18.05.2024, 12:06 55351

Fitch Қазақстанның егеменді кредиттік рейтингін растады

Fitch Ratings халықаралық рейтинг агенттігі Қазақстан Республикасының тәуелсіз кредиттікрейтингін "BBB" деңгейінде екенін растады, болжам "Тұрақты", деп мәлім етті ҚР Экономика министрлігінің баспасөз қызметінен. Қазақстанның рейтингін қолдайтын іргеліфакторлардың қатарында елеулі сыртқы буферлер, шетел валютасындағы резервтер, тұрақтыфискалдық позиция, мемлекеттік борыштың төмендеңгейі, сондай-ақ сыртқы тәуекелдерге орташаұшырау атап өтіледі. Fitch Ratings сарапшылары валюталықрезервтердің одан әрі нығаюын, сондай-ақимпорттың қалыпты өсуі және мұнай өндіру мен экспорт көлемінің ұлғаюы аясында ағымдағы шоттапшылығының қысқаруын болжайды. Fitch пікірінше, бюджет шығыстарының өсуіншектейтін жаңа фискалдық ережелер және ҚР Ұлттық қорынан кепілдендірілген трансферттерсалық-бюджет саясатын нығайтуға тиіс. Сондай-ақ, Fitch қайталама санкциялар салудың және олардың ҚР экономикасына ықпалының салыстырмалы түрде төмен тәуекелдерін атап өтеді.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.


МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны