12.10.2021, 20:32 16930

Қазақстанда мемлекеттік сатып алулар саласында 155 млрд теңгеге бұзушылықтар анықталды

Аудитпен 1 трлн 671 млрд теңге бюджет қаражаты қамтылды.
НҰР-СҰЛТАН. 12 ҚАЗАН - Мемлекеттік аудит 155 млрд теңгеге мемлекеттік сатып алу саласындағы қаржылық бұзушылықтарды анықтады. Бұл туралы Үкімет отырысы барысында Қазақстанның қаржы министрі Ерұлан Жамаубаев айтты, деп хабарлайды KAZAKHSTAN TODAY ҚР Премьер-Министрінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
 

Биыл 9 айдың ішінде камералдық бақылаумен 5,7 трлн теңгеге 675 мыңнан аса мемлекеттік сатып алу рәсімі қамтылды. Тексеру қорытындылары бойынша 32,4 мың рәсім бойынша бұзушылықтар анықталып, оларды жою туралы жіберілген хабарламаның 98%-ы мемлекеттік аудит объектілерімен орындалды", - деді Жамаубаев.

 
Ол, сондай-ақ, 2 542 аудиторлық іс-шара өткізілгенін атап өтті.
 

Аудитпен 1 трлн 671 млрд теңге бюджет қаражаты қамтылды. 155 млрд теңге сомасына қаржылық бұзушылықтар анықталды", - деді Қаржы министрі.

 
Оның айтуынша, тауарларды жеткізумен, қызметтерді көрсетумен және жұмыстарды орындаумен қалпына келтіру, бюджетке өтеу және есепте көрсету жолымен 123 млрд теңгеге бұзушылықтар жойылды.
 
Сонымен қатар, аудит объектілері қызметін жетілдіру және тиімділігін арттыру үшін 2 мыңнан аса ұсыным берілді.
 
 Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны