01.06.2022, 18:34 20156

ҚДКБҚ теңгелік жинақ депозиттері бойынша максималды мөлшерлемелерді көтерді

12 айға арналған жинақ депозиттер бойынша максималды мөлшерлемелер шамалы ғана – 0,1 пайыздық тармаққа көтерілсе, 24 айлық жинақ салымдар керісінше – 0,1 пайыздық тармаққа төмендеді.
НҰР-СҰЛТАН. 1 МАУСЫМ - Қазақстанның депозиттерге кепілдік беру қоры 2022 жылдың шілдесіне теңгелік депозиттер бойынша ұсынылатын максималды мөлшерлемелерді бекітті, деп хабарлайды KAZAKHSTAN TODAY "Қазақстанның депозиттерге кепілдік беру қоры" АҚ баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
 

12 айға арналған жинақ депозиттер бойынша максималды мөлшерлемелер шамалы ғана – 0,1 пайыздық тармаққа көтерілсе, 24 айлық жинақ салымдар керісінше – 0,1 пайыздық тармаққа төмендеді. Бұған депозиттер нарығының осы сегменттерінде орташа өлшемді нарықтық мөлшерлемелердің өзгеруі себеп болды", - деп хабарлайды Қазақстанның депозиттерге кепілдік беру қоры.

 
3 және 6 айға орналастырылған мерзімсіз, мерзімді және жинақ депозиттер, сондай-ақ 12 және 24 айға арналған мерзімді депозиттер бойынша максималды мөлшерлемелер өзгеріссіз қалды. Сөйтіп маусым айындағы деңгейінде сақталды. 
 
 Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны