14.12.2022, 11:46 31746

БЖЗҚ балалар жинақтау шоттарының операторы болады

БЖЗҚ балалар жинақтау шоттарының операторы болады
Сурет: Depositphotos
Келесі жылы жобаны іске қосу үшін қажетті заңнамалық өзгерістер қабылдау жоспарлануда

Астана. 14 желтоқсан. KAZAKHSTAN TODAY - Қазақстан Республикасының Ұлттық экономика вице-министрі Тимур Жақсылықов Үкімет отырысында 2024 жылдан бастап "Ұлттық қор - балаларға" бастамасын іске қосу жөніндегі жұмыс туралы хабарлады.

Жақсылықов 18 жасқа дейінгі барлық балаларға жеке жинақтаушы шоттар ашылатынын еске салды, оларға жыл сайын қаражат түсетін болады.

Шот операторы ретінде "Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қоры" анықталды. Жинақталған қаражат кәмелетке толған кезде ғана пайдалануға қолжетімді болады", - деді спикер.


Бұл ретте ол келесі жылы жобаны іске қосу үшін қажетті заңнамалық өзгерістер қабылдау жоспарланып жатқанын атап өтті.

Естеріңізге сала кетейік, 2024 жылдың 1 қаңтарынан бастап "Ұлттық қор - балаларға" жаңа бағдарламасын іске қосу жоспарлануда, онда Ұлттық қордың жыл сайынғы инвестициялық табысының 50%-ын балалардың мерзімінен бұрын алу құқығынсыз 18 жасқа толғанға дейінгі арнайы жинақтау шоттарына аудару ұсынылады. Осы бастаманы Қазақстан Президенті ағымдағы жылдың 1 қыркүйегінде халыққа Жолдауында көтерді.

Ұлттық экономика министрі Әлібек Қуантыровтың айтуынша, қазақстандық балаларға Ұлттық қордан есептеулер инфляциядан қорғау үшін доллармен жүргізілетін болады.
 

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.


тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны