар аудара отырып, салаларды дамытудың жол картасын әзірлеп, ұсынуды тапсырды.
Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.
ИНТЕРНЕТ ТЕЛЕВИДЕНИЕ
KAZAKHSTAN TODAY LIVE
Ең көп оқылғаны
31.12.2025, 12:02Президент ЕАЭО-ға мүше мемлекет басшыларына Үндеу жасады 31.12.2025, 17:05 5781Мемлекет басшысының атына Жаңа жылға орай құттықтау жеделхаттары келіп жатыр31.12.2025, 09:19 4346Қазақстан Сыртқы істер министрлігінде 2025 жылды қорытындылады31.12.2025, 11:58 3526Ақтөбе облысында 41,9 млрд теңгеге алкогольсіз сусындар шығаратын зауыт салынады: Үкімет инвестициялар туралы келісімді мақұлдады31.12.2025, 13:33 3376Қала үшін негізгі шешімдер: Алматы мәслихатының кезектен тыс сессиясының қорытындысы
29.12.2025, 09:02 693712026 жылы Қазақстанда зейнетақылар мен жәрдемақылар қаншалықты өседі26.12.2025, 13:46 63586Мемлекет басшысы Премьер-министр Олжас Бектеновті қабылдады25.12.2025, 20:43 63446Қасым-Жомарт Тоқаев Тараздағы аритмология клиникасының жұмысымен танысты25.12.2025, 16:25 63026Қазақстан мен Израиль "жасыл" технологиялар және қалдықтарды қайта өңдеу саласындағы ынтымақтастықты нығайтуда29.12.2025, 19:40 61211Әкімдіктер туристік нысандарға арналған жерлердің мақсатты пайдаланылуын бақылайтын болады
17.12.2025, 17:47 231876Ташкентте қазақ киносының күндері өтті17.12.2025, 15:52 227396Венада Айман Мұсақожаеваның концерті өтті15.12.2025, 23:30 225681Ұлы Дала әуендері Куала-Лумпурдың жүрегінде жаңғырды15.12.2025, 23:10 222686Бейжіңде "Қазақстанның достары клубының" отырысы өтті15.12.2025, 22:01 213666Прагада Абай Құнанбайұлының 180 жылдығы атап өтілді

