19.04.2022, 15:23 20621

Беларусь Қазақстанға әуе рейстерінің санын көбейтуде

29 сәуірден бастап Беларусьтің "Белавиа" әуекомпаниясы Минскіден Нұр-Сұлтан және Алматы қалаларына ұшатын халықаралық рейстердің санын арттыруды жоспарлап отыр.
НҰР-СҰЛТАН. 19 СӘУІР - 29 сәуірден бастап Беларусьтің "Белавиа" әуекомпаниясы Минскіден Нұр-Сұлтан және Алматы қалаларына ұшатын халықаралық рейстердің санын арттыруды жоспарлап отыр, деп хабарлайды KAZAKHSTAN TODAY ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
 
Минск – Нұр-Сұлтан бағыты бойынша ұшатын рейстер санын аптасына 5-тен 7-ге дейін, Минск – Алматы бағытында аптасына 3-тен 7 рейске дейін арттыру жоспарлануда. Осылайша, екі ел арасында EMB190, EMB 170, Boeing 737 әуе кемелерінде аптасына 14 рейс орындалады.
 

Барлық рейс санитарлық-эпидемиологиялық талаптарды қатаң сақтай отырып және әуекомпания сайтында жарияланған кестеге сәйкес жүзеге асырылатын болады", - деді ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігінде.

 
Естеріңізге сала кетейік, 26 сәуірден бастап QazaqAir қазақстандық әуекомпаниясы Атырау мен Астрахань арасындағы халықаралық рейстерді қайта бастайды.
 
 Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны