01.11.2021, 18:53 30885

ҚДКБҚ қараша айында депозиттер бойынша мөлшерлемелерді қайта қарады

Сондай-ақ, желтоқсанға тиесілі мөлшерлемелер бекітілді.
НҰР-СҰЛТАН. 1 ҚАРАША - Қазақстанның депозиттерге кепілдік беру қоры депозиттер бойынша 2021 жылдың қарашасына тиесілі мөлшерлемелерді қайта қарап, желтоқсанға тиесілі мөлшерлемелерді бекітті, деп хабарлайды KAZAKHSTAN TODAY "Қазақстанның депозиттерге кепілдік беру қоры" АҚ баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
 
Қазақстанның депозиттерге кепілдік беру қоры Қазақстанның Ұлттық Банкінің базалық мөлшерлемесінің өсуіне байланысты теңгелік депозиттер бойынша 2021 жылдың қараша айына ұсынылған ең жоғары сыйақы мөлшерлемелерді қайта қарағандығын және желтоқсанға тиесілі мөлшерлемелерді бекіткендігін хабарлайды. 
 

Үш және алты айға арналған мерзімді және жинақ депозиттер бойынша максималды мөлшерлемелер аздап ұлғайтылды. Бірақ бұл ретте табыстылықтың мерзім мен шартқа тәуелділігіне қатысты өрлемелі сызықты қолдау қағидасы сақталды. Бұл қысқа мерзімді (3 және 6 айлық мерзімді және жинақ депозиттер), сондай-ақ мерзімсіз депозиттер бойынша айырмашылықтардың сақталуымен көрініс берді", - деп хабарлады Қорда.

 
12 айға ашылған жинақ депозиттер бойынша максималды мөлшерлемелер нарықтық мөлшерлемелердің өсуіне байланысты желтоқсан айында 0,1 пайызды тармаққа ұлғайып, толықтыру құқығы бар депозиттер бойынша 12,7%-ды, толықтыру құқығы жоқ депозиттер бойынша 13,9%-ды құрады.
 

Осылайша осындай депозиттер бойынша мөлшерлемелер депозиттердің басқа түрлері арасында ең жоғары деңгейде болып қалуда", - деп толықтырды баспасөз қызметі.

 
 Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны