09.02.2023, 13:57 44661

Қазақстанда тұрғын үйді жалға беру бағасының төмендеу үрдісі жалғасуда

Қазақстанда тұрғын үйді жалға беру бағасының төмендеу үрдісі жалғасуда
Бір айда жалға беру бағасы 2,5%-ға төмендеді

Астана. 9 ақпан. KAZAKHSTAN TODAY - Тұрғын үйді жалға беру нарығында бағаның төмендеу тенденциясы байқалып отыр, алдыңғы аймен салыстырғанда 2023 жылдың қаңтарында баға 2,5%-ға төмендеді. Бұл туралы Ұлттық статистика бюросы хабарлады.

Статведомствоның мәліметі бойынша, абаттандырылған тұрғын үйді жалға беру төлемі өткен жылғы тиісті аймен салыстырғанда 2023 жылғы қаңтарда 34,3% артты.

Бір жылда (2023 жылғы қаңтар 2022 жылғы қаңтарға) қолданыстағы пәтерлерді қайта сату бағаcы - 18,7%, жаңа тұрғын үйлерді сату 14% өсті. Бір айдың ішінде (2023 жылғы қаңтар 2022 жылғы желтоқсанға) жаңа тұрғын үйді сату бағасы - 0,7%, қолданыстағы пәтерлер саудасындағы баға 0,3% өсті.

gov.kz

Өңірлер бөлінісінде жаңа пәтерлер нарығында жылдық мәнде баға едәуір Ақтау - 28,2%, Ақтөбе - 25,4%, Петропавл - 20,9% қалаларында өсті. Қолданыстағы пәтерлер саудасы нарығында Семей (46,8%), Қызылорда (38,8%), Ақтөбе (37,3%), Ақтау (35,4%), Талдықорған (32,9%), Қостанай (31%) қалалары көп бастап тұр, ал тұрғын үйді жалға алу нарығында баға Қостанай (55,6%), Көкшетау (55,1%), Алматы қалаларында (50,7%) жоғары өсім көрсеткен.

Жаңа тұрғын үйді сату бағасы 2023 жылғы қаңтарда республика бойынша орташа есеппен бір шаршы метр үшін 481 891 теңгені, пәтерлерді қайта сату - бір шаршы метр үшін 515 019 теңгені, жалдау бағасы - бір шаршы метр үшін 4 671 теңгені құрады.

$1 = 455,6 теңге.

Бұған дейін хабарланғандай, Қазақстанда 2023 жылы 15 млн шаршы метрден астам тұрғын үйді пайдалануға беру жоспарланып отыр.
 

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.


тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны