09.03.2022, 18:18 33141

Қазақстанда нысанды киім өндірушілер бағаның өсуіне байланысты мемлекеттік тапсырыстардан жаппай бас тартады

Қазақстанда нысанды киім өндірушілер бағаның өсуіне байланысты мемлекеттік тапсырыстардан жаппай бас тартады
Сурет: depositphotos.com
НҰР-СҰЛТАН. 9 НАУРЫЗ - Нұр-сұлтанның тоқыма компаниялары арнайы киім тігу бойынша Мемлекеттік қорғаныс тапсырысын орындай алмайтындықтарын мәлімдеді. Оқушылар да, әскерилер де формасыз қалуы мүмкін, деп хабарлайды KAZAKHSTAN TODAY «Атамекен» ҚР ҰКП-ның баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Тоқыма компаниялары мата-материалдың қымбаттауы және валюта бағамының өсуі салдарынан арнайы киім, мектеп формасын тігу бойынаш келісімшарттық міндетмелерді орындай алмайтынын бір ауыздан айтты, деп "Атамекен" Ұлттық палатасының баспасөз қызметі хабарлады.

Шикізатты жеткізушілердің бәрі валюта бағамының құбылуына байланысты келісімшарт жасауға қорқады. Алда мектеп науқаны келе жатыр, біз тіге алмаймыз, оған ресурс тапшы. Жетізушілер келісімшарт жасауға асықпайды, өйткені ертең баға өзгеріп кетпесіне кепілдік жоқ", - деді спикер.


«Прогресс» тігін фабрикасы» ЖШС өкілі Нұржан Манкин оның фабрикасы Қорғаныс министрлігімен 2021 жылдың күзіндегі бағамен келісімшарт жасағанын айтты. Ал қазір Қытай және Ресей өндірген материалының бағасы 30-40%-ға қымбаттады.

Қазіргі уақытта біз келісімшартты да орындай алмаймыз", - деп атап өтті ол.


Оның әріптесі, «КазСПО-N» ЖШС Бас директоры Елена Свечникова қазіргі жағдайда Қорғаныс министрлігімен олар жасауға ниеттенген келісісшарт тиімсіз болғанын, сондықтан олар одан бас тартуға мәжбүр болатынын атап өтті.

 
 Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны