13.07.2022, 15:49 8756

Қазақстанда монополияға қарсы органмен келісуді талап ететін мәмілелер санын қысқарту жоспарлануда

Бірқатар активтермен жасалатын мәмілелерді реттеуден толық шығару жоспарлануда: жер учаскелері, ғимараттар, құрылыстар, құрылысжайлар, үй-жайлар/үй-жайлар бөліктері, өнеркәсіптік мақсаттағы емес құрылысы аяқталмаған объектілер.
НҰР-СҰЛТАН. 13 ШІЛДЕ - Бизнеске реттеушілік жүктемені төмендету мақсатында Бәсекелестікті қорғау және дамыту агенттігі монополияға қарсы органмен алдын ала келісуді талап ететін мәмілелер санын қысқартуды жоспарлап отыр, деп хабарлайды KAZAKHSTAN TODAY ҚР БҚДА баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
 
БҚДА ақпараты бойынша, Қазақстанда бірқатар активтермен жасалатын мәмілелерді реттеуден толық шығару жоспарлануда: жер учаскелері, ғимараттар, құрылыстар, құрылысжайлар, үй-жайлар/үй-жайлар бөліктері, өнеркәсіптік мақсаттағы емес құрылысы аяқталмаған объектілер.
 

Қалған мәмілелер бойынша оларды асырған кезде монополияға қарсы органның келісімі талап етілетін шекті мәндерді айтарлықтай арттыру ұсынылады", - деп нақтылады баспасөз қызметінде.

 
Бұдан басқа, қажетті құжаттар тізбесін 2 еседей қысқарту және мәмілелерді келісудің рәсімдік мерзімін оңтайландыру жоспарланады. 
 
Сондай-ақ кәсіпкерлік субъектілері монополияға қарсы органға ұсынатын есептілікті қысқарту жоспарланды. Атап айтқанда, бұл өткізілген сауда-саттық пен сатып алу туралы ақпаратқа қатысты.
 

Жалпы, әкімшілік кедергілер және шамадан жыс мемлекеттік реттеу экономиканың түрлі секторларында бәсекелестіктің дамуын тежейтін жүйелі пробелмелар болып табылады. Сондықтан Агенттіктің негізгі жұмысы бизнеске реттеушілік жүктемені азайтуға бағытталған", - деп толықтырды ведомствода.

 
 Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.
МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны