15.12.2021, 19:46 375456

Бюджеттік сала қызметкерлерінің жалақысы 2022 жылдың 1 қаңтарынан бастап өседі

Бюджеттік сала қызметкерлерінің жалақысы 2022 жылдың 1 қаңтарынан бастап өседі
НҰР-СҰЛТАН. 15 ЖЕЛТОҚСАН - "Азаматтық қызметшілерге, мемлекеттік бюджет қаражаты есебінен ұсталатын ұйымдардың қызметкерлеріне, қазыналық кәсіпорындардың қызметкерлеріне еңбекақы төлеу жүйесі туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2015 жылғы 31 желтоқсандағы №1193 қаулысына өзгеріс енгізу туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысы қабылданды, деп хабарлайды KAZAKHSTAN TODAY ҚР Премьер-Министрінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
 
Үкімет қаулысына сәйкес, жоғары және (немесе) жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру ұйымдарын қоспағанда, білім беру ұйымдары педагогтерінің ЛА (тарифтік мөлшерлемелері) ЛА-ның белгіленген мөлшеріне: 2020 жылғы 1 қаңтардан бастап 1,25 мөлшерінде; 2021 жылғы 1 қаңтардан бастап 1,5 мөлшерінде; 2022 жылғы 1 қаңтардан бастап 1,75 мөлшерінде; 2023 жылғы 1 қаңтардан бастап 2,0 мөлшерінде түзету коэффициентін қолдана отырып айқындалады.
 
Медицина және фармацевтика жұмыскерлерін қоспағанда, мемлекеттік ұйымдардың: стационарлық және жартылай стационарлық үлгідегі медициналық-әлеуметтік мекемелердің, үйде қызмет көрсету, уақытша болу ұйымдарының, жұмыспен қамту орталықтарының басқарушы, негізгі персоналдары жұмыскерлерінің ЛА (тарифтік мөлшерлемелері) ЛА-ның белгіленген мөлшеріне: 2021 жылғы 1 қаңтардан бастап 1,5 мөлшерінде; 2022 жылғы 1 қаңтардан бастап 1,75 мөлшерінде; 2023 жылғы 1 қаңтардан бастап 2,0 мөлшерінде түзету коэффициентін қолдана отырып айқындалады.
 
Медицина және фармацевтика жұмыскерлерінің ЛА (тарифтік мөлшерлемелері) ЛА-ның белгіленген мөлшеріне: біліктілігі жоғары деңгейдегі мамандарға (А блогының басқарушы персоналы, В1, В2 блогының негізгі персоналы): 2021 жылғы 1 қаңтардан бастап 2,02 мөлшерінде; 2022 жылғы 1 қаңтардан бастап 2,63 мөлшерінде; 2023 жылғы 1 қаңтардан бастап 2,73 мөлшерінде.
 
Біліктілігі жоғары және орта деңгейдегі мамандарға (В3, В4 блогының негізгі персоналы): 2021 жылғы 1 қаңтардан бастап 1,63 мөлшерінде; 2022 жылғы 1 қаңтардан бастап 1,95 мөлшерінде; 2023 жылғы 1 қаңтардан бастап 2,05 мөлшерінде түзету коэффициентін қолдана отырып айқындалады.
 
Азаматтық қызметшілердің, мемлекеттік бюджет қаражаты есебінен ұсталатын ұйымдар қызметкерлерінің, қазыналық кәсіпорындар жұмыскерлерінің ЛА (тарифтік мөлшерлемелері) ЛА-ның белгіленген мөлшеріне: 
 
2022 жылғы 1 қаңтардан бастап 1,23 мөлшерінде; 
 
2023 жылғы 1 қаңтардан бастап 1,45 мөлшерінде; 
 
2024 жылғы 1 қаңтардан бастап 1,71 мөлшерінде; 
 
2025 жылғы 1 қаңтардан бастап 2,0 мөлшерінде түзету коэффициентін қолдана отырып айқындалады.
 

Осы қаулы 2022 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгiзiледі және ресми жариялануға тиіс", - делінген құжатта.

 
 Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.
МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны