16.02.2021, 18:55 19871

Қазақстанның авиациялық әкімшілігі Qazaq Air әуе компаниясының инспекциясын бастады

Әуе арқылы қызмет көрсететін компаниялар жылына кем дегенде бір рет тексеріледі. Бұл тексерістің өткен сенбідегі Qazaq Air компаниясының ұшақтарына қатысты оқиғаларға қатысы жоқ.
Нұр-Сұлтан. 16 ақпан. Kazakhstan Today - Қазақстанның авиациялық әкімшілігі Qazaq Air әуе компаниясына жоспарлы инспекцияны бастады, деп хабарлайды ҚР ИИДМ Азаматтық авиация комитетінің Telegram арнасы.
 

Әуе компаниясының ұшуды пайдалану, ұшуға жарамдылығы және медициналық саладағы, сондай-ақ лицензиялар мен сертификаттар беру бойынша қызметі тексеріледі. Қазақстанның авиациялық әкімшілігі жылына кемінде бір рет әуе кемелерін пайдаланушыларға инспекция жүргізеді", - делінген комитеттің хабарламасында.

 
 "Қазақстанның авиациялық әкімшілігі" АҚ Бас директорының бірінші орынбасары Линда Орлэдидің айтуынша, әуе арқылы қызмет көрсететін компаниялар жылына кем дегенде бір рет тексеріледі. Qazaq Air әуе компаниясын тексеруге 10 маманнан тұратын инспекциялық комиссия жолданады. Алайда бұл тексерістің өткен сенбідегі Qazaq Air компаниясының ұшақтарына қатысты оқиғаларға қатысы жоқ.
 
Еске сала кетсек 12 ақпанда сағат түнгі 23.20-да елордада Qazaq Air әуе компаниясының Нұр-Сұлтан – Шымкент бағытындағы QAZ427 рейсінде оқыс оқиға тіркелген болатын. Ұшақтың ортаңғы шассиінің тысы жарылып, онымен ұшақ 700 метрдей қозғалып үлгерген. Осыдан соң әуе кемесі тұраққа жеткізілген еді. 
 
Ақпарат көзі: inform.kz
 
 Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.
МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны