21.10.2021, 19:21 56233

ҚазТрансОйл магистральдық мұнай құбырлары жүйесі бойынша мұнай тасымалдауды жылына 900 мың тоннадан астамға қысқартты

"ҚазТрансОйл" АҚ 2021 жылғы қаңтар-қыркүйектегі өндірістік қорытындыны шығарды.
НҰР-СҰЛТАН. 21 ҚАЗАН - "ҚазТрансОйл" АҚ 2021 жылғы қаңтар-қыркүйектегі өндірістік қорытындыны шығарды. Есепті кезеңде "ҚазТрансОйл" АҚ магистральдық мұнай құбырлары жүйесімен 30 млн 824 мың тонна мұнай тасымалданды, бұл 2020 жылдың 9 айына қарағанда 918 мың тоннаға төмен, деп хабарлайды KAZAKHSTAN TODAY "Қазақстан қор биржасы" АҚ баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
 

"ҚазТрансОйл" АҚ магистральдық мұнай құбырлары жүйесімен Қазақстан Республикасының мұнай өңдеу зауыттарына мұнай тасымалдау көлемі 2020 жылғы қаңтар-қыркүйектегі көрсеткішпен салыстырғанда 1 млн 364 мың тоннаға ұлғайып, 12 млн 755 мың тоннаны құраған. "Атырау мұнай өңдеу зауыты" ЖШС-ға 4 млн 25 мың тонна мұнай, "ПетроҚазақстан Ойл Продактс" ЖШС-ға 3 млн 664 мың тонна мұнай, "Павлодар мұнай-химия зауыты" ЖШС-ға 4 млн 316 мың тонна мұнай, "CASPI BITUM" БК" ЖШС-ға 750 мың тонна мұнай жеткізілді", - делінген компанияның Қазақстан қор биржасының сайтында жарияланған есебінде.

 
 "Өзен-Атырау-Самара" магистральдық мұнай құбырының "Атырау-Самара" учаскесі бойынша мұнай тасымалдау көлемі 9 млн 38 мың тоннаны құрады, бұл 2020 жылдың ұқсас кезеңімен салыстырғанда 2 млн 46 мың тоннаға төмен. Қазақстан Республикасының аумағында орналасқан "ТОН-2" мұнай құбыры учаскесі бойынша 8 млн 256 мың тонна мұнай тасымалданды, бұл 2020 жылдың ұқсас кезеңімен салыстырғанда 103 мың тоннаға артық. "Атасу-Алашанькоу" магистральдық мұнай құбырына 8 млн 201 мың тонна мұнайды ауыстырып тиеу жүзеге асырылды. 2020 жылдың ұқсас кезеңімен салыстырғанда көрсеткіш 297 мың тоннаға артты. 
 
 "Каспий Құбыр Консорциумы-Қ" АҚ жүйесіне мұнайды ауыстырып тиеу көлемі 361 мың тоннаны құрады, бұл 2020 жылдың 9 айының көрсеткішінен 111 мың тоннаға төмен. 
 
 "ҚазТрансОйл" АҚ-тың қуаттарын пайдалана отырып, Ақтау портында танкерлерге мұнай құю 1 млн 573 мың тоннаны құрады, бұл 2020 жылдың 9 айының көрсеткішімен салыстырғанда 15 мың тоннаға артық. 
 
Магистральдық мұнай құбырлары жүйесі арқылы мұнайдың жүк айналымы жеке "ҚазТрансОйл" АҚ бойынша 26 млрд 54 млн тонна-километрді құрады, бұл 2020 жылдың ұқсас кезеңіндегі көрсеткіштен 978 млн тонна-километрге төмен. 
 
 "ҚазТрансОйл" АҚ мұнайының шоғырландырылған жүк айналымы 32 млрд 527 млн тонна-километрді құрады, бұл 2020 жылдың 9 айына қарағанда 280 млн тонна-километрге төмен. 
 
 "Қазақстан-Қытай құбыры" ЖШС мұнай құбырлары жүйесі бойынша 13 млн 30 мың тонна тасымалданды, бұл 2020 жылдың ұқсас кезеңіндегі көрсеткіштен 1 млн 388 мың тоннаға артық. 
 
Мұнай жүк айналымы 11 млрд 683 млн тонна-километрді құрады, бұл 2020 жылдың 9 айының нәтижесінен 1 млрд 73 млн тонна-километрге артық. 
 
 Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны