Қазақстанда ұялы байланыс пен интернет айтарлықтай қымбаттады
2024 жылғы шілдеде айлық инфляция деңгейі 0,7% құрады (ағымдағы жылғы маусымда - 0,4%). Ақылы қызметтердің бағасы 1,6%, азық-түлікке жатпайтын тауарлар - 0,7%, азық-түлік тауарлары 0,2% өсті, деп хабарлайды Ұлттық статистика бюросының баспасөз қызметінен.
Бағаның өсуі ұялы байланыс үшін 11,5%, интернет-байланыс қызметі бойынша 6,8% өсті. Әуе көлігінің қызметі 12,9%, кешенді демалысты ұйымдастыру қызметі 11,5% қымбаттады.
Ағымдағы жылдың шілде айында баллондардағы сұйытылған газ бағасы 5,3% өсті. Ыдыс-аяқ 1%, киім мен аяқ киім 0,8% қымбаттады. Дәрі-дәрмектер бағасы 0,6% өсті.
Азық-түліктен қырыққабат бағасы 16,8%, картоп - 7,5%, пияз - 7,3% өсті. Темекі өнімдері - 3,8%, минералды су 1,6% өсті. Бір ай ішінде арзандаған тауарлар ішінде қызанақ бағасы 18,2% төмендеді, тәтті бұрыш - 11,2%, қызылша - 6,3%, қияр - 5,8%, сәбіз 2,1% арзандады.
Өңірлердің ішінде ең жоғары айлық инфляция Астана қаласында - 1,3% (орташа республикалық деңгейден 0,6 п.т. жоғары), ең төмені Қостанай облысында - 0,2%.
Өңірлер бөлінісінде ең жоғары азық-түлік тауарларының бағалары Павлодар облысында - 1%, азық-түлік емес тауарлары бойынша Түркістан облысында 2,1%, ақылы қызметтер бойынша Жамбыл облысында - 4,4%.
2024 жылғы шілдеде айлық инфляция деңгейі 0,7% құрады (ағымдағы жылғы маусымда - 0,4%). Ақылы қызметтердің бағасы 1,6%, азық-түлікке жатпайтын тауарлар - 0,7%, азық-түлік тауарлары 0,2% өсті.
Бағаның өсуі ұялы байланыс үшін 11,5%, интернет-байланыс қызметі бойынша 6,8% өсті. Әуе көлігінің қызметі 12,9%, кешенді демалысты ұйымдастыру қызметі 11,5% қымбаттады.
Ағымдағы жылдың шілде айында баллондардағы сұйытылған газ бағасы 5,3% өсті. Ыдыс-аяқ 1%, киім мен аяқ киім 0,8% қымбаттады. Дәрі-дәрмектер бағасы 0,6% өсті.
Азық-түліктен қырыққабат бағасы 16,8%, картоп - 7,5%, пияз - 7,3% өсті. Темекі өнімдері - 3,8%, минералды су 1,6% өсті. Бір ай ішінде арзандаған тауарлар ішінде қызанақ бағасы 18,2% төмендеді, тәтті бұрыш - 11,2%, қызылша - 6,3%, қияр - 5,8%, сәбіз 2,1% арзандады.
Өңірлердің ішінде ең жоғары айлық инфляция Астана қаласында - 1,3% (орташа республикалық деңгейден 0,6 п.т. жоғары), ең төмені Қостанай облысында - 0,2%.
Өңірлер бөлінісінде ең жоғары азық-түлік тауарларының бағалары Павлодар облысында - 1%, азық-түлік емес тауарлары бойынша Түркістан облысында 2,1%, ақылы қызметтер бойынша Жамбыл облысында - 4,4%.
2024 жылғы шілдеде жылдық мәнде инфляция деңгейі 8,6% құрады. Ақылы қызметтердің бағасы 14,5%, азық-түлік емес тауарларының бағасы - 7,3%, азық-түлік тауарларының бағасы 5,5% өсті.
2023 жылғы шілдесімен салыстырғанда тарифтер су бұруға 42,7%, суық суға - 36,5%, орталық жылытуға - 33%, электр энергиясына - 31%, ыстық суға - 29,6%, қоқыс шығаруға 25,1% өсті. Денсаулық сақтау қызметтері 11,4%, байланыс қызметтері 10,7% қымбаттады. Ацетилсалицил қышқылының бағасы 59,4%, белсендірілген көмірге - 32,1%, хилак фортеге - 25,4%, парацетамолға 19,8% өсті. Банан - 29,9%, жүзім - 26,6%, қияр - 23,5%, зәйтүн майы 20,2% қымбаттады. Керісінше, жылдық мәнде пияз 34,8%, қарақұмық жармасы - 22,1%, күнбағыс майы - 20,8%, қырыққабат 19% арзандады.
Инфляция деңгейін сипаттайтын тұтыну бағалары индексінің көрсеткіші ай сайын есептеледі. Бақылаулар қызметтер мен тауарлардың тарифтері мен бағалары - барлығы 508 позиция бойынша жүргізіледі. Инфляция бойынша динамикалық өзгерістерді 2018 жылдан бастап көрсеткіштер қамтылған арнайы әзірленген интерактивті дашбордта көруге болады.
2024 жылғы қаңтардан бастап тұтыну бағаларының индексін есептегенде азық-түлік тауарларының үлесі - 42,0%, азық-түлік емес тауарлар - 29,8%, ақылы қызметтер 28,2% құрады.
Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

