22.11.2022, 10:51 7351

Дизель отыны бір жылда 13%-ға қымбаттады

Оның ішінде жазғы дизель отыны 1,3%-ға арзандады, ал қысқы отын, керісінше, бірден 30,7%-ға қымбаттады.
Дизель отыны бір жылда 13%-ға қымбаттады
Астана. 22 қараша. KAZAKHSTAN TODAY - Ағымдағы жылдың қазан айының қорытындысы бойынша дизель отынының бағасы бір жылда 12,5%-ға өсті. Оның ішінде жазғы дизель отыны 1,3%-ға арзандады, ал қысқы отын, керісінше, бірден 30,7%-ға қымбаттады. Мұндай деректер Ұлттық статистика бюросының есебінде көрсетілген.
 
Мәселен, Ақтөбе облысында қысқы дизель бір жылда 27,9%-ға, Абай облысында 24,6%-ға және Шығыс Қазақстан облысында 24,4%-ға қымбаттаған.
 
Бұл ретте Алматы, Жамбыл, Жетісу облыстары мен Шымкент қаласында бағалар өткен жылдың қазан айы деңгейінде қалды. Түркістан облысында дизель 1,8%-ға арзандады.
 
Еnergyprom.kz сарапшылары келтірген деректерге қарағанда, 2022 жылдың қаңтар-қазан айларында Қазақстанда 4,6 млн тонна дизель отыны өндірілді, бұл өткен жылмен салыстырғанда 9,7%-ға артық.
 
Дизель отынының импорты 23,8 мың тоннаны, ал экспорты 60,5 мың тоннаны құрады.
 
Айта кетсек, 22 тамызда Қазақстанда дизель отынына сараланған баға белгіленді. Сол кезде Энергетика министрлігінің мұнай өнімдерін бөлшек саудада өткізуге арналған шекті бағалар туралы бұйрығы күшіне енген еді.

Бұған дейін Қазақстанда бензин бір жылда 4%-ға қымбаттағаны хабарланған болатын.
 
Ақпарат көзі: egemen.kz
 

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.


тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны