28.05.2024, 12:15 47486

Қазақстанда мұнай-газ-химия өнімдерін өндіру көлемі 2 есеге өсті

Қазақстанда мұнай-газ-химия өнімдерін өндіру көлемі 2 есеге өсті
4 айдың қорытындысы бойынша мұнай өңдеу көлемі 5,9 млн тоннаны, мұнай өнімдерін өндіру көлемі 4,28 млн тоннаны құрады, деп хабарлайды Үкімет отырысында Энергетика министрі Алмасадам Сәтқалиев хабарлады.

МӨЗ, мұнай базалары мен жол бойындағы дизель отынының жиынтық қоры 612 мың тоннаға (38 күн) дейін ұлғайтылды. Атап айтқанда, Аи-92 маркалы бензиннің 352 мың тоннасы (30 күн) және Аи-95 маркалы бензиннің 86 мың тоннасы (30 күн) бар. Қорлар ЖЖМ өндірілуіне және өңірлерден өтінімдер берілуіне қарай үздіксіз толықтырылып отырады.

Мұнайды өңдеу тереңдігі, демек, ҚР-да жеңіл мұнай өнімдерін өндіру 85-тен 87%-ға дейін ұлғайды.

5 мамырда Шымкент МӨЗ-де жоспарлы күрделі жөндеу аяқталды, зауыт штаттық режимде жұмыс істейді.

Осылайша, ЖЖМ нарығындағы жағдай 2023 жылмен салыстырғанда жақсарды", - деп атап өтті ведомствода.


Сонымен қатар мұнай өнімдерін өндіруді кеңейту есебінен ұлғайту жоспарлануда:

• Ақтау битум зауыты - 1-ден 1,5 млн тоннаға дейін (2025 ж.);

• Атырау МӨЗ - 5,5-тен 6,7 млн тоннаға дейін (2027 ж.);

• Павлодар ҰХЗ - 5,5-тен 8 млн тоннаға дейін (2030 ж.);

• Шымкент МӨЗ - 6-дан 12 млн тоннаға дейін (2030 ж.).

Аталған жобаларды іске асыру ішкі нарықтың ЖЖМ-ге деген өсіп келе жатқан қажеттілігін 100%-ға қамтамасыз етуге, сондай-ақ мұнай өнімдерін көрші елдерге экспорттауға мүмкіндік береді", - деп атап өтті ҚР Энергетика министрлігі.

 

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.


МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны