26.11.2021, 18:25 128048

Экология министрлігі балық шаруашылығын субсидиялау ережелерін әзірледі

Экология министрлігі акваөсіру (балық өсіру шаруашылығы) өнімінің өнімділігі мен сапасын арттыруды, сондай-ақ асыл тұқымды балық өсіруді дамытуды субсидиялау қағидаларын әзірледі.
Экология министрлігі балық шаруашылығын субсидиялау ережелерін әзірледі
Сурет: gov.kz
НҰР-СҰЛТАН. 26 ҚАРАША - Қазақстан Республикасының Экология, геология және табиғи ресурстар министрлігі акваөсіру (балық өсіру шаруашылығы) өнімінің өнімділігі мен сапасын арттыруды, сондай-ақ асыл тұқымды балық өсіруді дамытуды субсидиялау қағидаларын әзірледі, деп хабарлайды KAZAKHSTAN TODAY Ашық НҚА сайтына сілтеме жасап.
 

Акваөсіру (балық өсіру шаруашылығы) өнімінің өнімділігі мен сапасын арттыруды, сондай-ақ асыл тұқымды балық өсіруді дамытуды субсидиялау қағидалары жергілікті бюджетте тиісті қаржы жылына көзделген қаражат есебінен және шегінде акваөсіру (балық өсіру шаруашылығы) өнімінің өнімділігі мен сапасын арттыруды, сондай-ақ асыл тұқымды балық өсіруді дамытуды субсидиялау қағидалары субсидиялау тәртібін, сондай-ақ "Акваөсіру (балық өсіру шаруашылығы) өнімінің өнімділігі мен сапасын арттыруды, сондай-ақ асыл тұқымды балық өсіруді дамытуды субсидиялау қағидалары" мемлекеттік қызметті көрсету тәртібін айқындайды", - делінген құжатта.

 
Субсидиялар тауар өндірушілерге (көрсетілетін қызметті алушыларға):
 
1) бекіре, албырт, тұқы, жайын, цихлид, лат, араван тұқымдас балықтар мен олардың будандарын, шаян тәрізділерді өсіру кезінде пайдаланылатын азықтарды сатып алу шығыстарының 30 (отыз) пайызын (%);
 
2) БӨМ-ды сатып алу шығыстарының 50%-ын;
 
3) БӨБН-ды сатып алу шығыстарының 50%-ын;
 
4) дәрілік препараттарды сатып алу шығыстарының 50%-ын;
 
5) ББТАБҮ-ні сатып алу және оларды күтіп-ұстау шығыстарының 50%-ын өтеу арқылы акваөсіру (балық өсіру шаруашылығы) өнімінің өзіндік құнын төмендетуге арналады.
 
Құжаттың толық мәтінімен мына жерде танысуға болады. Ереже жобасын жария талқылау 10 желтоқсанға дейін жалғасады.
 
 Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны