27.08.2022, 12:05 13866

"ҚазАвтоЖол" және "Казахавтодор" бірыңғай жол компаниясына біріктірілді

"ҚазАвтоЖол" және "Казахавтодор" бірыңғай жол компаниясына біріктірілді
НҰР-СҰЛТАН. 27 ТАМЫЗ - Қазіргі таңда "ҚазАвтоЖол" және "Казахавтодор" бірыңғай жол компаниясына біріктірілді, деп хабарлайды KAZAKHSTAN TODAY ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
 

Қолға алынған шаралар республикалық маңызы бар жолдарды тәулік бойы күтіп ұстауды қамтамасыз етуде жедел әрі нақты шешім қабылдауға үлкен септігін тигізбек", - деп атап өтті ИИДМ баспасөз қызметі.

 
Президент тапсырмасын жүзеге асыру мақсатында Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігі аталған екі жол операторын біріктіру бойынша Үкімет қаулысының жобасын дайындады. Жобада "ҚазАвтоЖол" Ұлттық компаниясы "Казахавтодор" ЖШС-дағы мемлекеттік үлесті сатып алу жолымен ұлттық компанияны Бірыңғай автожол операторы ретінде қайта құру қарастырылды. 
 

Атап айтқанда, аталған компаниялардың облыстық филиалдарының әкімшілік-басқару персоналын қысқарту жолымен біріктіру және қайталанатын функцияларды қысқарту", - деп түсіндірді ведомствода.

 
Баспасөз қызметі биыл шілде айында Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Үкіметтің кеңейтілген отырысында "ҚазАвтоЖол" мен "Казахавтодорды" біріктіріп, біртұтас автожол компаниясын құруды тапсырғанын еске салды.
 

Қазір еліміздегі жолдың жай-күйін қадағалап, қызмет көрсететін екі негізгі оператор бар. Турасын айтсақ, екеуі де бір жұмысты атқарып отыр, жұмысшыларының саны да қажетті шамадан артық. Соған қарамастан, азаматтардан келіп жатқан орынды арыз-шағымдар азаяр емес, ал жолдың сапасы мүлде сын көтермейді", – деп атап өтті Мемлекет басшысы Үкіметтің кеңейтілген отырысында.

 
 Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.
МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны