04.07.2017, 14:07 4963

Азық-түлік қауіпсіздігі жөніндегі Ислам ұйымы мен "ҚазАгро" ұлттық басқарушы холдингі" АҚ Өзара түсіністік туралы моморандумға қол қойды

Кездесу барысында серіктестермен бірлескен жұмыстыӊ екі негізгі бағыты анықталды - Қазақстанныӊ агроөнеркәсіп кешеніндегі инвестициялар және АҚИҰ қатысушы елдердегі отандық аграрлық өндірушілердіӊ өнімдерін экспорттауға көмек көрсету. Бұдан басқа, тараптар алға қойған жоспарларды ілеспелі тиімді іске асыру мәселелерініӊ кеӊейтілген көлемін талқылады.

Астана. 4 шілде. Kazakhstan Today - Азық-түлік қауіпсіздігі жөніндегі Ислам ұйымы мен "ҚазАгро" ұлттық басқарушы холдингі" АҚ Өзара түсіністік туралы моморандумға қол қойды.

Қазақстандық азық-түлік өндірушілердіӊ Парсы шығанағы, Африка және Орта Азияныӊ 30-дан астам елдіӊ нарығына шығуы үшін алдағы уақытта екі ұйымныӊ ынтымақтастығы қамтамасыз етуі мүмкін. Бұл туралы "ҚазАгро" ұлттық басқарушы холдингі" және Азық-түлік қауіпсіздігі жөніндегі Ислам ұйымы (АҚИҰ) арасында Астанада өткен кездесуде айтылды.

Кездесу барысында серіктестермен бірлескен жұмыстыӊ екі негізгі бағыты анықталды - Қазақстанныӊ агроөнеркәсіп кешеніндегі инвестициялар және АҚИҰ қатысушы елдердегі отандық аграрлық өндірушілердіӊ өнімдерін экспорттауға көмек көрсету. Бұдан басқа, тараптар алға қойған жоспарларды ілеспелі тиімді іске асыру мәселелерініӊ кеӊейтілген көлемін талқылады.

Екі ұйымныӊ бастамалары Өзара түсіністік туралы бірлескен моморандумда бекітілді, оған Азық-түлік қауіпсіздігі жөніндегі Ислам ұйымы тарапынан АҚИҰ секретариатыныӊ Бас директоры Ержан Жалмұханов және "ҚазАгро" ұлттық холдингі тарапынан оныӊ Басқарма төрағасы Нұрлыбек Малелов қол қойды.

Екіжақты құжат ынтымақтастықтыӊ келісілген бағыттары бойынша мәнді жұмысты болжайтынын атап өту қажет. Мысалы, Қазақстанныӊ АӨК инвестициялар бөлігінде бірлескен қызмет жоспарланады, ол экспортқа бағдарланған ауылшаруашылық жобаларын қаржыландырумен, тікелей инвестициялар қорыныӊ құралдары арқылы тікелей шетелдік инвестициялар тартумен, аграрлық саладағы жобаларды қаржыландыру үшін қаржы өнімдері мен исламдық қаржыландыру әдіснамасын әзірлеумен, сондай-ақ кейіннен АӨК саласында инновацияларды енгізу арқылы технологиялардыӊ трансфертімен байланысты.

Қазақстандық экспортты қолдау ісінде "Азық-түлік келісім шарт корпорациясы" ҰК" АҚ арқылы сауда операцияларын кеӊейту, Ислам ынтымақтастығы ұйымына мүше елдерде ауылшаруашылық өнімдерініӊ өндірісі және жеткізу үшін пайдаланылуы мүмкін қайтадан енгізілген суармалы жерлерді қоса алғандағы республиканыӊ экономикалық әлеуетініӊ картасын әзірлеуге көмек көрсету болжанады. Бұдан басқа, АҚИҰ және "ҚазАгро" Ислам ынтымақтастығы ұйымыныӊ азық-түлік тауарларыныӊ көздері-елдерініӊ картасына Қазақстанды енгізуге көмектесу жөнінде келісті.

Азық-түлік қауіпсіздігі жөніндегі Ислам ұйымы Қазақстан Президенті Н.Назарбаевтыӊ Ислам ынтымақтастығы ұйымы елдерініӊ сыртық істер министрлерініӊ 38-ші сессиясы барысында айтқан бастамасы бойынша құрылды.

Ұйым мүше-елдердіӊ ауыл шаруашылығын, азық-түлік қауіпсіздігін тиімді дамыту, биотехнологияларды дамыту, шөлдену, эрозия және топырақтыӊ тұздануынан туындаған проблемаларды шешу бойынша техникалық дайындықты қамтамасыз етеді. Ұйым азық-түлік қауіпсіздігін қамтамасыз ету үшін резервтер құру арқылы төтенше және гуманитарлық көмек көрсете алады. Ұйымға 31 ел кіреді.

"ҚазАгро" ұлттық басқарушы холдингі" АҚ өзініӊ құрылымына кіретін компаниялардыӊ инвестициялық активтерін тиімді басқару арқылы, Қазақстанныӊ агроөнеркәсіптік кешенін дамыту бойынша мемлекеттік саясатты іске асырады. Холдингтіӊ құрамына "Азық-түлік келісім-шарт корпорациясы" ұлттық компаниясы" АҚ, "ҚазАгроӨнім" АҚ, "ҚазАгроҚаржы" АҚ, "Аграрлық несие корпорациясы" АҚ, "Ауыл шаруашылығын қаржылай қолдау қоры" АҚ, "ҚазАгроКепіл" АҚ және "ҚазАгроМаркетинг" АҚ енеді.

Ақпаратты пайдаланИан жаИдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық қИқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны