17.03.2023, 11:08 79196

Энергетикалық кеңес жетілген мұнай кен орындарын одан әрі игеру мәселелерін талқылады

ЖЖМ ішкі нарығын тұрақты қамтамасыз ету үшін жетілген кен орындарын қолдаудың маңыздылығы атап өтілді
Астана. 17 наурыз. KAZAKHSTAN TODAY - ҚР Премьер-Министрі Әлихан Смайыловтың төрағалығымен өткен Энергетикалық кеңестің отырысында бірқатар "жетілген" мұнай кен орындарын одан әрі игеру мәселелері талқыланды, деп хабарлайды ҚР Үкіметінің баспасөз қызметі.

ҚР Президенті Әкімшілігі, орталық мемлекеттік органдар, Ұлттық Банк, "Самұрық-Қазына" АҚ, "ҚазМұнайГаз" ұлттық компаниясы басшылығының қатысуымен инвестицияларды ұлғайту және игерудің соңғы кезеңдеріндегі кен орындарының тұрақты жұмысын қамтамасыз ету жөніндегі шаралар қаралды. Атап айтқанда, өндіріс көлемі, жұмыспен қамту және салық салу мәселелері қозғалды.

Премьер-Министр ЖЖМ ішкі нарығын тұрақты қамтамасыз ету, мемлекеттік бюджет пен Ұлттық қорды толықтыру, сондай-ақ жұмыс орындарын сақтау үшін осындай кен орындарын қолдаудың маңыздылығын атап өтті.

Сонымен қатар отырыста жер қойнауын пайдалану саласындағы бірқатар өзекті мәселелер қаралды.
 

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.


тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны