03.08.2022, 16:25 7021

Қазақстандық ауылдардың шамамен 40%-ында орталық су құбыры жоқ

Бұл елді мекендерге су құбырын тарту тиімсіз болғандықтан, арнайы блок-модульдер арқылы сумен қамтамасыз етуді жоспарлап отыр.
НҰР-СҰЛТАН. 3 ТАМЫЗ - Ел тұрғындарының 96 проценті ауыз сумен қамтылған. Мұндай деректі Ұлттық экономика министрлігі мәлімдеп отыр. Айтуларынша, қалалар мен ірі ауылдардың барлығына тіршілік көзі тартылды, тек шағын елді мекендер ауызсуға қол жеткізе алмай отыр. 
 
Дәлірек айтсақ, 40 процент ауылдың мәселесі әлі шешілмеген. Бұл елді мекендерге су құбырын тарту тиімсіз болғандықтан, арнайы блок-модульдер арқылы сумен қамтамасыз етуді жоспарлап отыр. Осылайша 2025 жылға дейін ауылдарды тіршілік нәрімен толықтай қамтып, автомобиль жолдары да жөнделеді, дейді мамандар. 
 

Біздің мақсатымыз - 25 жылы республикалық маңызы бар жолдарды 100% нормативтік күйінде қамтамасыз ету және жергілікті жолдарды 95%. Жолдың көрсеткіштері бар, әр өңірдің көрсеткіштері бар. Жол бойынша Батыс Қазақстан, жалпы батыс облыстары", - деді ҚР ҰЭМ өңірлік даму департаментінің директоры Дәурен Жамбайбек.


 
Ақпарат көзі: 24.kz
 
 Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.
МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны