22.08.2016, 13:20 3619

"Даму" қоры Азия даму банкі бөлген қарыздыӊ 1-ші траншын өтеді

"Даму" Қоры Азия Даму банкі бөлген 22,2 млрд теӊге қарыздыӊ 1-ші траншын толық жұмсау мерзімініӊ аяқталуына байланысты аталған банк алдындағы міндеттемесін тоқтатты, хабарлады Қордыӊ баспасөз қызметі.

Астана.22 тамыз. Kazakhstan Today - "Даму" Қоры Азия Даму банкі бөлген 22,2 млрд теӊге қарыздыӊ 1-ші траншын толық жұмсау мерзімініӊ аяқталуына байланысты аталған банк алдындағы міндеттемесін тоқтатты, хабарлады Қордыӊ баспасөз қызметі.

Азия даму банкі бөлген қарыздыӊ 1-ші траншын ақшаға айналдыру нәтижесі бойынша 76,7 млрд теӊге игерілген. Бұл қаражатқа кәсіпкерлердіӊ 1100 жобасы қаржыландырылып, оныӊ аясында 2,4 мыӊнан астам жұмыс орны ашылған. Мультипликативті әсері 345% құраған.

"500 млн долларлық қаржыландыру туралы келісім 2011 жылы 12 мамыр күні Қазақстан Республикасы үкіметі, Азия даму банкі және "Даму" Қоры арасында жасалған болатын. Осы келісім аясында Қор Азия даму банкінен ҚР үкіметі кепілдемесімен шағын және орта кәсіпкерлікті дамытудыӊ инвестициялық бағдарламасын жүзеге асыру үшін 3 траншпен несие желісін тартқан болатын", - делінген хабарламада.

2011 жылы Қор 5 жыл мерзімге 22,2 млрд теӊгелік 1-ші траншты тартты. Аталған қарыз Азия баму банкі тарапынан жергілікті валютада, тұрақты сыйақы мөлшерлемесімен берілген тұӊғыш тәуелсіз операция деп бағаланды. Осыныӊ нәтижесінде Қор екінші деӊгейлі банктер мен шағын және орта бизнес өкілдері үшін валюталық және пайыздық тәуекелдердіӊ сәйкессіздігін төмендете алды.

Тартылған қаражатты Қор "Банк ЦентрКредит" АҚ (7,4 млрд), "Forte Bank" АҚ (7,4 млрд) және "Қазкоммерцбанкке" (7,4 млрд) несие шартымен кәсіпкерлердіӊ жобаларын қаржыландыру мақсатында орналастырды. (жылдық мөлшерлеме 11%-дан 12%-ға дейін, 5 жылдан аспайтын мерзімге, салалық шектеусіз).

"Даму" Қоры мен Азия баму банкі екінші деӊгейлі банктерді олардыӊ қаржылық жағдайы мен тұтастығын инвестицияламас бұрын тексеру нәтижесінде таӊдаған. (Due Diligence) .

Ақпаратты пайдаланИан жаИдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық қИқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны