20.06.2022, 15:36 6791

Иран қазақстандық ауыл шаруашылығы өнімдерінің еркін транзитін қамтамасыз етеді

Қазақстан, сондай-ақ, Иранның ауылшаруашылық жүктерін қолдау бойынша міндеттемелерді өз мойнына алады.
ТЕГЕРАН. 20 МАУСЫМ - Қазақстан Республикасының Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрі Қайырбек Өскенбаев пен ҚР Ауыл шаруашылығы министрі Ербол Қарашөкеев ауыл шаруашылығы өнімдерінің саудасы мен транзитінде Қазақстан-Иран ынтымақтастығы туралы Меморандумға қол қойды, деп хабарлайды KAZAKHSTAN TODAY ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
 
Меморандумға сәйкес, Иран қазақстандық бидайдың және басқа да ауыл шаруашылығы тауарларының өз аумағы арқылы қосымша баждар мен алымдарсыз еркін транзитін қамтамасыз етеді. Тараптар СВОП операциялары бойынша Қазақстанда өндірілген бидайды Иранға әкелуді және екінші жағынан, осындай мөлшердегі бидайды Иранның шығу шекараларынан әкетуді көтермелейтін болады.
 

Қазақстан, сондай-ақ, Иранның ауылшаруашылық жүктерін қолдау бойынша міндеттемелерді өз мойнына алады", - деп хабарлады ИИДМ баспасөз қызметі.

 
Ауыл шаруашылығы өнімдерін жеткізуге байланысты мәселелерді шешу үшін бірлескен жұмыс тобын құру жоспарлануда.
 
ҚР ИИДМ мен Иран Ислам Республикасының Жол және қалалық даму министрлігі оңтайлы жылдамдық пен бағаны сақтай отырып, тауарлардың транзитін қамтамасыз ету үшін үшінші елдердің тиісті органдарымен байланыс орнату бойынша келісті.
 
Меморандум қол қойылған күні күшіне енді. 
 
 Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны