13.12.2021, 18:25 133606

Еңбек министрлігі зейнетақының орташа мөлшерін атады

Еңбек министрлігі зейнетақының орташа мөлшерін атады
НҰР-СҰЛТАН. 13 ЖЕЛТОҚСАН - Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінде ағымдағы жылдың 1 желтоқсанына зейнетақы төлемдерінің орташа мөлшері туралы айтылды, деп хабарлайды KAZAKHSTAN TODAY ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
 

Зейнетақы төлемдерінің орташа мөлшері (оның ішінде базалық зейнетақы) 2021 жылғы 1 желтоқсандағы жағдай бойынша 99 726 теңгені құрады", - деп хабарлайды ЕХӘҚМ баспасөз қызметі.

 
Ведомствоның мәліметінше, жыл басынан бері қазақстандықтарға 2,4 трлн-тан астам теңгеге зейнетақы төленді.
 

2021 жылдың қаңтар-қараша айларында республикалық бюджеттен базалық зейнетақы төлеуге 750,8 млрд теңге, ынтымақты зейнетақы төлемдеріне – 1 трлн 696,4 млрд теңге бағытталды", - деді министрлікте.

 
2021 жылғы қарашада республикалық бюджеттен зейнетақы төлемдеріне 221,2 млрд теңгеден астам, оның ішінде базалық зейнетақыны төлеуге – 68 млрд теңге, ынтымақты зейнетақыны төлеуге – 153,2 млрд теңге бағытталды.
 
2021 жылғы 1 желтоқсандағы жағдай бойынша зейнеткерлер саны 2 млн 233 мың адамды құрайды.
 
Қазақстанда келесі жылдан бастап зейнетақы, жалақы және жәрдемақы өседі.
 
 Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны