01.04.2022, 18:48 16926

Демалыс күндері теңгенің бағамы белгілі болды

Демалыс күндері теңгенің бағамы белгілі болды
Сурет: Depositphotos
НҰР-СҰЛТАН. 1 СӘУІР - Қазақстан қор биржасының (KASE) ақпараты бойынша, 17.00-дегі жағдай бойынша доллардың орташа өлшемді бағамы бір күнде 5,78 теңгеге көтеріліп, 472,81 теңгені құрады, деп хабарлайды KAZAKHSTAN TODAY Қазақстан қор биржасының баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
 
Таңғы сауда-саттықта доллардың орташа бағамы 471,13 теңгені құрады. Еуро бағамын Ұлттық Банк 517,98 теңгеге белгілеген.
 
Айырбастау орындарында долларларды 476 - 478,8 теңгеден сатып алады/сатады.
 
Естеріңізге сала кетейік, айдың қорытындысы бойынша Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің валюталық интервенция көлемі 990,5 млн АҚШ долларын немесе биржалық сауда-саттықтағы жалпы көлемнің 29%-ын құрады.
 
 Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.
МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны