23.01.2023, 10:16 10706
Еңбек министрлігі Қазақстандағы зейнетақының орташа мөлшерін атады
Сурет: Depositphotos
Достарға айту
2023 жылғы 1 қаңтардан бастап базалық зейнетақы төлемін ескере отырып, зейнетақылардың ең төменгі мөлшері 68 223 теңгеден (2022 жылы) 77 417 теңгеге дейін артты
Астана. 23 қаңтар. KAZAKHSTAN TODAY - 2022 жылы қазақстандықтарға республикалық бюджеттен 2,9 трлн теңгеден астам сомаға зейнетақы төленді, оның ішінде базалық зейнетақыға 883,7 млрд теңге, ынтымақты зейнетақыға - 2 022,6 млрд теңге жұмсалды, деп хабарлайды ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің баспасөз қызметі.
2022 жылғы желтоқсанда республикалық бюджеттен зейнетақы төлемдеріне 247,4 млрд теңге, оның ішінде базалық зейнетақыны төлеуге - 75,4 млрд теңге, ынтымақты зейнетақыны төлеуге - 172 млрд теңге бөлінді.
2023 жылғы 1 қаңтардағы жағдай бойынша зейнеткерлер саны - 2 млн 295 мың адам. 2023 жылдың 1 қаңтарында жиынтық зейнетақының орташа мөлшері 108 761 теңгені құрады, оның ішінде ынтымақты зейнетақы мөлшері - 74 950 теңге, базалық зейнетақы - 33 811 теңге", - деп хабарлады баспасөз қызметі.
Ынтымақты зейнетақылардың мөлшері жыл сайын инфляция деңгейінен 2% артып көтерілуге кепілдік беріледі, бұл 2014 жылы қабылданған зейнетақы жүйесін одан әрі жаңғыртудың 2030 жылға дейінгі тұжырымдамасына сәйкес келеді.
"2023-2025 жылдарға арналған республикалық бюджет туралы" Заңға сәйкес жасына және еңбек сіңірген жылдарына байланысты зейнетақы төлемдерінің мөлшері 2023 жылғы 1 қаңтардан бастап алынатын мөлшерден 10,5%-ға артты.
Сондай-ақ, Мемлекет басшысының тапсырмасын іске асыру шеңберінде ынтымақты зейнетақыны есептеу үшін ең жоғары табыс мөлшері 46-дан 55 АЕК-ке дейін ұлғайтылды.
Мемлекеттік базалық зейнетақы төлемінің мөлшері ең төменгі күнкөріс деңгейінің ұлғаюына байланысты, сондай-ақ ең төменгі мөлшердің ең төменгі күнкөріс деңгейінің 54%-дан 60%-ға дейін ұлғаюына байланысты арттырылды.
Осылайша, 2023 жылғы 1 қаңтардан бастап базалық зейнетақы төлемін ескере отырып, зейнетақылардың ең төменгі мөлшері 68 223 теңгеден (2022 жылы) 77 417 теңгеге дейін артты.
Естеріңізге сала кетейік, зейнеткерлікке шыққан қазақстандық академиктерге өмір бойы шәкіртақы төленетін болады.
Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.
тақырып бойынша жаңалықтар
27.05.2023, 11:41 3836
Қазақстандық компаниялар өңдеу өнеркәсібінде өндірісті тағы $46 млрд-қа арттыруға қабілетті
26 мамырда өткен жиынға Ақмола, Қостанай, Павлодар және Солтүстік Қазақстан облыстарының кәсіпкерлері қатысты.
Достарға айту
ҚР Премьер-Министрі Әлихан Смайылов орта бизнес өкілдерімен кездесуді одан әрі жалғастырып, саладағы проблемалық мәселелер мен мемлекеттік қолдау шараларын талқылады, деп мәлім етті Primeminister.kz.
26 мамырда өткен жиынға Ақмола, Қостанай, Павлодар және Солтүстік Қазақстан облыстарының кәсіпкерлері қатысты.
Индустрия және инфрақұрылымдық даму вице-министрі Ілияс Оспанов ішкі резервтер есебінен өңдеу өнеркәсібіндегі өндірісті $46 млрд-қа ұлғайтуға болатынын, сонымен бірге Қазақстан макроөңір нарығына қосымша жалпы құны шамамен $300 млрд құрайтын өнім жеткізуге әлеуеті бар екенін хабарлады.
Отандық өндірісті дамыту мүмкіндігі жоғары негізгі бағыттардың қатарында мұнай-газ машиналарын жасау, құрылыс материалдарын, азық-түлік және тыңайтқыштар шығару, болат өнімдерін, алюминий және мыс салаларының тауарларын өндіру, темір рудасын, мақта талшығын, жүн, былғары өңдеу және басқалар бар.
Тікелей мемлекеттік ынталандыру шарасы аясында биыл 500 млрд теңгеден астам сомаға өңдеу өнеркәсібіндегі жобаларды, оның ішінде Өнеркәсіпті дамыту қоры мен Қазақстанның Даму банкінің желісі арқылы қаржыландыру жоспарланып отыр.
Ауыл шаруашылығы министрі Ербол Қарашөкеев қазіргі уақытта республиканың агроөнеркәсіп кешенінде оң даму үрдісі қалыптасып отырғанын атап өтті. Бұл ретте мемлекет қаржыландырудың қолжетімділігін кеңейту және өндірілген өнімді өткізудің жаңа нарықтарын ашу бойынша жұмысты жалғастырып келеді.
Мәселен, субсидиялауды реформалау бөлігінде бизнес-қоғамдастықтың ұсыныстарын ескере отырып, сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін төмендетуге бағытталған, бірақ қолданыстағы жүйенің негізгі контурларын сақтай отырып, нақты өзгерістерді көздейтін өзара мәмілеге негізделген нұсқа әзірленді.
Сонымен қатар Бірыңғай ақпараттық жүйені енгізу шеңберінде ауыл шаруашылығы өндірушілеріне субсидиялардың қолжетімділігін арттыру үшін кезек тәртібімен берілген өтінімдерді қанағаттандыруға кепілдік беретін "күту парақтары" іске қосылды. Жалпы, биыл ауыл шаруашылығын субсидиялауға кемінде 425 млрд теңге бөлінетін болады.
Аграрлық несие корпорациясы" АҚ арқылы биылғы көктемгі егістік жұмыстары мен орақ науқанына 140 млрд теңге бөлінді, оның 70 млрд-ы орта мерзімге арналған қаражат және келесі жылғы сәуір айына дейін қайтарылады.
Несиелеуге келетін болсақ, форвардтық сатып алу бағдарламасы жалғасады. "Азық-түлік корпорациясы" ҰК" АҚ арқылы 71 млрд теңгеден астам қаржы, сондай-ақ ауыл шаруашылығы және мал азығын дайындауға арналған техника сатып алу үшін "ҚазАгроҚаржы" АҚ-ның жарғылық капиталын ұлғайтуға 20 млрд теңге бөлінеді. Сонымен қатар барлық өңірлерде Солтүстік Қазақстан облысының тәжірибесіне сүйене отырып, АӨК-тегі инвестициялық жобаларды несиелендіру бағдарламасын іске асыру басталады. Биыл ол арқылы 65 тауарлы-сүт фермасының құрылысын салуға 100 млрд теңге бағытталатын болады. Несиелерді 2,5%-бен 10 жыл мерзімге, ең жоғары мөлшері 5 млрд теңгеге дейін беру жоспарланып отыр.
Отандық мал шаруашылығы өнімдерін өткізу нарықтарын кеңейту үшін қазақстандық кәсіпорындарды экспорттаушылардың шетелдік тізіліміне енгізу жұмыстары жүргізілуде. Бүгінде 3282 кәсіпорын өз өнімдерін шетелге жеткізуге құқылы.
Өсімдік шаруашылығы өнімдеріне келетін болсақ, соңғы екі жылда қазақстандық 901 кәсіпорын Қытайдың Бас кеден басқармасының реестріне енгізілген.
Кездесуге қатысушылар жеңілдетілген қаржыландыруды ұсыну, субсидиялаудың тұрақтылығын қамтамасыз ету, өндірісті жаңғырту және автоматтандыру, инженерлік инфрақұрылымға қосылу, жер ресурстарының қолжетімділігі, шағын өнеркәсіп аймақтарын дамыту, өндірістегі отандық үлесті арттыру, экспортты қолдау, жосықсыз бәсекемен күрес және басқа да бірқатар мәселені талқылады.
Еңбек", "Қазақстанның жылыжай технологиялары", "СНН", "Turkey PVL", "Радуга", "Asyl Farms", "Адал-Агро", "Asyl Farms", "TEHNOPARK KZ" және т. б. компаниялардың басшылары сөз сөйледі.
Орталық мемлекеттік және жергілікті атқарушы органдардың басшылары көтерілген тақырыптар бойынша егжей-тегжейлі түсініктемелер берді. Атап айтқанда, кездесу барысында бірнеше түйткілді мәселені шешу жолдары айқындалды, қалғандары бойынша Премьер-Министр уәкілетті ведомстволарға тиісті пысықтау жұмыстарын жүргізуді тапсырды.
Әлихан Смайылов Үкімет орта бизнестің жаңа өндірістерді құру және кеңейту жөніндегі бастамаларын белсенді түрде қолдайтынын атап өтті. Мұндағы мемлекеттік саясаттың негізгі басымдықтары қатарында өндірістегі отандық үлесті арттыру, жаңа технологияларды енгізу, кәсіпорындарды цифрлық трансформациялау, терең өңдеу технологиясына негізделген бәсекеге қабілетті өнім жасау, заманауи инфрақұрылымды дамыту бар.
Ол үшін өндіріс циклінің барлық кезеңінде яғни, шикізат базасынан бастап дайын өнімді ішкі және сыртқы нарықтарға сатуға дейін қолдау көрсетіледі", - деді Премьер-Министр.
Үкімет басшысы биыл индустрияландыру желісі бойынша 1 трлн теңгеден астам сомаға 170 жобаны, АӨК-те жалпы құны 540 млрд теңге болатын 300 жобаны іске асыру жоспарланып отырғанын айтты. Сонымен қатар салықтық және кедендік артықшылықтар тізбесі, оның ішінде дайын өнімді экспорттаушылар үшін кеңейтілуде. Жергілікті деңгейде жер учаскелерін бөлу, инфрақұрылым жүргізу және әкімдіктердің құзыретіне кіретін басқа да мәселелер бойынша қолдау көрсетіледі.
Әлихан Смайылов мемлекеттік қолдау шараларының тиімділігін арттыру да маңызды бағыт екенін атап өтті.
Мемлекеттен қолдауға ие болған бизнес субъектілері өз өндірісін кеңейтіп, шикізаттық емес өнім шығару көрсеткішінің өсуін қамтамасыз етуге тиіс. Мұнда ішкі нарықты отандық тауарлармен қамтамасыз етуге басымдық беру керек. Әрбір жоба бойынша нақты экономикалық нәтижеге қол жеткізу керек, бұл экономиканы одан әрі әртараптандыруға және тұрақты жұмыс орындарын құруға үлес қосады", - деді Үкімет басшысы.
Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.
27.05.2023, 11:03 4036
Fitch Қазақстанның тәуелсіз кредиттік рейтингін растады
Достарға айту
Fitch халықаралық рейтинг агенттігі Қазақстанның тәуелсіз кредиттік рейтингінің "BBB" деңгейінде екенін растады, болжам - "Тұрақты", деп мәлім етті Primeminister.kz.
Қазақстанның рейтингін қолдайтын маңызды факторлар сыртқы сілкіністерге өзінің орнықтылығын дәлелдеген тұрақты фискалдық және сыртқы баланстары болып табылады.
Агенттік есебінде активтердің едәуір қорлары бюджеттік қаржыландырудың икемділігін және елдің экономикалық тұрақтылығын қамтамасыз ететіні атап көрсетілген.
Сарапшылар қазіргі шоттың профициті 3,4%-ға жақсарғаннан кейін 2024 жылға дейін сақталады деп отыр, бұл - соңғы 11 жылдағы ең жоғары көрсеткіш. Олардың пікірінше, бұл Қазақстанның сыртқы балансын одан әрі нығайтуға ықпал етпек.
Жалпы Fitch Қазақстан экономикасы 2023 жылы 4,5%-ға дейін және 2024 жылы 4,8%-ға дейін өседі деп болжап отыр.
Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.
26.05.2023, 12:25 5151
Қашаған кен орнында мұнай өндіру көлемі азайды
Белгілі болғандай, 20 мамырда NCOC екі ұңғыманың бүтіндігін тексеру үшін жапқан
Достарға айту
Каспий теңізінің қазақстандық секторындағы "Қашаған" кен орнының екі ұңғымасында күкіртсутек газы шоғырланған. Сол себепті, бұл ұңғымалардан мұнай өндіру көлемі төмендеген, деп хабарлайды Inform.kz.
Бұл деректі NCOC компаниясының баспасөз қызметі растады.
Солтүстік Каспий жобасының операторы - NCOC компаниясы "Қашаған" кен орнының теңіз кешеніндегі екі айдау ұңғымасының "А" оқпанаралық кеңістігіндегі флюидтің сынамасын әдеттегідей алу кезінде газдың (H2S) шоғырланғаны байқалғанын растайды. Бұл орайда, осы ұңғымаларды пайдалану кезінде қалыпты жұмыс режимінен бірде-бір ауытқу жағдайы байқалмады. Компания қауіпсіздік пен активтердің бүтіндігіне баса назар аударады. Сондай-ақ, қауіпсіздікке немесе қоршаған ортаға нұқсан келмеуін қамтамасыз етеді", - деп хабарлады компанияның баспасөз қызметі.
Белгілі болғандай, 20 мамырда NCOC екі ұңғыманың бүтіндігін тексеру үшін жапқан. Сол кезде қосымша зерттеу бағдарламасы шеңберіндегі жұмыстар орындалған.
Тексеру жұмысы кезінде ұңғымаға кері айдалатын газдың көлемі азайтылды. Сәйкесінше, өндірілген мұнайдың да көлемі төмендеді", - деп мәлім етті компанияның баспасөз қызметінен.
Қашаған" - Каспий теңізінің қазақстандық секторында мұнай өндірілетін алғашқы ең ірі кен орны. 2000 жылы ашылған. Мұнда өндірілетін мұнай қоры - болжам бойынша 9-13 млрд баррель. "Қашағанда" коммерциялық мұнай өндіру 2016 жылғы күзде басталған.
Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.
22.05.2023, 13:57 12691
Үкімет Алматы қаласының 2040 жылға дейінгі Бас жоспарын бекітті
Сурет: Depositphotos
Достарға айту
ҚР Үкіметі Алматы қаласының 2040 жылға дейінгі Бас жоспарын бекітті. Бұл туралы қала әкімдігінің баспасөз қызметінен, мәлім етті, деп хабарлайды Inform.kz.
Стратегиялық құжаты "Алматыбасжоспар" ғылыми-зерттеу институты, "Алматыгипрогор-1" жобалау институты сарапшылар мен жұртшылықты тарта отырып әзірледі.
Бас жоспардың негізгі мақсаты - Алматының барлық аудандарында жайлы қалалық орта құру және өмір сүру сапасын арттыру.
Құжатты әзірлеу кезінде мамандар озық цифрлық технологияларды және әлемдік дизайн тәжірибесін (Space Syntax) пайдаланды.Модельдеу құралдары қала дамуының әлеуметтік, экономикалық және экологиялық салдарын, сондай-ақ олардың мобильділікке, жер құнына және адамдардың денсаулығына қалай әсер ететінін болжайды.
Алдыңғы бас жоспар 20 жылдан астам уақыт бұрын - 2002 жылы мақұлданған болатын. Және онда қала қажеттілігінің артуы ескерілмеген. Осы уақыт ішінде Алматы аумағы екі еседен астамға артты - 33898 гектардан 70348 гектарға дейін, халық саны 2,1 млн адамға дейін көбейді. Қала агломерацияның орталығына айналды, оның экономикасы өзгерді. Қаланың екі есе ұлғаюы аудандардың әлеуметтік, инженерлік, көліктік және өзге де инфрақұрылыммен қамтамасыз етілу деңгейіне теріс әсер етті.
Алдыңғы бас жоспарға түзетулер енгізу оны кешенді жетілдіре алмады. Сондықтан былтыр Алматы әкімі Ерболат Досаевтың тапсырмасы бойынша қаланың 2040 жылға дейінгі іске асырылуының уақытша көкжиегін белгілей отырып, жаңа бас жоспарға қатысты жұмыс басталды.
Жаңа бас жоспар Алматы қаласын дамытудың 2025 жылға дейінгі бағдарламасымен және 2030 жылға дейінгі орта мерзімді перспективалармен тығыз байланысты және оның 7 негізгі қағидатына негізделген: жайлы қалалық орта, орнықты экономикалық өсу, басқарылатын урбанизация, әлеуметтік тұрақтылық, цифрландыру, қауіпсіздік және Алматының "жасыл қала" атағын қайтару.
Жоспарлау кезеңінде барлық қажетті тұрғын үй, әлеуметтік, инженерлік, көлік, цифрлық, коммерциялық және рекреациялық инфрақұрылымдар қарастырылған. Осының арқасында полиорталықтар шағын және жайлы аудандарға, іскерлік және қоғамдық белсенділік орталықтарына айналады, қала тұрғындарының табысының ұлғаюы мен өсуіне негіз болады. Мәдени және тарихи маңызы сақталатын тарихи орталыққа да назар аударылады, бұл ретте кеңестік дәуір кезінде салынған шағын аудандарды ревитализациялау бағдарламасы жүргізіледі.
Жаңа бас жоспар мынадай мақсаттарды іске асыруды қарастырады:
- 188 жаңа мектеп, қолданыстағы оқу орындарына 12 қосалқы нысан және 65 емхана салу, 11 отбасылық-дәрігерлік амбулаторияны, 25 көпсалалы және 13 мамандандырылған стационарды модернизациялау;
- 2,4 мың шақырымға жуық сумен жабдықтау желілерін, 1,1 мың шақырым су бұру желілерін және 161 шақырым жылумен жабдықтау желілерін салу. Бұл шаралар коммуналдық жүйелердің сенімді және тиімді жұмысын қамтамасыз етуге, сондай-ақ қала тұрғындары үшін жайлылық деңгейін арттыруға мүмкіндік береді. Желілерді жаңғырту бюджеттік инвестициялар және "инвестицияларға айырбастау тарифі" қағидатына негізделген жаңа тарифтік саясат есебінен жүргізілетін болады;
- жеңіл рельсті көлік жүйесі мен метрополитенді қоса алғанда, жүрдек және жайлы қозғалыс үшін жүрдек көлікті интеграциялаумен бағыттық желіні оңтайландыру;
- 2030 жылға дейін Төле би көшесі бойымен 45 км ЖРК желісі, "Қалқаман" станциясынан "Барлық" станциясына дейін 5,2 км метро желісі салынады, төрт көлік-трансплантациялау торабы (Барлық, Алматы-2, Шығыс қақпасы, Солтүстік) салынады. 2040 жылға дейін тағы 76 км ЖРК, 57 км ЖАБ және 7,8 км "Алматы-1" және "Алматы-2" метро желілері салынады. Осы шаралардың барлығы 2040 жылға қарай қоғамдық көлікті пайдаланушылардың үлесін 60%-ға арттыруға мүмкіндік береді, ал жеке көліктерді пайдалану 20% - ға төмендейді;
- 2025 жылға дейін қоғамдық көлікті экологияландыру үшін 1200 дизельді автобус газға және электр тартқышқа ауыстырылады, 2 жаңа газ автопаркі, 5 жаңа газ құю станциясы пайдалануға беріледі, 200 бірлікке троллейбус паркі жаңартылады. 2025-2030 жылдар кезеңінде жеке және қоғамдық электр көлігі үшін зарядтау инфрақұрылымы желілері құрылатын болады. Бұл атмосфераға зиянды заттардың шығуын айтарлықтай азайтады;
- экологиялық проблемаларды шешу үшін экологиялық ауқым кеңейеді, 2030 жылға дейін жасыл аймақтардың жалпы ауданы 3 есеге, 1,3 мың гектардан 3 340 гектарға дейін, ал 2040 жылға қарай - 3 840 гектарға дейін артатын болады;
- қала тұрғындарының сейсмикалық қауіпсіздігін қамтамасыз ету - Бас жоспар сейсмикалық белсенділігі 6 қабаттан аспайтын 10 балдық аймақтарда ғимараттар салуды шектейді. Бас жоспардың негізінде қалалық ғимараттар мен құрылыстарға жаңа сейсмоаудит жүргізіледі, сейсмикалық белсенділік жағдайында ықтимал салдарды азайту үшін азаматтық объектілерді сейсмикалық күшейту бойынша қажетті шараларды қабылдауға көмектесетін тәуекелдер Картасы жаңартылады және тағы басқасы.
Жаңа Бас жоспар қала құрылысын жоспарлаудың заманауи озық технологияларын пайдалануға мүмкіндік береді, қала тұрғындары үшін қолайлы, креативті экономиканы дамытуға қолжетімді, туристер мен бизнес-инвестициялар үшін тартымды қалалық ортаны қалыптастырады.
Еске салсақ, жаңа Бас жоспардың жобасы барлық қажетті келісу рәсімдерінен өтті - 2023 жылдың қаңтарында қаланың сегіз ауданының сарапшылары мен тұрғындарын шақыра отырып, бас жоспар жобасының бөлімдері үш күндік қоғамдық талқылаудан өтті.
Алынған ұсыныстар мен түсініктемелер құжатты одан әрі жетілдіру кезінде ескерілді. Осы жылдың сәуір айында құжаттың жобасын Алматы мәслихатының депутаттары мақұлдады.
Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.
21.05.2023, 21:41 15061
Қазақстанда әлеуметтік маңызы бар өнімдердің бағасы өсті
Достарға айту
Сенбі күні Премьер-Министрдің орынбасары - сауда және интеграция министрі Серік Жұманғариннің төрағалығымен өткен апта сайынғы кеңесте ел өңірлерінде бір аптадағы баға ахуалы мен әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларының қолжетімділігі талқыланды, деп хабарлайды Премьер-Министрдің баспасөз қызметінен.
Өткен аптада әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларының бағасы 0,2%-ға өсті. Көкөністер - қырыққабат, пияз, сәбіз, картоп бағасының төмен маусымдық өсуі жалғасып отыр. Күріш пен сиыр етінің өсімі байқалды. Нан, тауық еті, май, сүт, айран, тұз, сүзбе бағасы тұрақты.
Сонымен қатар қарақұмық бағасының төмендеуі үш ай қатарынан жалғасып отыр. Апта ішінде жұмыртқа, ұн, қант және түтік кеспе бағасы арзандады.
Күріш бағасының үздіксіз өсуіне қатысты жағдай бөлек талданды. Бір апта ішінде ел бойынша орташа өсім 0,7%-ды құрады, өңірлер бойынша ең үлкен көрсеткіш Ұлытау, Қарағанды, Алматы және Түркістан облыстарында тіркелді. Қызылорда облысы әкімдігінің мәліметінше, бүгінде 380 теңге бағасымен 6 мың тонна өнім қоры дайындалған. Қызылорда өңірінің өндірушілерінен 7 облыс 1021 тонна күріш сатып алды. Вице-премьер Сауда министрлігіне Ауыл шаруашылығы министрлігімен бірлесе отырып, жақын арада елдегі күріш өсірушілермен жиын өткізіп, бағаның көтерілу себептері мен бизнестің өзекті мәселелерін анықтауды тапсырды.
Ауыл шаруашылығы вице-министрі Ербол Тасжүреков өткен жылдың маусымаралық кезеңдеріндегі астық қорының қолжетімділігі мен ерте егін жинау нәтижелері туралы баяндады. Келтірілген мәліметтерге сәйкес, республикадағы картоп қоры 107,6 мың тоннаны құраса, халықтың сұранысы мамыр айының соңына қарай 40,7 мың тонна, маусым айының соңына қарай 101,7 мың тоннаны құрап отыр. Осылайша, мамыр-маусым айларындағы республика бойынша бұл көкөністің жалпы балансы қамтамасыз етіліп, картоп қоры қажетті деңгейден төмен өңірлер басқа өңірлерден жеткізілімге келісулері қажет. Мамыр айында оңтүстік облыстардан 1,3 мың тоннаға (Жамбыл облысы, Жетісу облысы, Шымкент қаласы), маусым айында 5,6 мың тоннаға (Жетісу облысы, Ақтөбе облысы, Жамбыл облысы және Шымкент қаласы) ерте пісетін көкөністерді жеткізуге келісімшарттар бар. Жалпы көлемі 12,4 мың тонна импорттық картоп жеткізуге (БҚО, ШҚО, Ақтөбе облысы, Алматы және Астана қалалары) арналған шарттар бар.
Мамыр айының бірінші онкүндігінен бері Түркістан облысында ерте пісетін картоп 5,8 мың тонна көлемінде жиналды. Маусым айында жалпы өнім 109,5 мың тонна, шілдеде 108,8 мың тонна болады деп күтіліп отыр. Сондай-ақ Алматы облысында ерте пісетін картопты 37,8 мың тонна, маусым айында 3,5 мың тонна, шілдеде 34,3 мың тонна көлемінде жинау жоспарлануда.
Былтырғы сәбіздің қоры да қажетті қамтамасыз ету шегінде тұр. 2,9 мың тонна көлемінде импорттық сәбізді жеткізуге шарттар бар (Жамбыл, БҚО, ШҚО, Ақтөбе облысы, Алматы, Шымкент және Астана қалалары). Түркістан облысында ерте пісетін сәбіздің жалпы өнімі 30,3 мың тоннаны құраса, оның 980 тоннасы маусым айында, 29,3 мың тоннасы шілдеде алынады деп күтілуде.
Пияз бен қырыққабаттың жағдайы басқаша. Мамыр айында елімізде бұл көкөністердің былтырғы қоры қажетті деңгейде болғанымен, ол маусым айында жеткіліксіз болады. Импорттық пиязды жеткізу бойынша келісім-шарттар 4,5 мың тоннаны құрайды. Маусым-шілде айларында Жамбыл және Түркістан облыстарында 161,2 мың тонна көлемінде ерте өнім беретін пияз жиналады деп күтілуде, бұл күзгі жиын-терім науқанына дейін халықтың қажеттілігін өтейді.
Түркістан облысында ерте пісетін қырыққабат сәуір айынан бастап жиналады. Қазіргі уақытта 68,7 мың тонна жиналса, шілде айының соңына дейін 125 мың тонна жиналады деп күтілуде. Ербол Тасжүрековтің айтуынша, Түркістан облысынан келетін ерте пісетін қырыққабат есебінен ішкі нарықтың қажеттілігін қамтамасыз етуге болады.
Жиын қорытындысы бойынша Серік Жұманғарин өткен жылғы егіннің қолжетімділігі мен сапасын тексеруді, сондай-ақ көкөніс жеткізушілермен және тұрақтандыру қорлары өкілдерімен кездесу өткізіп, ерте пісетін көкөністердің қажеттілігін нақтылауды тапсырды.
Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.
19.05.2023, 17:33 23326
Қазақстан Еуропаға жалпы құны шамамен $2,3 млрд болатын 175 тауар позициясы бойынша экспортты ұлғайтуға дайын
Еуроодақ - Қазақстанның сауда-саттық саласындағы ең ірі және маңызды серіктестерінің бірі
Достарға айту
ҚР Премьер-Министрі Әлихан Смайылов пен Еуропалық комиссияның атқарушы вице-президенті Валдис Домбровскис Алматыда өтіп жатқан "ЕО-ОА" екінші экономикалық форумы аясында Қазақстан мен Еуропалық Одақ арасындағы ынтымақтастықты одан әрі нығайту перспективаларын талқылады, деп хабарлайды ҚР премьер-министрінің баспасөз қызметінен.
Еуроодақ - Қазақстанның сауда-саттық саласындағы ең ірі және маңызды серіктестерінің бірі, еліміздің сыртқы саудасының шамамен 30%-ы Еуроодақтың үлесіне тиесілі.
Мәселен, өткен жылы тауар айналымының өсімі 38%-дан асып, шамамен $40 млрд болды. Биыл да бұл көрсеткіш қарқынды өсіп келеді: 3 айда сауда көлемі 12,5%-ға ұлғайып, $10 млрд-тан асты. Осы орайда Қазақстан Еуропаға жалпы құны шамамен $2,3 млрд болатын 175 тауар позициясы бойынша экспортты ұлғайтуға дайын.
Біз Еуропалық Одақпен ынтымақтастықтың сапасын арттыруға басымдық береміз және Қазақстан мен Еуропа арасындағы сенім мен құрметке негізделген өзара іс-қимылды әрі қарай нығайтуға ниеттіміз", - деді Премьер-Министр.
Сонымен қатар Үкімет басшысы Қазақстан мен ЕО арасындағы инвестициялық ынтымақтастықтың жаңа деңгейге көтеріліп жатқанын атап өтті.
Атап айтқанда, өткен жылы Еуроодақтан Қазақстан экономикасына тартылған тікелей инвестициялар көлемі шамамен 23%-ға өсіп, $12,5 млрд болды. Бұл - соңғы 10 жылдағы рекордтық көрсеткіш.
Өз тарапынан Валдис Домбровскис Еуроодақ пен Қазақстан арасындағы қарым-қатынастар өте серпінді дамып келе жатқанын, оған кеңейтілген әріптестік пен ынтымақтастық туралы келісім және шикізат, аккумуляторлық батареялар және жаңартылатын сутектің тұрақты құн тізбектері жөніндегі меморандум ықпал ететінін атап өтті.
Сонымен қатар біз Орталық Азия мен Еуропалық Одақ елдері арасында жүк тасымалдаудың жаңа жолдары мен мүмкіндіктерін дамытуға мүдделіміз. Ол үшін инвесторларды өңірдегі жобаларға тарту қажет, бұл тасымалдау кезінде кедергілерді жоюға және инфрақұрылымды дамытуға ықпал етеді", - деді Валдис Домбровскис.
Кездесу қорытындысы бойынша Шикізат, аккумуляторлық батареялар және жаңартылатын сутектің тұрақты құн тізбектері саласындағы стратегиялық әріптестік туралы ҚР мен ЕО арасындағы өзара түсіністік туралы меморандумды іске асыру бойынша жол картасын бекіту рәсімі өтті.
Сонымен қатар Қазақстанда 9 млн еуро сомасына жобаларды іске асыруды көздейтін "ҚР-ЕО ынтымақтастық құралы" қаржылық келісіміне қол қойылды.
Кездесу қорытындысы бойынша Әлихан Смайылов пен Валдис Домбровскис бірге БАҚ-қа мәлімдеме жасады.
Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.
19.05.2023, 15:31 23901
Қазақстандық әуе компаниялары Астанадан жаңа әуе рейстерін ашпақ
Сурет: Depositphotos
Достарға айту
Fly Arystan Қазақстан мен Түркия астаналары арасында рейстерді іске қосады, деп хабарлайды Қазақстан Республикасының Азаматтық авиация комитеті.
ҚР ИИДМ Азаматтық авиация комитеті қазақстандық авиакомпаниялармен бірлесіп халықаралық рейстер санын ұлғайту және ұшу географиясын кеңейту бойынша жұмыс жүргізуде.
Мәселен, 2023 жылғы 23 мамырдан бастап "Fly Arystan" авиатасымалдаушысы Airbus - 320 үлгісіндегі әуе кемелерінде аптасына 2 рейс жиілігімен (сейсенбі, сенбі) Астана - Анкара бағыты бойынша тікелей тұрақты жолаушылар рейстерін ашуды жоспарлап отыр.
Қазақстан мен Түркия арасындағы рейстер санының артуы елдер арасындағы сауда-экономикалық, туристік және мәдени ынтымақтастықты одан әрі дамытуға ықпал ететін болады.
Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.
19.05.2023, 15:12 24221
Қазақстанда өткен аптада кейбір әлеуметтік маңызы бар тауарлардың бағасы өсті
Достарға айту
Әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларына баға өткен аптада 0,2%-ға, ал жылдық мәнде 10,7%-ға өсті, деп хабарлайды Ұлттық статистика бюросынан.
Әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларының тізбесіне 19 атау кіреді. Баға өзгерісі туралы көрсеткіштер апта сайын жаңарып отырады. Бағаның өзгеруі туралы ақпарат барлық облыс орталығынан, республикалық маңызы бар қалалардан және астанадан жиналады. Ол үшін елдімекеннің әртүрлі бөліктерінде орналасқан тауарлардың кең ассортименті бар әртүрлі типтегі сауда объектілері (гипермаркеттер, супермаркеттер, дүкендер, коммуналдық базарлар, әлеуметтік дүкендер мен павильондар) таңдалады.
ҚР бойынша әлеуметтік маңызы бар кейбір тауарлардың орташа бағасы /2023 жылғы 16 мамыр/:
Сүт 2,5% - 370 тг/л
Тауық еті - 1223 тг/кг
Сәбіз- 162 тг/кг
Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.
Ең көп оқылғаны
28.05.2023, 18:29Қазақстанның Денсаулық сақтау министрлігі COVID-19 байланысты барлық шектеулерді ресми түрде алып тастады 28.05.2023, 18:51 5636Тыңайтқыштарды сатып алуды субсидиялау аясында фермерлерге 7,5 млрд теңге төленді28.05.2023, 18:39 2401ҚазҰУ мен Сеул Киберуниверситеті меморандумға қол қойды28.05.2023, 18:43 1416Ақтөбе облысында екі бала суға батып кетті
25.05.2023, 17:37 50221ҚР Президенті Жоғары Еуразиялық экономикалық кеңестің шағын құрамдағы отырысына қатысты25.05.2023, 17:46 50046Астанада авиация саласындағы шығарындыларды азайту мәселелері талқыланды25.05.2023, 17:25 46731Астанада еңбекті қорғау және өнеркәсіптік қауіпсіздік мәселелері талқылануда25.05.2023, 16:33 Жамбыл облысында Қазақстан аумағына электронды темекі мен вейпестерді заңсыз әкелген азамат сотталды45816Жамбыл облысында Қазақстан аумағына электронды темекі мен вейпестерді заңсыз әкелген азамат сотталды25.05.2023, 16:04 36226Алматыда газ монополистіне 77 миллион теңге айыппұл салынды
05.05.2023, 21:04 55771Президент Бүкілармиялық кеңес өткізді05.05.2023, 20:12 55051Қазақстан мен Өзбекстан Үкіметтерінің басшылары Ташкентте келіссөз жүргізді04.05.2023, 18:20 54386Қасым-Жомарт Тоқаев пен Эмомали Рахмонның БАҚ өкілдері үшін бірлескен баспасөз мәлімдемесі01.05.2023, 09:24 52076Тоқаев қазақстандықтарды Халық бірлігі күнімен құттықтады01.05.2023, 14:07 51796Тоқаев Өзбекстан Президентімен телефон арқылы сөйлесті