15.11.2022, 14:38 17491

ҚДКБҚ басшысы салымшыларға теңгедегі депозиттер бойынша өтемақы төлеуге өтініш беру туралы ескертті

Әділ Өтембаев салымшыларды төлемдерді алу құқығын белсенді пайдалануға шақырды.
Астана. 15 қараша. KAZAKHSTAN TODAY - Қазақстанның депозиттерге кепілдік беру қорының (ҚДКБҚ) төрағасы Әділ Өтембаев Алматыда өтіп жатқан "Қазақстан қаржыгерлерінің Х Конгрессі" аясында теңгелік депозиттер бойынша 10% көлеміндегі өтемақы (сыйақы) бағдарламасының жүзеге асырылуын еске салды, деп хабарлайды ҚДКБҚ баспасөз қызметі.
 

Қазір біз төлемдерге өтініш беру белсенділігінің төмендігін көріп отырмыз. 2022 жылдың 11 қарашасындағы жағдай бойынша, берілген өтініштердің саны 1,8 млн. адамды құрайды, бұл өтемақы алуға өтініш білдіргендердің жалпы санының 35 %-нан аз", - деді Өтембаев.

 
ҚДКБҚ басшысы өтемақы бағдарламасының шарттары мен мерзімдері туралы айтты.
 

Ағымдағы жылдың 23 ақпанына дейін теңгемен депозит ашқан қазақстандық банктердің салымшылары мемлекеттен 10 % көлемінде өтемақы алуға құқылы екенін еске салғым келеді. Ол үшін депозит ашылған банкке өтініш беріп, сол арқылы төлемді алуға келісіміңізді растауыңыз қажет. Бұл 2023 жылдың 1 қаңтарына дейін жасалуы керек. Сондай-ақ депозитті 2023 жылдың 24 ақпанына дейін сақтау маңызды. Сонымен қоса, өтемақы жыл ішінде депозитте болатын ең төменгі сома үшін есептелетінін атап өткім келеді", - деді ол.

 
Әділ Өтембаев салымшыларды төлемдерді алу құқығын белсенді пайдалануға шақырды.
 

Салымшылардың төлемге өтініш беруге бір жарым ай уақыты қалды, банкке өтініш беруді жыл соңына дейін қалдырмауды ұсынамын. Оның үстіне бұл қиын емес, көптеген қазақстандық ЕДБ бұл үдерісті онлайн түрде ұйымдастырды, депозит ашылған банктің мобильді қосымшасы болса жеткілікті. Толық ақпарат алу үшін сіз әрқашан осы банктерге хабарласа аласыз", - деп қосты ол.

 
ҚДКБҚ-да төлемдер 2023 жылдың 23 ақпанынан кейін жүзеге асырылатынын атап өтті.
 

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.


МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны