19.05.2022, 16:01 19416

Қазақстанда тағы 350 теңгеге темекі қымбаттауы мүмкін

Қазақстанда тағы 350 теңгеге темекі қымбаттауы мүмкін
Сурет: Depositphotos
НҰР-СҰЛТАН. 19 МАМЫР - ҚР Қаржы министрі Ерұлан Жамаубаев 2024 жылға қарай темекі бірден 300-350 теңгеге қымбаттауы мүмкін екенін айтты. 
 

Темекіге қатысты келісім қазірдің өзінде ратификацияланды. 2024 жылға қарай біз 1000 темекіге акцизді теңгемен есептегенде 35 еуроға дейін көтереміз. Сонда бір қорабы 300-350 теңгедей болады деп есептей беріңіз. Алкоголь өнімдеріне келсек, бізде акциз айтарлықтай жоғары. Соған қарамастан қазір ЕурАзЭҚ аясында тиісті келісім әзірленіп жатыр. Ол күшіне енгеннен кейін біз де алкоголь өнімдеріне акциздерімізді біртіндеп жақындатамыз", - деді Ерұлан Жамаубаев Сенат отырысынан кейін журналистерге.

 
Министрдің айтуынша, үкіметте құрамында қанты бар сусындардың бағасын көтеру мәселесі де талқыланып жатыр. Дегенмен әзірше бағам бойынша бір ымыраға келген жоқ.
 

Бағаларды қарау керек, біз үшін теңгерімді сақтау маңызды. Бір жағынан ұлт денсаулығы, екінші жағынан кәсіпорындар зардап шекпеуі үшін. Өйткені мұны акциздер есебінен салық төлейтін шағын және орта бизнес жасайды. Екінші жағынан, бұл – бюджет мүддесі. Бәрін баланста ұстауға тырысамыз", - деп түсіндірді Қаржы министрлігінің басшысы.

 
Естеріңізге сала кетейік, Қаржы министрлігінің бұйрығына сәйкес 2022 жылдың 1 шілдесінен бастап темекінің ең төменгі бөлшек сауда бағасы 570 теңгені құрайды.

Ақпарат көзі: zakon.kz
 
 Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.
МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны